29.11.2022
98
Қазақта ұзатылған қыз жыл толмай төркініне келмейді. Себебі отаудың оты лаулай түссін дегені. Бұл мезгіл бұзылса—ақ төсек суиды, көңілге жел кіреді деп ұйғарылады. Мұндай кезде туған бала безбүйрек, қатал болады деп сенеді. Сондықтан отауды жайнатып ұстап, отбасына самауырды қайнатып қойып, келген-кеткенді ашық-жарқын қабақпен қарсы алу арқылы жас келін келген жеріне әбден бауыр басып кетуі керек. Содан кейін ғана төркініне баруға болады. Төркіндей барғанда дауыс айтып, сағынышын да ақтаруға ерікті. Қуанышпен көрісу—жақсылық. Ата-анасы сағынып келген қызын жылы шыраймен, ақ пейілмен күтеді. Қайтар кезінде қалағанын береді. Қыз көңілі марқайса—ел көңілі өседі деп жориды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇