Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  2180


Автор: Ертай Ашықбаев

СЫНЫПТАСЫМНЫҢ ИНТЕРНЕТ ТУРАЛЫ ТҮЙІНДЕМЕСІ

Интернетке кіремін,
О, аралап жүремін.
Мейлі,
белім ауырсын,
Солсын,
мейлі,
реңім.
Мұндай қызық сәттерде
Жан серігім —
тақ перне.
Ұстамаймын КІТАПТЫ,
Керек емес ДӘПТЕР де.
Көрмедің-ау,
қап,
құрбым,
О, не деген тапқырмын
Жоламадым ҚАЛАМҒА,
ҚАРЫНДАШТЫ лақтырдым.
Әйнек-бетті ақтарам,
Әр қиырға аттанам.
Шығармаймын ЕСЕПТІ,
ЕРЕЖЕНІ жаттаман.
Тайваньға да барамын,
Сайгонға да барамын.
Данияға барамын,
Әр ұяға барамын.
Конгоға да барамын,
Тонгаға да барамын.
Чехияға барамын,
Шет ұяға барамын.
Екпінім бар сұрапыл,
Айтар маған кім ақыл?!
Мазалама, ХИМИЯ,
ҚАЗАҚ ТІЛІ, тұра тұр!
Сабақты да қоямын,
Тамақты да қоямын.
СӨЗ-СУСЫНДЫ ішемін,
СУРЕТ-НАНҒА тоямын.
Интернетте жүремін,
Қызық өмір сүремін.
Көзім,
мейлі,
шаршасын,
Мейлі,
ауырсын жүрегім.
Тыңдамаймын анамды,
Тыңдамаймын ағамды.
ТӘРТІБІМДЕ ісім жоқ,
Түзетпеймін БАҒАМДЫ.
Барлығыңды таң қылып,
Жүре берем қаңғырып.
...Уақытым жоқ,
Қоштасып
Қоюға да мәңгілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Камалатдин Жұмабай ұлы
Құрметті Отангдастар мынау не деген сұмдық. Қандай ақын мынау мен ақын деп айтуға аузым бармайды. Мұны талқыға салып мұндай өлеңдерді алып тастау керек. Ғылыми цензура алдында бұл кісі жауап керу керек
Бекасыл
Бекасыл 12.09.2024 11:27
Мынау не сұмдық осыны шығарған ақын дейма 3 сынып әдебиет кітабында тұр тезірек алып тастау керек
Асеке
Асеке 01.03.2024 19:36
Эй шал, пенсиянды алып тыныш отырш, картайганда оттаган заттадры шыгармай
Жанғали
Жанғали 04.02.2024 16:02
Мына өлең сізді төмендетіп жіберді,құлдырап кеттіңіз
Айгерім
Айгерім 18.11.2023 01:52
Мына олениниз сумдык енди, окып карасам!!!!! 3 сыныптын адебиеттик оку китабына да шыгарылып койыпты маскара,... Автор осип келе жаткан урпакка кандай онеге берип жатсыз? Козин курту керек мына оленди кытаптан, билим минестрлиги калай кабылдап китапка шыгаруга руксат етти екен аа???

Пікір жазу