27.08.2023
  870


Автор: Тұсаукесер тойы

Кесілді бүгін тұсауың

Кесілді бүгін тұсауың,
Тәй-тәйлап алға баса ғой.
Ашық болып жолдарың,
Асулардан аса ғой.

Оңды болсын сапарың,
Мына өмірге жасаған.
Жете берші лайым,
Арманыңа аңсаған.

Өссін лайым өркенің,
Биік самға, тек алға.
Ғажап болсын өмірің,
Бақыт тосып сені алда...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу