Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  329


Автор: Қожа Ахмет Яссауи

ӘЗІРЕТ ӘЛІ ХАҚЫНДА

Төртінші дос – жар болған Алла шері Әли-дүр,
Миғражда бар болған Алла шері Әли-дүр.
Хақ әмірін жүргізді,
кәпірлерді кіргізді,
Ай дидарлы, нұр жүзді Алла шері Әли-дүр.
Көрген адам пір тұтар,
тек зікірді тіл тұтар,
Қолында бар – зұлпықар,
Алла шері Әли-дүр.
Мінсе дүлдүл – нұрлана,
жерге кірер зілзала,
Кәпірлерге мұң-нала Алла шері Әли-дүр.
Дұшпан ықты не күшті,
кәпірге ашты соғысты,
Оңға бұрған терісті Алла шері Әли-дүр.
Нығмет сенде, Бір мен Бар,
Төгем саған тілден зар,
Құл Қожа Ахмет білген жар –
Алла шері Әли-дүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу