02.05.2023
218
Бүгін — Жеңіс күнімен
Құттықтаймын баршаны,
Бүгін — Жеңіс күнімен.
Жеңісті бізге сыйлаған,
Ардагерлер үнімен.
Енді соғыс болмасын,
Бейбітшілік орналып.
Жар болсыншы Құдайым,
Тыныш күндер жалғанып.
Қазақ елі аман боп,
Көңіліміз жайлансын.
Әрбір қазақ баласы,
Бақыттыға айналасын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇