Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.10.2022
326
Өмірден түңілме
Шабытыммен қасылар қотырым бар,
Теңізді тасытатын толқыным бар.
Денсаулықтың қадірін білмейтіндер,
Бір күн менің арбама отырыңдар.
Көгереді, көктейді арша, қайың,
Білгенімді баршаңа жар салайын.
Алланың бұйрығына қарамастан,
Кетіп жатыр қыршындар қаршадайым.
Өзегімді жарса да қатал өмір,
Өзгелерге үлгі боп шаршамайын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇