Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.10.2022
348
Ойлан, қазақ!
Барлаймын жатып жан-жақты,
Сөз қозғайын салмақты.
Қатыгез, жауыз Берия,
Даналарды жалмапты.
Адамнан айла артылмас,
Дұшпанға жауын жалдапты.
Қулығына жүгініп,
Сталинді алдапты.
Барымыздан айрылып,
Тістедік талай бармақты.
«Оян, қазақ!» дегеннің
Көбі аман қалмапты.
Бәйтеректі шапқанмен,
Тамырға балта бармапты.
Ұлты үшін жан қиды
Арыстарым ардақты.
Адал жарын боздатып,
Абақтыға қамапты.
Ұмытпаймыз ешқашан,
АЛЖИР менен КАРЛАГ-ты.
Қазақ ханы Абылай
Жақтырмаған жалбақты.
Тура айтамын қорықпай,
Басқа амалым қалмапты.
Қытайды құртып ертерек,
Қуғандай қара қалмақты.
Ей, қазағым, мықтымын деп сандалма,
Қу түлкіге құмай тазы алданба!
Ақиқат аз мен білетін жалғанда,
Жақсы жанды жаман жеңсе таңданба.
Аллам барда ақиқатым анық қой,
Қол жеткізер адал қуған арманға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇