08.06.2023
1298
Аман болшы Анашым
Әр күніңіз сәтті боп,
Аман болшы Анашым.
Аналардың күнімен,
Құттықтаймын Анашым!
Күлімдеңіз Анашым,
Жаздай жайнап жаныңыз.
Немерелер ойнақтап,
Жайнай түссін бағыңыз.
Арайлы таң нұр сыйлап,
Кіре түссін сәніңіз.
Көңіліңіз гүл жайнап,
Таусылмасын әніңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇