08.02.2023
188
Аузы берік адамға өзен-көлге түсуге бола ма?
Ораза кезінде салқындау, жеңілдеу мақсатында өзен-көлге т.б жерлерге шомылуға немесе ғұсылдануға болады. Бұл оразаны бұзбайды[10]. Тек, ауыздан не мұрыннан ішке су кетіп қалмауын байқау керек. Әбу Дәуідтің сүнанында риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.у) аузы берік бола тұра ыстықтағандықтан немесе қатты шөлдегендіктен басына су құйғандығы айтылады[11]. Шомылу барысында құлағына кірген су да оразаны бұзбайды дейді ғалымдарымыз[12].
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇