Өлеңдер ✍️

  06.06.2023
  171


Автор: Серікбай Оспанов

Алып ұшқан жүрегім...

Алып ұшқан жүрегім,


Жас дәурен-ай - ақ еден!


Неткен қысқа күн едің,


Неткен қысқа әуен ең?!


 


Жау оғы да көздеген,


Қауіп емес бұл әлем,


Жастық шақ-ай,


Не деген


Қысқа өзен ең,


Бұлақ ең?!


 


Жазда жанып от болған


Аз ғана айдай екенсің.


Жарқ ете қап жоқ болған


Найзағайдай екенсің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу