Нұржан Жолдыбалинов

Нұржан Жолдыбалинов – IT маман, кітапханашы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог
Нұржан Нұрланұлы – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі.

Сонау ертедегі 1995 жылы №63 Шар мектебіне 8 разрядты «Корвет» дербес компьютерін әкелген еді, осы компьютерде жұмыс істеуге алғаш отырғандардың бірі және сабақ арасында ұрлана кіріп мұнда шұғылдануға келетіндердің бірі тоғыз жасар Нұржан Жолдыбалинов болатын. Балалық қызығушылық оның мамандығын ақпараттық технологиямен байланысты айқындап бергендей. Бұл оқиғаның әсерін толықтай бағалау үшін Нұрлан Нұржанұлы қазіргі таңда Қазақстандық кітапхана алаңындағы түрлендірілген ақпараттық «брендті» - Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі, сондай-ақ ҚР ҰАК ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары болып табылады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Арман Жүдебаев

Арман Жүдебаев - дирижер


Бүгінгі таңда бүкіл әлемге ұлттық музыкалық өнердің тірегі болып танылатын Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халықлық аспаптар оркестрінің 83 жылдық тарихы бар. Оркестрдің репертуарлық қоры 4000-нан астам туындыдан тұрады. Қазіргі уақытта атақты оркестр құрамында 83 талантты музыканттар бар. Университетте оқыған кезде, болашақ дирижер консерваторияның студенттік оркестрін басқарды, сондықтан елдің басты оркестрін басқару Арман Жүдебаевқа оңай келді. Құрманғазы оркестрі - Қазақстандағы аспаптық музыкалық өнер саласындағы алғашқы бірегей ұжым.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Альмира Жилқашинова

Альмира Жилқашинова - физик, өнертапқыш

Жас физик 40 градус аязда энергияны өндіретін жел генераторын ойлап тапты. Инновациялық дамудың арқасында Альмира Жилқашинова «Шапағат-2015» республикалық өнертапқыштар байқауын жеңіп алды.

Альмира ұжымдық пайдаланудың ұлттық ғылыми зертханасының Энергияны үнемдеу және альтернативті энергетика зертханасының меңгерушісі болып табылатын жел генераторы қазақстандық инновациялар тізіліміне енгізілген.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұржан Әлтаев Бауыржанұлы

Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары
Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы –«Оқитын ұлт» қоғамдық қозғалысын негіздеген. «Оқитын ұлт» өз жұмысын 2016 жылы қазанда бастаған болатын.

Әлтаевтың сөзінше, «ұзақ уақыт кәсіпкерлікті дамыту саласында жұмыс жасаған кезде ол бизне үшін сыртқы жағдай маңызды ғана емес, оған қатысатын адамдардың бастамаларға деген дайындығы, оқуға деген қабілеті, жаңаны қабылдай білуі де қажет деген ойлармен бетпе-бет келген. Сондықтан да бізге өз азаматтарымыздың жалпы деңгейін көтеру өте қажет. Оқу – ұлт жетістігінің кепілі».
Оқуды танымал етіп ілгері жылжытудағы проблеманың бірі – кітапханалардың жағдайы. Бұл – қорлардың толықтырылмауы, балалармен жұмыстың жеткіліксіздігі еді. Аудандық кітапханалардың проблемаларын шешу бұл жерде аса маңызды. Қазір кітапханалар көбінесе тек қалаларда ғана бар. Олардан өзге жерлерде әлде жоқ, әлде кітапхана қоры өте жұтаң, әрі ескірген болуы керек.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Наталья Дементьева

Наталья Дементьева – Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицейінің директоры
Ол «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі. 2009 жылы Астана қаласында өткізілген партияның кезектен тыс съезінде еліміздің жастары мен мұғалімдерінің атынан Елбасының алдында сөз сөйлеу құрметіне ие болды.

2009 жылдан бастап 2016 жыл аралығында лицейдегі мұғалімдік жұмысын «Қазақстан-Көкшетау» Ақмола телерадиокорпорациясының тележүргізушісі қызметімен қатар алып жүрді. «Біз үйрендік!» (тақырыбы – өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау), «Мың бір сөз» (қазақ тілінің теледидарлық сабағы), «Живой родник» (Қазақстанның танымал тұлғалары туралы), «Бір шағырақ астында» (Ақмола облысының Ассамблеясымен бірлескен жоба) атты өзінің авторлық жобалары бар, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап эфирге «Танымал» жобасы шықты. Мақсаты – еңбек адамының образын ашу. 2013 жылдың наурыз айынан бастап эфирге «Ақ дастархан» бағдарламасы шықты. Мұғалімнің «Живой родник» атты авторлық жобасы облыс мұғалімдерінің тарих, өзін-өзі тану, әдебиет сабақтарында белсенді қолданылады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мұрат Қабылбаев

Қабылбаев Мұрат - «Покажи мне небо» кітабының авторы, 11 баланың әкесі.

Мұрат Қабылбаев –он бір баланың әкесі, оның ішінде он баланы асырап алған. Мұрат бала асырап алушылар арасында және қоғамдық қозғалыстарды ұйымдастырушалыра арасында Ақмола облысына танымал адам, «Ребенок должен жить в семье» қоғамдық қозалысының белсенді мүшесі, сонымен қатар Мұрат Қабылбаев Аружан Саинның «ДОМ» қоғамдық қорында жұмыс істейді, «Казахстан без сирот» жобасында usynovite.kz сайтының редакторы болып табылады.

Бұдан бөлек, Мұрат бала асырап алу, қамқорлыққа алу және патронаттық тәрбиелеу проблемалары бойынша контент құрумен айналысады. Panda.kz, Yision.kz порталдарында және баспа басылымдарында, әлейметтік желілерде басылымдарын жариялап отырады, Қазақстандағы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу тақырыбына жазылған көптеген мақалалардың авторы. Мұрат қоғамдық тыңдауларға, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын бекіту, отбасы және балаларға арналған әлеуметтік қызметтерді дамыту форумдарына белсенді қатысады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Медет Чотабаев

Чотабаев Медет 1981 жылы 30 қазанда туды. 2008 жылдан – Абай атындағы МАОжБТ опера солисті, Алматы қ., 2013 жылдан бастап «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера жетекші солисті болып табылады, театр репертуарының опералық спектаклдерінде жетекші партияларды орындайды.

Театрда қызмет атқару барысында театр өнерінің көрермендері мен табынушылары арасында танымдылыққа ие болған көптеген қойылымдарға қатысты. Қазақстан жас орындаушыларының IV Республикалық байқауының 2 сыйлық лауреаты (2003), Ұлы Абайдың 160-жылдығына орай аймақтық байқаудың Гран-при иегері (2005), «Шабыт» IX Халықаралық фестивалінің Гран-при иегері (2006), Бибігүл Төлегенова атындағы Халықаралық вокалшылар байқауының 1 сыйлық лауреаты (2007), Беньямино Джильи атындағы Халықаралық байқаудың дипломанты (Порто-Реканати қ., Италия, 2008), Глинка атындағы XXIII Халықаралық байқаудың 1 сыйлығы мен үздік тенор арнайы сыйлығының иегері (Мәскеу, 2009), «XXІ ғасыр өнері» Халықаралық байқауының Гран-при иегері (Финляндия, 2009), «Опералия-2011» байқауының қатысушысы....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Марат Саршаев

Марат Аманғалиұлы - «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургі, 1985 жылы туған.

Қазіргі таңда инсульт әлемдегі көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерінше инсульт салдарынан жыл сайын 6,2 млн адам қайтыс болады. 2015 жылы Қазақстанда 41 мың адам инсульт алып, оның 24%-ы көз жұмған. «Денсаулық 2016-2020 жж.» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инсульттің алдын алу және оның көрсеткіштерін төмендету мақсатында, біздің бөлімшеде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетіледі. 2016 жылы біздің бөлімшеде бас миы және жұлынға жасалған оталар адам шығынысыз сәтті өткізілді. Біз инсультқа қарсы күрес жүргізіп жүрген алдыңғы қатарлы емханалардың бірі болып табыламыз.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Максим Чернуцкий

Чернуцкий Максим – патриот, қоғам қайраткері, меценат, кәсіпкер. 2011 жылдан бастап көмір өнеркәсібінде жұмыс жасап келеді.

«Менің негізгі жетістігім – өз қаражатыма сал ауруына шалдыққан жас жігітке мүгедек арбасын алып беруім деп білемін. Бұл 2016 жылы еді. Оның қуанышты жүзі есімде мәңгі сақталады» – дейді ол.

Максим түрлі республикалық форумдар мен конференциялардың қатысушысы, көптеген грамоталар мен алғыс хаттардың иегері. 2014 жылдың желтоқсанында ол «Халық Таспасы – Народная Лента» ұлттық-патриоттық жобасын жүзеге асырды. Өз қаражатына Қазақстан Республикасының азаматтарына 25 мыңнан астам халық лентасын сыйлады. 2017 жылдың мамыр айында ZhasProject көптілді білім беру жобасы аясында жүзеге асқан «TILKHAN ATA» жобасының авторы атанды. Оның басты міндеті – Қазақстан Республикасындағы «Тілдердің үшбірлігі» идеясын дамыту және дәріптеу болып табылады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мағжан Талапұлы

Мағжан Талапұлы - велосипедпен Қазақстанның туын көтеріп, 22 елді аралаған алғашқы Қазақстандық азамат.

Мағжан алғашқы ғылыми экспедицияны Антрактидада басқарған. Ол Алматы Қаласында дүниеге келіп, Ш.Уәлиханов атындағы қазақ мектебіне барып, 7-11 сыныптарды ерекше дарынды балаларға арналған мектепте оқыды. Аты аңызға айналған саяхатшы революционер Әліби Тонжанұлы Жангелдиннің ұрпағы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ләззат Айтқожина

Дәрігерлік Алланың тарапынан берілген үлкен сый. Дәрігер болуды армандайтындар өте көп. Алайда, екінің бірі дәрігер бола алмасы анық.

Мамандықты меңгеру аздық етеді. Дәрігер болатын жанға ең әуелі үлкен жүрек керек, адамгершілік керек. Одан кейінгі биік ұстайтын ту – мамандығыңа деген адалдық, жаупкершілік. Дәрігер – тәулігіне 24 сағат дәрігер. Бүгін біз бір перзентке зар болып жүрген көптеген қазақстандық отбасыларға есімі жақсы таныс, жүзінен мейірім төгілген, алтын жүректі дәрігер, Алматы қаласындағы Репродуктивті медицина институтының гинеколог-репродуктологы Айтқожина Ләззат Кенжебайқызы туралы әңгімелегіміз келеді.

Ләззат Кенжейбайқызы Шығыс Қазақстан өңірінде 1980 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Семейдің медициналық университетіне (бұрын академия болған) 1997 жылы түсіп, 2004 жылы тәмамдаған. Мамандығы – емдеу ісі. 2004 жылы интернатураны аяқтады. Ләззат Кенжебайқызы тәжірибе жинау мақсатында Абай аудандық ауруханасына аттанып, алғашқы еңбек жолын кішігірім ортада бастауды жөн санады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Құралбай Орынбасар

Құралбай Орынбасар – самбодан Азия және Еуропа чемпионы
Ол Азияны үш рет бағындырған, Еуропа кубогының қола жүлдегері атанған, қазақ күресінен Еуропа және Азия чемпионы атанған, дзюдо спортынан Рио-де-Жанейродағы паралимпиадаға қатысып қайтқан ардагер балуан. Самбодан «халықаралық дәрежедегі спорт шебері», сондай-ақ дзюдо және қазақ күресінен ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

1976 жылы 1-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

Отырар ауданының «құрметті азаматының» бапкерлігімен талай сындарда топ жарып жүрген спортшылар жектілікті. Олар: Әбілдаұлы Сабыржан самбо, қазақ күресі және дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Самбодан 2009 жылы өткен Азия чемпионатының және осы жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қуат Есенов

Қуат Есенов – халықаралық олимпиадалардағы алты алтынның иегері

Қуат Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің түлегі. Бірнеше жыл бұрын әлемді таңдай қақтырып, рекордтар кітабына енген. Қазақтың «алтын баласы» казір Америка тұрады. Білімді жігіт небір күрделі математикалық теңдеулердің шешімін оңай тауып, АҚШ оқымыстыларын аузына қаратқан. Қуат Есенов оқушы кезінде екі рет математика пәнінен дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль алған. 2004 жылы АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университетіне қабылданып, оқуын PhD академиялық дәрежесімен тәмамдаған. Есенов қазір сол университетте ғылыми қызмет атқарады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қуаныш Сүлейменов

Сүлейменов Қуаныш Серікқазыұлы - «Шалабай» ЖШС бас директоры.

Қиын өтпелі жылдары жергілікті мектептің директоры Қуаныш Сүлейменов және ауылдық округінің әкімі Светлана Давлетова «Шалабай» сөзін бүкіл Қазақстанға таныстырғысы келді. Олар ауылдағы өмірді жақсарту жолында елеулі еңбек етті.
Олар көпжылдар бойы асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысып, республикаға қазақтың ақбас тұқымын беріп келеді.

ЖШС құру жолында олар тіпті мемлекеттік жұмыстан шығып кетті. Осылайша кешегі мұғалім Сүлейменов мал шаруашылығының теориясы мен тәжірибесіне көп көңіл бөлетін болды. «Шалабай» ЖШС-нің қазіргі бас директоры Қуаныш Сүлейменов бұл күрделі бизнесті қазақстандық және әлемдік үздік тәжірибе негізінде жүргізудің заманауи моделін құрды. Светлана Давлетова көпжылдық еңбек өтілі бар экономист және осы серіктестіктің бір бөлігін жүйелі басқарып келеді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қуаныш Жұмабек

Қуаныш Жұмабек - ғалым, аудармашы, полиглот, докторант.

Жұмабеков Қуаныш Жұмабекұлы 1988 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген. 2000-2005 жылдар аралығында Е.Рахмадиев атындағы 5 жылдық Үржар балалар музыка мектебін «домбыра-тенор» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы ШҚО Үржар ауданы, Үржар ауылында М. Горький атындағы орта мектепті тәмамдаған. 2006 жылы ШҚО бойынша өткен облыстық «М.О.Әуезов және әлемдік мәдениет» шығармашылық сайысында 100 үміткер ішінен М.Әуезовтың 20 томын жатқа айтқаны үшін Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетінің грантын жеңіп алған.

Аталмыш жылы ҰБТ арқылы да мемлекеттік оқу грантын жеңіп алып Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. Білімін толықтыру мақсатында 2010-2011жылдар аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы UCTİ университетінде ағылшын тілін оқыған. Осылайша, 2010-2012 жылдар аралығында Қайнар университетін «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012-2014 жылдар аралығында Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қайрат Үмбетов Жарылқасынұлы

Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы – полковник, ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» аймақтық қолбасшылығының 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.

2016 жылдың 7-ші сәуірінде Қарағанды облысының Қарабас кентіндегі оқу-жаттығу орталығында жедел қызметтің жеке құрамымен бірге граната лақтыру барысында 6505 әскери бөлімінің бастығы Қайрат Үмбетов өз өмірін қатерге тіге отырып, жас жауынгерді өз денесімен қалқалап жапты және оны өлімнен құтқарды.

Жарылыс салдарынан офицер жарқыншақ тиіп жарақатты, қатардағы жауынгер А.Сұлтанқұлов бірнеше болмашы жарақат алды. Полковниктің өзі болса, бұл әрекетін ерлікке бағаламайды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қайрат Молдасеитов Құсейінұлы

Молдасеитов Қайрат Құсейінұлы 1967 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты, Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «орман шаруашылығы инженерін», ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде «заңгер» мамандықтарын бітірген. Бүгінгі күнде «Отау Групп» компаниясын басқаруда.

Қайрат Құсейінұлының жалпы еңбек өтілі – 24 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жылдан астам.
Еңбек жолын 1992 жылы «Күнгей» ЖШС-тың директор қызметінен бастады. Одан кейін 1995-2000 жылдар аралығында Ақтөбе қаласының «Трансмарс» ЖШС-та және 2002-2004 жылдары Шымкент қаласының «КИТ Со» ЖШС-та директордың орынбасары болса, ал
2004-2009 жылдар аралығында «КИТ Со» ЖШС мен «Отау құрылыс» ЖШС-та басшылық етті.

2007-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан обласының Мәслихат депутаты. Содан 2009-2012 жылдары Түркістан қаласының әкімі және 2012-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Ал қазіргі таңда «Отау Групп» компаниясының Президенті және Оңтүстік Қазақстан обласының Мәслихат депутаты қызметін атқаруда. Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласындағы Мажарстанның құрметті консулы лауазымына тағайындалды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қайрат Майтеков Амангелдіұлы

Майтеков Қайрат Амангелдіұлы - кәсіпкер

Қайрат Майтеков «Туған жерге тағзым» акциясы аясында туған жеріндегі әлеуметтік нысандарды жөндеп, матриалдық базасын нығайта түсуге көмектесіп жатқан түлектердің бірі, ірі көлемде қаржылай қолдау көрсетіп, мектептің жоғын түгендеп берген кәсіпкер. Одан өзге сыныптасы Әлімбек Сейдуллаевпен білесіп өздері білім алған Ақтөбе қаласындағы №3 мектепте әлемдегі ең тиімді бағдарламалардың бірі — «Britannica» технологиясы бойынша 33 тілді оқытатын тіл зертханасын ашып берген.

Қайрат Майтеков 1974 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1991 Қазақ Мемлекеттік аграротехникалық университетіне "экономист-менеджер" мамандығы бойынша оқуға түсіп, сәтті аяқтап шығады. Еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе қаласында «Казпроммаркет» ЖШС бастап, іскерлігі мен еңбекқорлығының арқасында қызметтік жолында үлкен жетістіктерге жетеді. Қазір «МАКСИМУС» ЖШС директоры.
Үлкен қызметте жүрсе де ешқашан туған ауылын ұмытпаған азаматтардың бірі осы Қайрат Амангелдіұлы. Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектептің 1991 жылғы түлегі жақында 150 миллион теңгеге өз мектебіне күрделі жөндеу жүргізіп берді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қайрат Майышев

Қайрат Майышев – «Жас Қанат 2006» құс фабрикасының директоры
Қайрат Майышев 1998 -2001 жылдар аралығында «Дәулет M» ЖШС директоры қызметін атқарды. 2001- 2006 жылдар аралығында – «Алтын Дән Күз» ЖШС директоры болды. 2006 жылдан бүгінге дейін - «Жас Қанат 2006» ЖШС директоры.

2006 жылы «Жас Қанат 2006» кәсіпорнын сатып алып, Рудный қаласында құс фабрикасын құру туралы шешім қабылдады.

2007 -2016 жылдар аралығында «Жас-Қанат 2006» ЖШС құс фабрикасы жаңарудың үш кезеңін өткерді. 2007 жылдан 2016 жылға дейін кәсіпорынның өнімділігі 2857%-ға артты. Ал құстар саны – 2857 %-ға артты. Осы уақыт аралығында кәсіпорын жаңа жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталды, жаңа ғимараттар, қоймалар, дүкендер салынды, бұл сапалы, экологиялық таза өнім - тауық жұмыртқасын өндіруге және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Исламбек Төлеубайұлы

Исламбек Төлеубайұлы – «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті.
Ол сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкер, меценат және қоғам қайраткері. «Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры және «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының Президенті.

Исламбек Салжанов Қобда ауылынан 150 орындық балабақша құрылысын салу үшін 250,0 млн. теңге қаржы бөлді. Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Президиум мүшесі, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы. «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті. Қордың басты мақсаты – отандық мәдениеттің, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосу, қоғамда мемлекеттік тілді, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, дарынды балаларды қолдау, ардагерлер мен мүгедектерге, жетім балаларға қол үшін беру.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Исамдун Харамов

Исамдун Харамов – жоғары санатты балалар ортопеді-травматолог

Көптеген қазақстандық бүлдіршіндер үшін Исамдун Харамов қайта жарық сыйлаған, толықққанды өмір сүруге мүмкіндік сыйлаған құтқарушы, нағыз батыр. Жыл сайын білікті дәрігердің «алтын қолдары» кішкентай балалардың физиологиялық деформациясын түзетеді. Қарапайым тілмен айтқанда туа бітті омыртқасы қисайған не болмаса түрлі себептермен омыртқасын замдаған балалардың арқасына операциялар жасайды. 2016 жылы дәрігер медицинаға сіңірген өлшеусіз еңбегі үшін «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Зульфия Габидуллина Раухатовна

Зульфия Раухатовна Габидуллина – қазақстандық спортшы, жүзу бойынша халқаралық класстағы Қазақстан Республикасының спорт шебері

1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1971 жылы жол апатына ұшырап, омыртқабас, қол және аяқ жарақатын алған.
2013-2015 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс және 3 мәрте қола жүлдегері, Бүкіләлемдік ойындардың бернеше мәрте жеңімпазы, әлемнің 12-мәрте рекордсмені.

Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиялық жазғы ойындарда 100 метр қашықтыққа еркін стильмен жүзуден Қазақстанға алғашқы алтын медалді әкелді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Зарина Саутбаева

Зарина Саутбаева — биомедик - ғалым, Назарбаев Университетінің оқытушысы, биология магистрі, Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес ұйымы (UICC) грантының иегері. Ол Манчестер Университетінің (University of Manchester) түлегі болып табылады, Швейцарияның Базель қаласында және АҚШ-тың Бостон қаласындағы Гарвард медицина мектебінде, тағылымдамадан өтті.
Жас ғалым биомедицина ғылымын жан-жақты оқып-үйренуге бар күш-жігерін салып, рак жасушыларының дамуын, қатерлі ісіктің диагностикасын, сонымен қатар оған қарсы күрес тәсілдерін зерттеді. Алған білімі және жинақтаған тәжірибесімен бөлісу мақсатында, Зарина Саутбаева Дипломатия Мектебінің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында ол өз білімін ортаға салып, ғылыми эксперимент: ақуыздарды ыдырату, жасуша ядросын ашу және өз ДНҚ шығаруды көрсетті. Заринаның әңгімесін қызыға тыңдаған жас буын, өздерінің сұрақтарын қойып, барынша мол ақпарат алуға тырысты. Бұл кездесу оқушыларға түрлі ой салып, жаңа мақсаттардың қойылуына өз үлесін тигізгені сөзсіз. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жанар Байсейітова

Жанар Байсейітова – педагогика ғылымының кандидаты, профессор.

Жанардың барлық зерттеулері шаһардағы мектептің оқу және оқу-методикалық ісіне сондай-ақ Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасы мен тәрбие саласына енгізілген. Әсірсе жоғары оқу орындарындағы болашақ педагогика мамандарын оқытуға пайдаланылады.

Жанар Қазақстан Республикасының талантты ғалымдарына берілетін мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әсемгүл Уразаева

Әсемгүл Уразаева – USC Travel компаниясының негізін қалаушы
Әсемгүл Әлікқызы 22 жасында Атырау қаласындағы «USC» ЖШС негізін қалап, құрылтайшысы болды. Ол Атырау қаласының қоғамдық өміріне белсене араласады, қайырымдылықпен айналысады және қаланың әлеуметтік жобаларын жүзеге асырушы ретінде танымал.

Оның компаниясы мұнай компанияларына құрал-жабдықтар, арнайы жұмыс киімдерін жеткізу жұмыстарымен, инертті материалдарды тасымалдауға арналған көліктермен жабдықтау жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар бизнесінің тағы бір бағытын туристік корпоративтік қызмет көрсетумен, компанияларға арналған саяхатты рәсімдеу (көрмелер мен семинарлар), БАӘ-да Халықаралық Балалар шығармашылық фестивалін өткізуге арналған жобаны рәсімдеу, БАӘ, Канада және Ұлыбритания оқытушыларының қатысуымен жаздық балалар лагерін ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын, сонымен бірге шетел азаматтарын қолдау жұмыстарымен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздарын рәсімдеу, шетел азаматтарын тіркеу жұмыстарымен айналысатын USC TRAVEL туристік компаниясы жұмыс істеп жатыр.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әсел Далиева

Әсел Далиева – тоғызқұмалақшы

Ұлт мәдениетінің қалыптасып, жетілу барысындағы зияткерлік ойындардың орны айрықша. Олар - ғасырлар бойы үздіктерді анықтайтын спорттық бәсеке, жарыс түрі ғана емес, өскелең ұрпақ тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде маңызды феномен. Тарихы сан мың жылдық тоғызқұмалақ ойыны – қазақ ұлтының әлемдік өркениетке қосқан жарқын үлесінің бірі. Қазақтың ұлттық зияткерлік спортының қазіргі жарық жұлдызы – тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы 27 жасар Әсел Далиева.

Ол – тоғызқұмалақтан Қазақстан еңбек сіңірген спорт шебері атанған жалғыз әрі ұлттық спорт түрлері арасында осы атақты иеленген тұңғыш спортшы. Тоғызқұмалақты тоғыз жасында ойнай бастаған Әсел Далиева он екі жасында - еліміздің ең жас спорт шебері, ал он алты жасында - халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ең жас спортшы атанады. Жиырма жасына дейін жастар арасында республикалық тоғызқұмалақ жарыстарының 6 дүркін жеңімпазы болды. Ал ересектер арасындағы республикалық додаларда 11 мәрте чемпион атанып, көптеген халықарлық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. 2013 жылы Әселге Азияда ойындарының алауын жағу мәртебесі берілді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әлібек Смағұлов

Әлібек Смағұлов – жоғары санатты хирург

Әлібек Мұхамеджанұлы Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі. Хирургиялық көмекке мұқтаж емделушілерге эндовидеохирургиялық әдіс арқылы шұғыл және жоспарлы түрде ота жасайды. Бұдан өзге емделушілердің жылдам оңалып кетуіне барынша жағдай жасайды. Осы уақытқа дейін инновациялық әдістермен 2000 аса лапароскопиялық операциялар жасаған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әбдібек Пошкаев

Әбдібек Пошкаев – ірімшік зауытының директоры

2012 жылы тоқтап тұрған ірімшік зауытын өз күшімен қайта іске қосып, маркетинг жүйесін кеңейтті. Нәтижесінде өнімнің түрі мен өнімділігі артты. Білікті басшы ұдайы қол астында істейтін мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдағанның арқасында сүт өнімдеріне тапсырыс беретін сауда орындарының саны артып, өндіруші зауыт отандық өнімдерді тіпті Ресейге экспортқа шығара бастады....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ернұр Рысмағамбетов

Ернұр Рысмағамбетов – физик, жаттықтырушы, мұғалім, Халықаралық қарды орталығы бюросының басшысы.

ҚР Ұлттық командасын мектепаралық ғылыми жарыстарының дайындығына белсенді қатысушыларының бірі. 5 жыл бойы жаттықтырушы ретінде Ернұрдың жетекшілігімен оқушылар 25 мүмкін медальдің ішінен 24 медальді жеңіп алды, оның ішінде 6 алтын, 15 күміс және 3 қола.

Ернұр 11 сынып оқып жүрген кезінде Кембридж университетіне оқуға шақыру алды. Физика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың (IPhO) алтын және күміс медальдарының иегері - Бали, Индонезия, 2002 және Тайбэй, Тайвань 2003; 2000-2004 ж.ж. физика бойынша республикалық олимпиаданың төрт мәрте жеңімпазы және 2003 жылы республикалық мектеп олимпиадасының абсолютті чемпионы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ерлан Рамазанов

Ерлан Рамазанов – балалар хирургі

Ерлан Рамазанов – облыстың білікті бас балалар хирургі. Жұмысын бастаған күннен бастап жас нәрестелерді хирургиялық жолмен емдеуге маманданған. Ерлан Амангелдіұлы Павлодар облысы хирургиясының неонатология саласына үлкен еңбек сіңірген маман. Ерлан сынды білікті мамандардың арқасында Павлодар облысы дімкәс болып туған сәбилерді оңалту бойынша көш бастап тұр. Әлбетте бұл көрсеткішке балалар хирургиясының айтарлықтай үлесі бар деген сөз.

Балалар хирургі болу – үлкен мәртебе. Өйткені шыр етіп дүние есігін ашқан шаранаға операция жасау – медицина саласындағы ең күрделі бағыттардың бірі. Ол білім мен тәжірибені, жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Жас нәрестенің жүрек қағысы мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Олар сәбидің бойындағы ақауды анықтап барып, тиісті емдеу шараларын қолға алады.
Ерлан Рамазанов бүгінгі күнге дейін екі мыңдай сәбиге операция жасаған. Ақ халатты абзал жан аймақтағы балалар хирургиясының негізін қалаған маман деп айтуға толық негіз бар.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық