Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.07.2023
114
Табашылдың табасын...
Табашылдың табасын,
Жалақордың жаласын,
Намыссыздың наласын,
Парақордың парасын,
Адамның ішкі аласын,
Жазылмас жанның жарасын,
Мешкейдің қанбас қанасын,
Маскүнем, нашақорлардың
Дертті, кемтар баласын,
Сатқан ата-бабасын,
Сатқан әке, анасын,
Сатқан тәнін, дінін де,
Сатқан бала-шағасын,
Пенделердің көр кеуде
Біліп тұрып бағасын,
«Құдайдың ісі ғой», – деп бұл
Құдайға неге жабасың?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇