03.04.2023
  389


Автор: Ғарышкерлер күні

Қазақстаннан кімдер ғарышқа ұшты

КСРО-ның соңғы және қазақ ұлтының алғашқы ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа экспедициялық сапармен барып, сол жақта 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Әубәкіров нөмірі бірінші ғарышкер ғана емес, ол алғаш рет басқа кеңістікте жүріп қазақтың ұлттық тағамын жеген адам. Сол жылы ғалымдар ірімшік, айран және қазақша етті ғарышта жүріп жеуге болатындай етіп әзірлеген.
Ол 1991 жылдың 2 қазанында ғарышқа старт кезіндегі экипаж командирі Александр Волков және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге "Союз ТМ-13" кемесімен ұшты. Бір апта бойы "Мир" орбиталық кешенінің бортында жұмыс істеді.
Қазақтан шыққан екінші ғарышкер – Талғат Мұсабаев. Мұсабаев ғарышқа үш мәрте ұшып, сол жақта 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд болып қайтты. Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енген: осы күнге дейін ол секілді ешкім ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт болып көрмеген.
Ғарышкер алғашқы сапарына 1994 жылы 1 шілде мен 4 қараша аралығында "Союз ТМ-19" және ЭО-16 кемесінің бортинженері ретінде ұшып, ғарышта 125 күн 22 сағат 53 минут және 36 секунд жүрді. Екінші сапары 1998 жылы 29 қаңтар мен 25 тамыз күндері орындалды. "Союз ТМ-27" мен ЭО-25 кемелерінің командирі ретінде ұшып, сол жақта 207 күн 12 сағат 51 минут 2 секунд болған.
Үшінші сапарын 2001 жылы 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында "Союз ТМ-32" және "Союз ТМ-31" экспедиция жүргізуге бағытталған кемелердің командирі ретінде орындады. Ғарышкердің бұл сапары 7 күн 22 сағат 4 минут 3 секундқа созылды. Ғарышқа ұшқан бірінші Қазақстан Республикасының азаматы – Айдын Айымбетов.

Айымбетов 2015 жылдың 2-12 қыркүйегі аралығында "Союз ТМА-18М" және халықаралық ғарыш станциясына бағыт алған "Союз ТМА-18М" кемесінің екінші бортинженері ретінде ұшты. Халықаралық ғарыш станциясына барған ЭП-18 экспедиция мүшесі. Жерге "Союз ТМА-16М" кемесінде оралды. Ұшу уақыты 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секундқа созылды.










Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу