Өлеңдер ✍️
Армысыздар, ұстаздар
Ардагер ұстаздарым Шалабай
Қожамұратовқа,
Сәбила Нұғымановаға, Наурызбай
Ізтілеуовке,
Дүйсен Малаевқа, алғашқы
ұстазым марқұм Сақыш
Абдрахмановқа арнаймын
Ұстаздарым ардагер бармысыздар,
Деніңіз сау куатты армысыңдар.
Сіздер еккен білім тал тамырланды,
Сіздерге айтар теңіздей алғысым бар!
Сіздер берген білімнің арқасында,
Арман теңіз қалқимын ортасында.
Алғанымды ортаға салып жүрмін,
Тағы қандай тілектер артасыңдар.
Ұстаздарым аяулы асылдарым,
Сіз үйреткен өмірді, ғасыр мәнін.
Жақсылық пен жаманның айырмасын,
Зүлымдықтың болғанын жасырмадың.
Ұстаздарым аяулы ардақтарым,
Қай жақсымен тең келер салмақтарың.
Бейнеңізді жаттаған жанарына,
Шәкірттерің есейді жан-жақтағы.
Ұстаздарым ардагер-асылдарым,
Айналаңда қаулап түр жасыл бағың.
Егін орып, мал бағып ер атанды,
Оқымайтын сабақты «масылдарың».
Профессор, дәрігер, доктор болды,
Озат деген оқуда балаларың.
Басшы болды, көбісі ортаң қолды,
Ел билеп жүр келгенше шамалары.
Домбырамды қолға алып оңашада,
Ән шығарсам сіздерге жараса ма.
Заңғар биік ардагер ұстаздарым,
Сіздерменен ешбір жан таласа ма?
Мерекеңмен, ардагер ұстаздарым!
Бізбен өтті сан қилы қыс-жаздарың.
Сізге арнап шәкірттер өлең жазса,
Сіз ұстатқан қаламның ұшталғаны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇