Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  164


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҰЛЫММЕН ҚОШТАСУ

Амалым жоқ, жан балам? Қайда болсаң бірге едім,
Өзіңменен бөлістім сезімім мен жан азабы күрмеуін.
Еркелетіп кеудемде сен ойнадың. Бірге ішіп, бір жедім,
Бара ғой, жаным, бара ғой! Алла болсын серігің!
Маған, қалқам, көктем бақта раушан гүлдей жайнадың,
Сен бір сирек асыл ақық. Балдан тəттті ең, қаймағым!
Санам менің, ақыл-ойым, бар тынысым бойдағым,
Бара ғой, жаным, бара ғой! Алла болсын серігің!
Жаным менің, сенен бөлек қалай енді күн кешем?
Құдай жар боп қолдасын деп дұға етемін, тілдесем.
Пайғамбардың шапағаты төгілсін тек шын көсем!
Бара ғой, балам, бара ғой! Алла болсын серігің!
Басым менің сеніменен жоғалды. Қайтем енді сен жоқта?
Қанға малған жүрегіме енді ешбір ем жоқ па?
Сенен бөлек күн кешетін күш таппаспын сен жоқта.
Бара ғой, балам, бара ғой! Алла болсын серігің!
Əкеңмін мен, Хуршит жаным, бөлек жолға айналдық,
Өксігі бір, зары да бір, безектеп бір қайғы алдық.
Мұңға батып, көйлегімді зарлап жырттым кеудеден,
Жаным жара, қанға бөкті, сағынышыңа байландық.
Бара ғой, балам, бара ғой! Алла болсын серігің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу