13.02.2023
  304


Автор: Наурыз мейрамы

Құтты болсын, Қазағым!

Наурыз думан тамаша,
Құтты болсын, Қазағым!
Әр күн сайын келетін,
Таусылмасын ғажабың!

Көңілге нұр себетін,
Ортаймасын базарың!
Шаттық сыйлап Әз-Наурыз,
Кіре берсін ажарың!

Жаңа жылың, жаңа күн,
Құт-береке сыйласын.
Күн менен түн теңеліп,
Бап жақсысын жинасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу