Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2023
227
Арамызда – дария...
Арамызда – дария,
Өткізбеді,
Арман – алыс ауылың,
Жеткізбеді.
Көктем өтіп кетіпті көбелек боп,
Тырналардың көгімде көп тізбегі.
Сыйлар ма екен маған жыр, маған бақыт,
Аққу ұшып барады алаңдатып.
Сен жайында мұңайып ойға батам,
Көкпеңбек ніл аспанға қарап жатып.
Кезереді,
Шөлден бе, далада ерін,
Жүрегімнің кім, сірә, табады емін?!
Ақша бұлттың астында қаршыға жүр –
Айнымаған өзіңнен қара меңің.
Құшақ ашып, сыр шертті дала маған,
Сен ғанасың жанымды жаралаған.
Қайтқан құспен ілесіп кеткісі кеп,
Үй қазымын қанатын сабалаған...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇