Өлеңдер ✍️

  28.10.2022
  334


Автор: Бақытқан Бұқатқанұлы

Мен бастадым бір жолды

Мен бастадым бір жолды жан баспаған,


Жан баспаған жан жолдан жалғас табам.


Еркімменен шыққан өр жанға жайлы,


Қай қашанда қал кетпей таймас табан.


 


Барар жерім жарқырап тұр алдымда,


Ұшса қонар жері бар қыранның да.


Сыңармын ба, жоқ, биік шынармын ба,


Шынарыңдай бой созбай тынармын ба.


 


Қанат берші қалайда ұшар ұлға,


Жолықтырмай қайдағы құса, мұңға.


Алыстарға кетермін құйындатып,


Керегі жоқ мезгілдік тұсаудың да.


 


Мін тақпашы, мінім жоқ сен білетін,


Бар ісімді ақылға жеңдірем шын.


Жан отымның басылмас қызыл өрті,


Бойды керіп болаттай берді Бекім.


 


Таңырқатып тербейтін жер мен көкті,


Үлесімді демеспін өгде етті.


Ұлы таудан ұларлар мен деп ұшты,


Талғарына тезірек кел деп өтті.


 


Солай, солай келемін безілдеумен,


Рахат табар шағым бар, көз ілмеуден.


Қасірет барма адамның түп мақсаты–


Орындалмай қаларын сезінбеуден.


* * *




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу