Өлеңдер ✍️

  05.04.2023
  100


Автор: Серікбай Оспанов

Ахмет ата

Əнін шығарған Жарқынбек Деріпсалдин
Азаттықты аңсаған
Азап шекті қанша адам?
Ахмет ата күш берді
Сол халыққа шаршаған.
Қайырмасы:
Сен үшін,
Мен үшін,
Ел үшін,
Жер үшін
Ел туы қолында,
Азаттық жолында
Күрескен Ахмет.
Қараңғы не, жарық не,
Түсіндірді əріп не?
Арнап бізге сосын ол
Жазды тұңғыш «Əліппе».
Білім болды құштары,
Жастай қалам ұстады.
Ахмет Байтұрсынұлы–
Ұлттың ұлы ұстазы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу