Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.06.2023
161
Жаным-ау, дұрыс па екен қой дегенің...
Жаным-ау, дұрыс па екен қой дегенің,
Тыңдайық былдыр-былдыр сөйлегенін.
Жете ме сәбиімнің бір сөзіне
Он рет қайта жазған ойлы өлеңім?!
Сөйлесін, сөйлей берсін бала тынбай,
Әр сөзі ұшқыр қиял қанатындай.
Бәрі де ақындардың сәбилердей,
Жаным-ау, сәбилердің бәрі ақындай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇