Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
209
ТҰМАНДЫ ТҮНДЕГІ ЖАҢҒЫРЫҚ
Ақырын сырғыған, перделер біртіндеп жабылды,
Кандилли, Гөксу, Канлыжа, Истиние, бейнелер танылды...
Көк шалғынды қақ жарып Фирузе, қайда ағасың?
Көрінбейді ештеңе, оларды қайдан табасың?
Швейцариядағы көлдердей сонау бір ерте күздегі,
Басқаға қалай теңермін, көңілім нені іздеді?
Тұтас бір дəуір болмысын түйреген ащы тілімен,
Ар-ождан, рух, барша əлем, сен бүгін қандай күйдесің?
Елестер кезген, басқадан мүлдем хабарсыз,
Атсыншы қарғыс! Жабыңдар! Ұйықта алаңсыз!
Білемін сені, түсінші, жанымда маған мұңайып,
Қаптаған қалың тұманда аруақ тұр анық.
Сілкіп таста ақ тұманды, ерегеспе қарысып,,
Жылдар, айлар апта менен алмасады жарысып.
Менде қалсын қыс-жаз, ащы небір ауыр мұңдарың,
Мен тағдырдан ешқашан да қорқып, үркіп, қыңбадым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter