Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  153


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Уақыт куә....

Уақыт куә, өсіп әлде өштім бе,
Ата жаумен келе алмаймын еш тілге.
Жұпынылау болсам да, сәл, аш құрсақ,
Бақыттымын, тәуелсізбін ешкімге.
Осы күнге жеттік тағдыр кешіп бір,
Көз алдымнан көшіп таулар, көшіп
қыр.
Қалай, қашан табамын деп қапысын,
Мың ажалдың көзі мені, тесіп тұр.
Кешіре алмай дұшпанымды басқа ұрған,
Жас емес - ау, көкірегімде тас тұрған.
Қой жылында, маңырадым қуанып,
Еркіндікті алған қойдай қасқырдан…
Тойынғандар…
кімді біліп, кімді ұққан,
Алданумен, атты тордан мүлгіп таң.
Қанша уақыт құрбан болып күресті
ел
Шығу үшін «Изаурадай» - құлдықтан.
Ата, ұлына аманатын жүктеген,
Дауыл соқса, иілмейтін мықты емен.
«Азабы мол. Қазақ» - қазақ болғалы
Осы күнді ғасыр бойы - күткен ем...
Жақтап, «құдай» ақтың ісін қолдайды,
Жазықсызды жылатқандар оңбайды.
Жаңа туған күнімді осы тәуелсіз бұл
Қорғау үшін бізге ұйықтауға болмайды...
Сүйіншілеп!
дала, қала, астана
Тебіренгеннен, жан біткендей тасқа
да.
Қойдай «момын» қоңыр тірлік
кещсем де,
Бақыттымын! тәуелсізбін –
Басқаға
20/XII- 1991ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу