29.03.2023
  134


Автор: Қадір түні

Қадір түні не істеу керек?

Әбу      Һурайрадан        (р.а.)      жеткен        риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнінде шынайы иманмен, сауабынан үміт етіп ғибадат қылса, оның бұрынғы күнә-қателіктері кешіріледі», – деген. (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).


Ал енді Қадір түнінде оқылатын дұғаларға келсек, Айша анамыз (р.а.) Алланың Елшісінен (с.а.с.): «Уа, Расулалла! Қадір түні екенін білсем не деймін? – деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «Уа, Алла! Сен Кешірімдісің және кешірім еткенді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!» деп айт»,– деген.


 


Оқылуы: «Аллаһумма иннака ъафуун тухиббул-ъафуа фаъфу ъанни»
Жалпы хадистерде Жаратқаннан ғафу-кешірім мен амандық-саулық тілеу керектігі жөнінде көп айтылған. Қадір түні зікір-дұғаларды көп айту қажет. Төменде әр-дайым оқылатын дұға-тілектердің кейбір үлгілері берілді.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу