Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  255


Автор: Шөмішбай Сариев

Қыс

Аппақ тонын жамылған,
Ақсақалды қыс келді...
Аппақ қарға малынған,
Ақ боранды түс көрді.
Қара ағаштар қаз тұрып,
Тыр жалаңаш шешінді.
Мұнартқан бір саз тұнып,
Орағытып жел көсілді.
Мұнтаздай сұлу аппақ қар,
Салқан жүзді ару-ай.
Үлпіл қаққан мақпал қар,
Аяз сүйіп қарулы-ай!
Аппақ қардай ақ барма,
Ластаған жол бірақ
Аппақ қарлар жатты олда,
Жолаушы адам омбылап.
Далада жел ысқырған
Қыстың сүйіп ызғары.
Көлденеңдеп қыс тұрған,
Сақалданған мұздары.
Ызғарлы суық мазала
Тассын деп үйдің ырысы.
Қыс әдемі таза ауа,
Кеудемді керген тынысы.
Боранды дауыл бұрқасын,
Ризамын қысқа мен.
Көтермес мұздар бір басын,
Аппақ қар әсем басқа әлем.
Қырау қатқан кірпігі,
Аппақ қар шалған қысы да.
Бүрсеңдетер күлкілі,
Ақ шалған аппақ шашы да.
Аппақ қарға малынып,
Жып-жылы жатыптүс көрді.
Аппақ тыңын жамылып,
Ақсақалды қыс келді!..

24 наурыз 2014 жыл
Астана-Алматы сапар


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу