Биология | Қан құрамы

Қан — омыртқалы организмдердің аса маңызды ткані. Клеткалар өзін қоршаған ортадан тек қанның көмегімен ғана қоректiк заттар алады. Сол сияқты зат алмасудың қажетсіз өнімдері де клеткадан қанмен бөлініп шығады.
Қаның мөлшері дененің 8% шамасындай. Ол плазмадан және плазмаға араласқан пішінді заттардан құралады. Ондай пішінді заттарға эритроциттер (қанның қызыл түйішікрі), лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады. Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда пішінді заттардын шамасы барлық қан көлемің 35— 54% мөлшердей.
Эритроциттер — ядросыз және ішкі мембранасыз ұсақ клеткалар. Оның іші оттегін байланыстырушы белок-гемоглобинге толы. Қан құрамының 1 мм3 мөлшерінде 5000000 эритроцит бар. Эритроциттің орташа үлкендік ересек адамда 7,5 мкм, әдепті пішінді екі жағы да қушиған дискіге ұқсайды. Осындай пішінің арқасында, шар тәріздес пішінмен салыстырғанда, сыртқы аумағы үлкен келеді. Эритроциттің осындай ерекше пішіні негізгі қызметің — тыныс алуға қажетті газдарды жеткізуге тиімді атқаруға жәрдемдеседі. Эритроциттің мұндай пішіні газдармен байланысатын аумарын улгайтады.
«Хромопротеидтер алмасуы» деп аталатын бөлімде баяндалғандай, эритроциттердің тipшiлiгi— 110—130 күн. Есептеулерге қарағанда әр тәулік сайын ересек адамдарда олардың 0,8% мөлшepi жаңарады, әр минут сайын 160 млн эритроцит ыдырайды және қайтадан түзіледі.
Лейкоциттер — құрамында ядросы бар, 6ipaқ гемоглобині жоқ клеткалар. Ересек адам канының, 1 мкл мөлшерінде 4000— 10.000 лейкоцит болады. Дені сау сақа мал мен ересек адам канындағы эритроциттер саны біршама тұрақты. Ал лейкоциттер саны организм күйне, тәулік мезгіліне байланысты өзгepiп отырады! Лейкоциттердің бірнеше түрі бар. Олардың пішінде негізгi екі Tүpi — полиморфты ядролы лейкоциттер мен лимфоциттер организмді табиғаты бөтен, зиянды заттардан корғайды.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қан физиологиясы

Қан жүйесі ұғымын Г. Ф. Ланг (1939ж) ұсынған. Жүйеге қан, қан жасайтын және оны бұзатын органдар, сондай- ақ реттеуші аппарат кіреді.
Қан сұйық бөлім плазмадан және формалы элементтер- эритроциттнр, лейкоциттер, тромбоциттерден тұрады. Ересек адамның қанының формалы элементтері оның 40-48%-ін, ал плазма 52-60%-ін құрайды. Бұл қатынас гематокриттік сан деп аталады.
Қанның негізгі қызметтарі: Қан сұйық болып есептеледі. Ол қан жүретін тамырларды толтырып, әр- түрлі заттарды бір органнан екіншілеріне жеткізу арқылы барлық органдар арасында сұйықтық ( гуморальдық) байланысты қамтамассыз етеді.Қанның қозғалуы нәтежиесінде тканьдарға оттегі мен қоректік заттар үздіксіз келіп тұрады және көмір қышқыл газын басқа да алмасу өнімдерін тканьдардан сыртқа шығару органдарына- өкпегк, теріге, ішекке апарады яғни қан транспорттық рөл атқарады. Бірақ, тек мұнымен ғана қанның физиологиялық маңызы шектелмейді.
Қан лимфа мен клеткаларды қоршап жатқан ткань (интерстициальдық) сұйықтығымен бірігіп организмнің ішкі ортасы болып табылады.
Бұл ортаның негізгі бөлігі судан тұрады. Судың үлесіне адам денесі массасының 75%-і тиеді.Дене массасы 70 кг кісіде ткань сұйықтығы мен лимфа 30%-тей болады, ал,клетка ішіндегі сұйықтық 40%-тей және қан плазмасы 5%-тей болады.Плазма қанның сұйық бөлімі.Қалыпты тіршілік процестері үшін ішкі орта тұрақтылығы( гомеостаз) қажет.К.Бернар1878ж «біздің ішкі ортамыздағы тіршілік жағдайларының тұраұтылығынсақтау-еркін және тәуелсіз өмірдің қажет элементі»- деп жазған болатын. Американ физиологі У Кеннон 1928ж « гомеостаз» терминін ұсынды. Оның пікірінше, организмнің өз ішкі ортасы тұрақтылығын сақтай алушылық қабілеті ондағы жүйелердің салыстырмалы ( относительді) тұрақтылығының нәтежиесі.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қансырауды тоқтату

Уақытша қан тоқтату әдістері. Жараланған мал қансырап тұрған жеріндегі қанды тоқтатып, сол ауру малға көмек көрсету керек.
Уақытша қан тоқтату әдістері неше түрлі кездесіп отырады. а) Қансырап тұрған жерді басып, қысып тастайтын таңғыш арқылы аққан қанды тоқтату әдісі. Қансырап тұрған жерге дәкені бірнеше қабатттан салып сонымен орап тастау керек. Осылай еткенде ғана тезірек тромб пайда болып, қансырау тоқтайды. Жараға байланатын дәке мата микроптардан таза болу үшін, бұларды алдын ала үтіктеу керек. Жаралану, жарақатттану ойламаған жерде, аяқ астынан болып қалса микроптардан таза, арнайы заттарды пайдалану керек. ә) Қансырап тұран артерия қан тамырларын жақын жердегі сүйекке бармақпен басып, ағып тұрған қанды тоқтату әдісі болады. Саусақпен басып қан тоқтату әдісі сирек қолданылады. Себебі, шаршаған саусақты ауыстырған кезде қан шапши береді. Басқа амал болмағандықтан осы әдісті есте сақтаған дұрыс.
Қан тамырын сүйекке басқандықтан тамырмен бірге жүйке жүйесі де қатты қысымға түсетініде хақ. Ондайда басып тұрған жердің зардабы күшейіп үдей түседі.
Дегенмен, бармақпен қан тамырын басу әдісі операция кезінде қолданылады. Б) Жараланған малдың шапшып тұрған қан тамырын қысқыш аспаппен қысып, қанын тоқтатады. В) Малдың аяқтарын немесе жараланған жерінен жоғары, бұлшық еттерді сүйекке резеңкемен қыса буса, қансырап тұрған қан тамыры қысылып, аққан қан тоқтайды. Жалпы қан тоқтату үшін орамал, белбеу,резеңке, түтіктер қолданылады. Эсмарх деген хирург, 1873 жылы ширатылған созылғыш резинаны ұсынған еді, қан тоқтату үшін сол құрал күні бүгінге дейін қолданылып келеді.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қант қызылшасының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Қант қызылшасы (Веtа vulgaris L. v.saccharifera) - Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) Қызылша туысының (Веtа L.) малазықтық (v.сrаssа), жапырақты (v.сісlа) және асханалық (v.еsсulenta) түр тармақтары кіретін түрдің - екіжылдық өсімдігі.
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жанына 40-50см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2,5 м топырақ тереңдігіне дейін бойлауға қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп-толысып тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-800 г және одан да жоғары болады.
Тамыржемісінің формасы – конус тәрізді. Құрылысы: басы, мойны және нағыз тамырдан тұрады.
Басы - тамыржемістің үстіңгі бөлігі, түрі өзгерген сабақ, онда жапырақтар орналасады. Басында тамыржемістің басқа бөлігіне қарағанда қанттың мөлшері аз.
Мойын - тамыржемістің басы мен нағыз тамырдың арасында орналасады. Онда жапырақтар мен тамыршалар болмайды. Тамырдың өзі - тамыржемістің төменгі конус тәрізді бөлігі. Тамырдың ұзына бойындағы жырықшаларынан көп жанама тамыршалар тарайды. Қанттың көп мөлшері (19-20 %) тамыржемістің ортаңғы бөлігінде болады.
Пісіп-жетілген тамыржемісте шамамен -75% су, 25% құрғақ заттар (сорты мен өсіп-жетілу жағдайына қарай 16-24% қант) болады. Қанттылығына жоғары агротехника көп әсер етеді.
Қант қызылшасының жапырақтары ірі, бүтін, жүрек тәрізді, сағақты. Формалары жасына қарай өзгереді: жас жапырақтарының сағақтары қысқа және алақаны дөңгелек, ал үлкейгендерінің сағақтары ұзарады да жүрек тәрізденеді. Жапырақ алақанының толқынды, ойықты немесе тегіс болуы сорттық белгі және өсіру жағдайына байланысты. Жеке жапырақтың ұзындығы 50-70 см дейін. Бірінші жылы өсімдік 60 таяу жапырақтар түзеді.
Қант қызылшасы тұқымды тіршілігінің екінші жылы - қыста сақталған тамыржемісті көктемде топыраққа отырғызғанда гүлді өркендер пайда болғаннан кейін береді.
Гүлдері - қосжынысты, гүлсеріктері жасылдау. Гүлдеуі 20-40 күнге созылады. Қант қызылшасы айқас тозаңданады. Тозаңдануы жел мен насекомдар арқылы жүреді.
Жемісі-жаңғақша. Көп дәнді қант қызылшасының жемістері 2-5 дәннен тізбектеліп шоғырланған. 1000 тұқым салмағы 20-дан 50 г дейін. Бірдәнді қант қызылшасының жемістері бір жаңғақшадан тұрады, сондықтан механизацияны пайдаланып себуге ыңғайлы.
Тұқымының сыртында бурыл жылтыр қабықша болады. Тұқымның ұрығы перисперманың (қоректік заттар қоры орналасқан жер) айнала сақина тәрізді қоршап тұрады, ол екі тұқым жарнағынан, орталарында орналасқан бүйрекшеден және ұрық тамыршаларынан тұрады.....
Рефераттар
Толық

Химия | Қанықпаған көмірсутек

Жоғары температураның әсерімен мұнайды өңдеуді термиялық өңдеу процестері деп атайды. Оған күрделі көмірсутектерді жоғары температура әсерінен қарапайым көмірсутектерге ыдырату (термиялық крекинг),ауыр мұнай қалдықтарын кокстеу (қортқылау), құрамында қанықпаған көмірсутектер көп болып келетін газдар қоспасын алу үшін жүргізілетін пиролиз процестері жатады.
Көмірсутектердің термиялық ыдырауы 380-400 0С-та басталады. Күрделі реакциялардың – термиялық полимерлену мен конденсациялану – нәтижесінде қанықпаған және ароматты көмірсутектерден шикі мұнайдың құрамына кіретін заттар – көмірсутекті газдары, сұйық мұнай өнімдерінің қосымша мөлшері, сонымен бірге мұнай коксы (қатты көмірсутек қалдығы) түзіледі. Мұнай шикізатын термиялық өңдеу жүйелері шарттарға және тағайындалуына байланысты крекинг, кокстеу және пиролиз аталымдарын алды.
Шикі мұнайлардың ауыр фракцияларының белгілі температурадан аса қыздырылуы жағдайында қосымша бөліну икемділігі крекинг жүйесін пайдалануда үлкен жетістіктерге әкелді. Мұнайдың жоғары температурада қайнайтын фракцияларының бөліну кезеңінде, С-С байланыстары бұзылады,сутегі көмірсутегі молекуларынан үзіліп, нәтижесінде бастапқы шикі мұнай құрамымен салыстырғанда, түрлі өнімдер спектрі шығарылады.
Мысалы, 290-400 0С температура интервалында қайнайтын дистилляттар, крекингтеу нәтижесінде газ, жанармай және ауыр шайірға ұқсас қалдық өнңмдерін шығарады. Крекингтеу жүйесі шикі мұнайдан бастапқы айдау нәтижесінде құрылған аса ауыр дистилляттар мен қалдықтарды деструкциялау жолымен жанармайдың шығарылуын ұлғайтады.
Бүгінгі таңда қазіргі қозғалтқыштардың талаптарына сәйкес келмейтіні және шығарылатын өнімнің төменгі сапалылығы үшін (жанармай), термиялық крекинг басқа, мұнайды қайталау өңдеудің қазіргі әдістерімен шегерілген. Бүгінгі таңда термиялық крекингтің жаңа құрылғыларын енді жаңадан орнатпайды, ал әрекеттегі құрылғыларды каталитикалық крекинг және басқа қазіргі жүйелер құрылғыларын қайта жабдықтайды. Ал термиялық крекинг негізінде кокстеу қондырғының дистиллятты шикізатын термодаярлау, оның бір түрі – висбрекинг процесі ретінде іске асады. Висбрекинг – қазандық отынның тұтқырлығын төмендету мақсатында мұнай шикізатын термиялық өңдеу процесі.
Кокстеу немесе көмірді жартылай қортқылау және қортқылау процесіне – ауасыз қыздыру арқылы жүретін термиялық деструкция процестерін айтады. Жартылай қорқылау процесін 500-550 0С, ал қортқлау – 1100 0С дейін жүргізеді.
Термиялық крекингте қортқы көмірдің түзілуі әрекеттің тереңдеу мүмкіншлігін шектейді.Гудрон немесе мазут крекинггінде ашық түсті өнімдердің қозғалысы 35-40 %-дан аспайды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қаңлылар

Б.з.б. ІІ ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Усун, Янцай, Кангюй мемлекеттер қалыптасты. Соңғысы Қазақстан тарихында ереулі рөл атқарады. Тарихынаманың ауқымды болғанына қарамастан, кангюйлердің зерттелуі әлі де қанағаттандырылмайды. Оның үстіне деректер үзік-созық және қарама-қайшы, мұның өзі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұлан-байтақ жерді Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуандария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың оңтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фулю, Юйни, Цзу, Юйцзнь, сияқты бес «Шағын иелік» бағынды. «Кангюй» бұл Қытай жазбаларында осылай аталған қаңлы мемлекеті. Қытайдың тарихи храникалары деректерінің ерекшелігі мынадай: тек соларға қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасының Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің (Сусе, Фулю, Юйни, Юйцзнь) қалай орналасқаны және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес. Алайда, жазбаша деректемелер тобын едәуір кеңейтпейінше және оларды түсіндірмей, археология деректерін қарастырмайынша, тегінде, тарихи-саяси, этникалық мәселелерді шешу мүмкін емес. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Қара шіріктің минералдануы топырақтарда гумус баланысының мөлшерін теңдесуін қалыптастыру

Қара топырақ тегі-жаралуы (гензис) туралы үш болжамды көзқарас (гипотеза) айтылған олар: теңіздік, батпақтық және құрылық-өсімдік.
Зерттеушілер теңіздік болжамды гипотеза бойынша қара топырақты теңіз орнында қалған лайы деп санаған (Паллас 1799, Пецольд 1851). Мурчисон болса (1842) оны юра дәуірінің мұз сулары шайып кетуінен қалған балшықты қара тақта тастар азығы деп есептеген. Бұл болжамдардың қазір тек тарихи маңызы бар. Батпақты болжамды жақтайтындар дала аймағы бұрын аса батпақтанған тундра болған деп жорамалдаған. Бірақ кейін климаттың жылынуына және ыза деңгейінің төмендеуіне байланысты, лай батпақ орнында тундра өсімдігі ығыстырылып (Эйхвальд, 1850), жергілікті дала өсімдіктері дамуы арасында (Борисяк,1852) қара топырақ қалыптасқан. Құрылық- өсімдік (растительно-наземное) пікір бойынша қара топырақ пайда болуын шабынды-далаалық және далалық шөптесіндермен байланыстырады. Осы пікірге Ф.Рупрех «Қара топырақ геоботаникалық зерттеулер» (1866) атты еңбегінде бірінші негіздеме берген, яғни қара топырақ құрамын шөптесіндер қалдықтарының ыдырауынан жаңа күрделі органикалық зат-қара шірінді түзілуімен түсіндіріледі. Аталған пікірді В.Докучаев «Орыс қара топырағы» (1883) атты еңбегінде толық дамытып қалыптастырған, яғни қара топырақтың құраушы жыныста қара шірінді шоғырлануынан пайда болғанын дәлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ шөптесіндер дамуына, қалдықтарының ыдырауы жылдамдығы мен бағытына және қара топырақ құрамына дала климатының ықпалы ерекше екенін айтқан.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қаракерей Қабанбай

Қабанбайдың әкесі Қожағұл өз заманында аты әйгілі батыр болады. Бірақ ертерек дүниеден қайтып, Қабанбай жеті жасында әкеден жетім қалады. Қабанбайдың шын есімі Ерасыл- Оның бітімі кесек, ер тұлғалы болғандықтан, жеңгелері "Нарбала" атапты. Бойының сұқғақтығы сонша, он үш жасар кезінде тайға мінгенде аяғы жерге тиіп жүреді екен.
Ерасылдың ерлігі он үш жасында басталады. Жайылымда жатқан жылқыларын қалмақтар қуыи кеткендіктен, ағасы Есенбай жылқының соңына түсіп қуады. Бірак, қалмақтар жалғыз келе жатқан қуғыншыны алыстан садақпен атып түсіреді. Әкесі де' осылардың қолынан өлген еді. Қайнаған қанды кек оны қаршадайынан ерлікке, жау-гершілікке жетелейді, шайқас жолына ертерек түсуіне себепші болады. Ол көп ұзамай Өлжежырғы, Арсылан секілді қалмақ батырларын өлтіріп, әкесі мен ағасы үшін кек алады.
Түркістанға қауіп төне бастағанын естіген Қабанбай жол-жөнекей қазақ ба-тырларын өзімен бірге ерте сонау Аягөз маңынан Түркістанға келеді. Халық жасақтарын ұйымдастыра бастайды. Олар жоңғарлардын, Түркістаннан бетін қайтарады. Жаудың шапқыншылығы сәл саябырлағанын пайдаланып, Қабанбай барлық жасақтарды Қожа Ахмет Иассауи ғимаратынын, алдына жинап, жалынды сөз сөйлейді. Жұртты елдің тәуелсіздігін сақтап қалу жолын-дағы күреске шақырады. Бұл жасаққа Айшыбек батырды бас-шы етіп қалдырады да, өзі Кіші жүз қазақтарынан қалың қол жинап келуге аттанады.
Ел басына күн туған осынау аласапыран кезде Кіші жүз ханы Әбілқайыр отыз мың, Орта жүздің ханы Сәмеке жиырма мың әскер шығарады. Көпшіліктің қалауы бойынша Қабанбай батыр бас сардар болып сайланады. Енді ол басқыншыларға қарсы жер-жерде, бөлек-бөлек жүріп жатқан шайқастарды бір арнаға түсіріп, белгілі бір мақсатпен жүргізуді қолға алады. Жеке-жеке шайқасып жүрген кейбір жасақтар Қабанбайға ке-ле бастайды. Солардын, бірі Гауһар қыз бастаған топ еді. Ол асқан ерлік жасап, жау қоршауын бұзып шығады. Жаудық соғыс күші, дайындығы туралы жаңа мәліметтер әкеледі. Кейін Қабанбай мен Гауһар қосылады. Көптеген жорықтарға екеуі бірге қатысады. Жоғарыдағыдай әзірліктен кейін 1725 жылғы атақты Алакөл маңындағы шайқаста жоңғарлар қатты жеңіледі.....
Рефераттар
Толық

Психология | Қараңғы мезгілде автомобильді басқару

Жүргізуші ақпараттың көп бөлігін көзбен көру арқылы алады. Шамамен (85%-90%-ы) деп есептеуге болады. Күндіз жүргізушіге еркін жүруге ақпарат мол болса түнде қараңғылыққа байланысты жүргізушілерге жол жүруне қиындық туындайды. Түнде жүргізушінің қабылдау қызметі нашарлап, сонымен бірге оның қимылдау қызметі де нашарлап ашушаң болып келеді. Сондықтан түнгі уақытта жолда жүру қарқындылығын 5-10 төмендесе де, автомобиль апаттары күрт өсіп кетеді.
Ресей мамандарының пікірі бойынша түнде жүрру 2 есе қауіпті. Ал ағылшын мамандарының мағлұматы бойынша 2/3-і жолдағы қайғлы апаттар болып есептеледі. Кешкі уақытта апат саны 3% өссе, түнде 30%-ке жетеді, бұл жүргізушінің жұмыс қабілетінің 56% дейін қалыпты жағдайынан түсуіне байланысты.
Францияда да апаттардың көп бөлігі түнде болып, жол апаттарынан қайтыс болған адамдардың саны 57%-ті құрап отыр.
Осыларға қарағанда түнде көлік жүргізу өте қиын әрі жауапкершілігі күшті жұмыс ьолоып саналады.
2. Негізгі апат тудырушы себептері
1. Жүргізушінің көру қабілеттілігінің төмендеуінің бірнеше факторлары бар. Олар:
- географиялық орналасуы.
- айдың жарқырауы.
- бұлттың тығыздығы.
- өңірдің өзгешеліктері.
- жыл мезгілі.
- метрологиялық жағдайлар. ....
Рефераттар
Толық

География | Қаратау қорығында экотуризмді дамыту

Туризм саласы дүниежүзінің жалпы ұлттық өнімінің 10/1 бөлігін құрайтынына байланысты туризмді дамыту, оның ішінде қала және табиғаттан тыс жерлерде жүрген адамдарда табиғатқа деген сағыныш кернеп, рухани және ішкі жандүниесіне қажеттілік тууына байланысты экологиялық туризмді дамыту қазіргі таңның өзекті мәселелеріне айналып отыр.
Адамдардың табиғаттан нәр алуы, оны өз ортасына насихаттауы, табиғатты қорғауға ынталандырылуы, сонымен қатар басекеге қабілетті туристік сала құру арқылы халықтар арасындағы жұмыссыздықты жою тұрақты табыс көзіне айналдыру.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйымының деректері бойынша халықаралық инвестицияның 11% астамы әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сегменттері болып табылады. Халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8%, қызмет көрсету секторы экспортының 7% құрайды. Туристтерден түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3 орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтардың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс-жүзінде жеткендіктен туризмнің өсуі туристтер баратын жаңа аумақтар есебінен дамитын болады. Осыған байланысты Қазақстанның әлемдік турстік рынокта өзінің лайықты орнын табуға мүмкіндігі бар. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды. Мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйым туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына сондай-ақ мемлекеттің туризмді дамыту сайясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі. Қазіргі туризм-бұл әлемдік экономикада құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар шамамен 9 т. тас көмір немесе 15 т. мұнай немесе 2 т. жоғарғы сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша 100 мың турист қалада орташа есеппен 2 сағат болған кезінде 350000 доллор немесе адам басына 1 сағатта 17,5 доллор жұмсайды. Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту ұзақ мерзімді экономикалық болашақ. Туризм жалпы алғанда мемлекеттің экономикасына 3 оң нәтиже береді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ҚАРАХАНДАР ӘУЛЕТI

Қарахандар әулетi 10-ғасырдың орта шенiнде қалыптасты. 12-ғасырдың басында ыдырай бастады. Олардың территориясы қазiргi Шинжаң өлкесi мен Жетiсу өңiрiн және Мауараннахрды (қос өзен аралығын) қамтыды. Қарахандар елiнiң екi орталығы болды. Оның бiрi Шу өзенi бойындағы Баласағұн қаласында, ендi бiрi Қашқар қаласында едi.
Қарахандар әулетiнiң шығу тегi мен бастапқы кезеңi жөнiнде нақтылы жазба дерек жоқтың қасы. Бұл туралы тарихшылар арасында алуан түрлi пiкiрлер айтылған. Олардың едәуiр бөлегi қарахандар әулетiнiң тегi ұйғырлар арасынан шыққан десе, ендi бiр бөлегi қарлықтар арасынан шықкан дейдi. Кейбiрi қарахандар хандығын ұйғырлар мен қарлықтар бiрлесiп құрған десе, тағы бiрi яғмалар мен шығылдар бiрлесiп құрған дейдi. Қарахандар әулетi бұрынғы түрiктiң ашына тайпасынан шыққан деушiлер де бар. Сөйтiп, қарахандар әулетiнiң шығу тегi туралы жоғарыдағыдай бес түрлi пiкiр айтылып келедi. Бұлардың бәрi қарахан мемлекетiн билеген әулеттiң шығу тегi туралы пiкiрлер. Қарахандар әулетi билеген мемлекеттегi халықтың этникалық құрамы едәуiр күрделi едi. Бұл ұлан-байтақ өңiрдi Гың Шымын «Қараханилар тарихына шолу», Шинжаң коғамдық ғылымы, 2-сан, 1982 ж қамтыған елде жоғарыда айтылған ұйғыр, қарлық, яғма. шығыл тайпаларынан басқа да көптеген тайпалар болды. Қараханилар мемлекетiнiң құрамына кiрген бiзге мәлiм тай¬палар: үйсiндер, қаңлылар, дулұлар (дулаттар), телi, қыр-ғыз, қыпшақ, арғұ (арғын), яғма, оғыздар (ақшар), букриз. салғыр, бектелi, баяндұз, балт және баскалар1. Демек, қараханилар мемлекетiнiң негiзгi халқы: ұйғыр, қазақ, қыр-ғыз, өзбек, оғыз ұлттары едi. Қарахандар мемлекетiнiң құра-мында түркi тiлдес халықтарымен қатар иран тiлдес ха-лықтар^ да болған. Оның қарамағындағы ұлыстар мен ха-лықтардың әрқайсысы өзiне тән өңiрлердеЧэаз баяғы қал-пында тiршiлiк өткiзiп отыра берген, қарахандар әулетi оларды жергiлiктi басшылар арқылы билеген.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржы жүйесінің мәні

Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рол атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік атқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Қаржы жүйесі мемлкеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды.

Қазіргі несие жүйесінің құрылымы

Қазіргі несие жүйесі ұзақ тарихи дамудың нәтижесі және ол рыноктык экономиканың талаптарына сай өзгеріп отырады. Егер институционалдық жағынан қарасақ кредит жүйесі валюта – қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлкет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдық орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.
Батыс елдеріндегі бүгінгі несие жүйесі мынадай маңызды процестердің әсерімен қалыптасты: банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы, несие – финанс жүйелерінің мамандануы мен кредит жүйесінің функционалдық құрылымы күрделенуі, банк және өнеркәсіп монополиясының қосылуы мен бірігуі, банктік істердің интернационалдануы, трансұлттық банктер мен финанс топтарының пайда болуына әкеледі.
Қазіргі кредиттік жүйеде мынадай негізгі үш буын бар: орталық банк, коммерциялық банк, маманданған несие финанс институттары.
Кредиттік жүйеде жетекшілік орынды банк атқарады, ол капитализмінң бастапқы сатысында ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда коммерциялық банктерден бөлініп шықты. Тек орталық банкке ғана мемлекет ақша шығаруға ерекше монополдік құқық берді. Көптеген орталық банктер бірден мемлекет институттар болып құрылды, басқалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекет иелігіне айналды. Бірқатары осы күнге дейін аралас мемлекеттік жеке меншік негізінде жұмыс істейді. Мысалы: АҚШ – тың федералдық – резервтік жүйесі бұрынғы КСРО – да орталық банк – КСРО Мемлекеттік банкі болды. Қазақстанда қазір Ұлттық банк осындай рөл атқарады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ

Қаржы құқығы мемлекетнің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекетнің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардын жиынтығы.
Мемлекетнің қаржылық қызметі түрлі әдістердің қөмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міңдетгі жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міңдетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардын жеке және заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. Коммерциялық несие векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге ұласады. Сонда заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель иесіне берілген жазбаша кепілдік болып табылады ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржы нарығы

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес.
Қаржы рыногы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. рыноктармен) етене байланысты ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржы валюта нарығы

Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрңан мәселелердің бірі – теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алды. Еліміздің коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама – қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұруымен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық экономиканы долларландыруға әкеліп соқты. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржы деревативалардың нарығы

Қаржы деревативаның нарықтық өндірісі – бұл жедел контракт нарығы. Тіркелген валюталық бағамның түзетулерінен кейін және пайыздық ставкаларды бақылаудан кейін ол әлемдік қаржылық нарықтың динамикалық сегменті болды. Деревативтер қаржы қаражаттарын өндірумен көрсетеді. Яғни, базистік активте негізделген, демек оларды ұсынатын. Өндіріс деревативтерінің белгілері, активтің базистің баға негізінде баға осы құралдардың анықталуы болып табылады. Қаржылық базистік актив ретінде валюталар, құнды қағаздар, несиелер, сондай-ақ басқа өндіріс құралдары шығады. Келісім шарт негізінде жатқан активті жүзеге асыру үшін белгіленген мерзім болған кезде немесе ағымдық нарықтық баға бойынша құқықтарды міндеттемелерді өтеу үшін мүмкіншілік береді.
Халықаралық валюта қорын анықтау бойынша, деривативтер – бұл қаржылық келісімшарттар, құны олардың тауардың баға негізінде жатқан немесе құнды қағаздармен, пайыздық деңгейімен, валюталық бағаммен анықталады. Деривативаларды құралдар бойынша, жабылатын тәуекелдер бойынша, әдіс бойынша және сату орны сатып алу бойынша жіктеуге болады. Тәуекелділік бойынша қаржылық деривативалар ортасында пайыздық деривативалар (interest rate derivatives), валюталық деривативалар (currency drivatives), акция индексіндегі деривативалар (stock market index derivatives) (кемімелі бойынша) неғұрлым көп тарату алды. Несие дериватива нарығы қарқынды дамуда, яғни өзінің негізінде корпоративтік және коммерциялық заемдары, сондай-ақ облигациялары бар.
Нақтылық деривативалар әдісі бойынша еркін саудалы деривативаларға және (exchange – traded derivatives OTC) бөлінеді. Еркін саудалы деривативалар стандартталған өнімдерді, ұйымдастырылған биржада сатылатын өнімдерді шығарады. Сатып алу кезінде сату кезінде осындай келісімшарттарды сенімді депозиттерде немесе кепілге (margin) талап етіледі.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржы құқығының негіздері

Қаржының басты мақсаты – мемлекетті ақша қаражатымен қамтамасыз ету. Мемлекеттің қаржылық қызметіне елдің ақша жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік ақша қорларын бөлу және пайдалану жатады.

Ақша қорларын жинау тәсілдері:

1. Иелерінен ақшаны міндетті түрде , қайтарымсыз алу (салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер).
2. Міндетті-қайтарымды төлемдер (мемлекеттік заем).
3. Ерікті-қайтарымсыз төлемдер және т.б.

Ақша қорларын бөлу, негізінен қаржыландыру, дотациялау (субвенция, субсидия), несие беру арқылы негізінен жүзеге асырылады.
Қаржы құқығы дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінің құқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік, салықтық құқықтар кіреді.
Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шығысы) реттейді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері

Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады.
Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей тәртіп бойынша бір жүйеге келтіруге болады:
- жоспарлау – стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды, түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды;
- баға саясатын анықтауға және өнімді сату жоспарын құруға қатысу;
- өзге кәсіпорындармен қосылу немесе бөліну нәтижесінде мүмкін болатын капитал құрылымының өзгеруін бағалау;....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржы нарығының экономикалық мәні мен ерекшелігі

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады.Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Сондықтан,қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизінің жүйесі.Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді.Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
- реттеушілік – оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
- ақпараттық – қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
- бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының айналымын экономиканың бір саласынан екіншісіне,нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне,бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ететін,қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
- коммерциялық – қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
- баға белгілеу – қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъекті ретіндегі үш тобы бар:
- үй шаруашылығы
- меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші сүбъектілер;
- мемлекеттік басқару органдары.
Жоғарыда айтылғандарды түйендей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
- қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;
- монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу қажет;
- бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарын тұрақты ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржы пәні түсінігі және мәні

Кез келген экномикалық иглікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатынын дүниежүзілік тәжирибие көрсетіп отыр.
Қазақстан экномикасының шаруашылықжүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу - сатудың нақты обьектісі ақшаның ролін арттыруды шұғыл қажет етеді.
Ақшаның сатып алу-сату төлем қаражаттарынның, несие ресурстарының дәне сан алуна бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторына пайда болуына себепші болады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикада жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызметкөрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шелетдік валютаны және шетелдік валютадағы сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйсі.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шуына кедергі жасап тұрған мәселелердің бірі – теңгенің айырбастымдылығы. Бір жағынан теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақтсанның дүние жүщілік валюта нарығының толық құқылы қатысушы бола алмауна жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алады. Еліміздің комерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта тулары заңдар қарама-қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұру мен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық эономиканы долларландыруға әкеліп соқты.
Қаржы нарығында болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде. Ең алдымен қаржы және ваюта нарығының мәні мен мазмұнын түсініп жалпы айтсақ, валюта нарығын қаржы нарығының құрама бөлігі ретінде қарастыруға болады, бірақ бұл тауарда жалпы макроэкономикалық деңгейден қарарстырып отырғандығымыздан қаржы нарығына жалпы шолу жасап, ватюта нарығын тереңірек зерттемекпіз, нарықтардың макроэкономикалық принциптер бойынша құралымын анықтамақпыз.
Қаржы нарығы – құнды қағаздар айналымына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әлі ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өзалдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несиеге капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржы тәуекелдерін басқару

Қазақстандық нарықтың қаржылық тәуекелдерін бағалау және басқаруды жетілдіру проблемасын шешудің практикалық маңызы және өзектілігі осы негізде нарық қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату мүмкіндігімен анықталады. Қаржы нарығының қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату осы нарықтың тұрақтануына әкеледі, ал бұл өз кезегінде бүкіл елдің экономикасының тұрақтануына себебін тигізеді.

Қаржы тәуекелдерінің теориялық негіздері.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелмен тығыз байланысты болады. Оның ықпал ету дәрежесі нарықтық экономикаға байланысты біршама артуда.
Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың ішінде ең күрделілерінің бірі болып табылады. Тәуекел - бұл бір жағынан, барынша мүмкінді қауіптілік, ресурстардан айырылу мүмкіндігі немесе ресурстарды ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық алмау, басқа жағынан, тәуекелдің арқасында қосымша пайда табу мүмкіндігі. Шынында да тәуекелдің салдарын біз алдын-ала нақты айта алмаймыз. Тәуекелге бару арқылы кәсіпорын табыс табуы да мүмкін, сонымен қатар оның шығынға ұшырамайтынына да ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан да қаржы менеджменті табыс алу мүмкіндігін ылғи да тәуекелмен байланыстырады. Тәуекел және табыс - өзара байланысты қаржылық категориялар.
Тәуекел - бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі деп оның қаржылық қызметінің жүзеге асырылуының шарттарының белгісіздігі жағдайында табыстар жоғалту немесе капитал жоғалту формасында жағымсыз қаржылық салдарлардың пайда болу ықтималдылығы түсіндіріледі.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның пайда болуын қандай да бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әртүрлі шараларды қолдануға және тәуекел дәрежесін төмендетуге шаралар қабылдауға болады.
Тәуекелдердің сыныпталуы деп белгілі бір мақсатқа жету үшін қандай да бір белгілер бойынша тәуекелдерді жеке топтарға бөлуді түсінуге болады. Мүмкін болатын нәтижеге байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті тәуекелдер.
Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже aлy мүмкіндігін білдіреді. Мұндай тәуекелдерге табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің кейбір түрлері (мүліктік, өндірістік және сауда тәуекелі) жатады.
Спекулятивті тәуекелдер оң нәтиже де, сондай-ақ теріс нәтиже де алу мүмкіндігімен айқындалады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.
Пайда болуының негізгі себебіне байланысты тәуекелдер келесідей категорияларға бөлінеді: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ҚАРЖЫЛАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

Қаржылай инвестициялар дегеніміз – пайыздар, дивидендтер, роялти және жалақысы түрінде, инвестицияланған капиталды арттыру немесе коммерциялық қатынастардың нәтижесінде пайда табу мақсатында субъект ие болып отырған актив. Қаржылай инвестицияларға, сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция да жатады.
Мемлекеттік құнды қағаздарға және шаруашылық жүргізуші ұйымның жарғылық капиталына қаржылай инвестициялар салынады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс шетелдерде орналасқан басқа да шаруашылыққа қарыздар (зайымдар) беріледі.
Аудитор қаржылй инвестициялардың есебін тексеруге кірістердің алдында тексерудің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында тексеру барысында анықтауды, назар аударуды, тексеруді талап ететін мәселелер бойынша бағдарлама жасайды:
- баланста инвестициялардың дұрыс көрсетілгендігін тексеру;
- инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін тексеру;
- шаруашылық қаржылай инвестициялардың дұрыс сыныпталуын тексеру;
- инвестициялардың құнын анықтауда бағалану тәртіптерінің қолданылғандығын тексеру;
- нақты қолда бар құнды қағаздардың сақталу орнын анықтайтын бастапқы құжаттармен танысу;
- құнды қағаздарға сатып алу операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;
- қаржылай инвестицияларды қайта бағалаудың нәтижесін қайта бағалаудың қайталану жиілігін тексеру;
- қаржылай инвестицияларды шығысқа шығару операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дұрыс, дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;
- шаруашылықтың басқа заңды тұлғаларға берген қарыздарының (зайымдарының) құжаттарымен танысу. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржылардың жалпы түсінігі

Бұл тақырыптың негізгі бөлімінде біз қаржылардың жалпы түсінігін қарастырамыз,яғни қаржылар дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады? Бұл сұрақтарға қысқаша тоқталатын болсақ, қаржылар бұл мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі ,сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі.
Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада қаржылар деп ,мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру пайдалану жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Және тағы бір қарастыратын мәселе құқықтық салада қаржы құқығының рөлі, яғни қаржылық құқық дегеніміз не? Қаржылық құқық дегеніміз – мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.
Сонымен қатар негізгі қарастыратын мәселеміз,қаржы құқығының пәніне тоқталатын боламыз. Қаржы құқығының пәні ретінде мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру,бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар қарастырылады.
Және де бұл, мемлекеттің алға қойған мақсатын жүзеге асыруға қажетті ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар құқықтық реттеуді қажет ететіндігі туралы сөз болады.
Тақырыптың аяққы бөлімінде қаржы құқығының құқықтық реттеу әдістеріне тоқталамыз. Яғни, бұл жерде әдісі дегеніміз-бұл мемлекеттің қаржылық қатынастарға қатысушыларының,олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы болып табылады.Және де олар екі түрге бөлінеді:
1. императивті әдіс;
2. диспозитивті әдіс.....
Рефераттар
Толық

Экономика | ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС

Әлемдiк нарықтың қазiргi жағдайы халықаралық сарапшыларды шынымен алаңдатып отыр. АҚШ Федералдық қор жүйесiнiң бұрынғы жетекшiсi Алан Гринспен: «Бүгiнгi дағдарыс – ХХ ғасырдың ең күштi қаржылық дағдарысы» деп мәлiмдедi. Кезiнде инвесторлардың көзiн қызықтырып, активтердiң бiрiнен кейiн бiрiн сатып алуға жетелеген қомағайлықтың соңы байлардың қолындағы барынан айырылып қалу қаупiне ұласқан. Дүниежүзiлiк нарықттағы ахуалды 1987 және 1998 жылдардағы дағдарыстармен салыстырған Гринспен 1837 және 1907 жылдардағы банк саласындағы қиын кезеңдi еске алды. Жалпы халықаралық қор нарығындағы жағымсыз жайттар Американың ипотека нарығындағы ахуалмен тығыз байланысты. Ипотекалық делдалдардың төлемдердiң уақытылы өтелмеуiнен есi шықты. Қаржыларының басым бөлiгiн ипотекаға қатысты құнды қағаздарға салған қорлар құлдыраудың шарықтау шегiне жеттi. Ең сорақысы, америкалық ипотекалық дағдарыс барлық халықаралық сауда алаңдарына кесiрiн тигiздi: Ұлыбритания, Франция, Германия мен Азия елдерiнiң биржалық индекстерi күрт төмендедi. Iрi инвесторлар банкротқа ұшырамас үшiн ресейлiк активтерге салған ақшаларын қайтарып алып, америкалық қазыналық қағаздарға ауыстыра бастады. 1987 жылдың 19 қазанында АҚШ-тың негiзгi қор индикаторы Лоу Джонестiң көрсеткiшi 22,6 пайызға бiр-ақ төмендегенде «жаңбыр жаумай жатып су болған» инвесторлар байбаламға басқан едi. Осының салдарынан еуропалық және азиялық биржалар күтпеген жерден төменге қарай құлдилап, гонконгтық биржа 1 апта бойы жұмыс iстеген жоқ. Алайда, қаржылық дағдарысқа Жапония ғана селт етпедi. Сарапшылар пiкiрiнше, сол кездегi дағдарыстың тарихи маңызы, бүкiләлемдiк экономикалық және қаржылық билiк Американың қолынан Жапонияға өттi. Қазiрдiң өзiнде жапондар тұтынудан гөрi өндiруге көңiл бөлсе, АҚШ керiсiнше, өндiруден гөрi тұтынуға ден қойған. Сондықтан Жапония шет мемлекеттердегi активтерiн үстемелей түсiп, Америка қарызға белшеден батқан үстiне батты. Алайда, көп кешiкпей жапондар да сазға отырды. Өйткенi, 1998 жылғы дағдарыс азиялық қор нарығындағы құлдыраулардан басталған болатын. 1997 жылдың күзiнде Таиланд пен Гонконгтың қор нарығында орын алған тұрақсыздық 1998 жылғы дағдарысқа ұласып, Жапония, Индонезия мен Оңтүстiк Кореяның қор нарығына керi әсер еткен. Сол жылы Ресей ГКО бойынша дефолт жариялады. Орыстардың ұлттық валютасы – рубльдiң бағамы күрт төмендеп, Ресейдегi шетелдiк инвесторлар орыстардан сырт айналды. Бiрақ әлемдiк нарықтағы мұнай мен газ, металл бағаларының өсуi инвесторларды орыстармен қайта «қауыштырды». Үстiмiздегi жылы халықаралық қор қайтадан қиын кезеңдi басынан өткере бастады. Сарапшылар пiкiрiнше, Американың ипотекалық дағдарысы қытайлық экономиканың өсу қарқынына кесiрiн тигiзуi мүмкiн. Ал, бұл әлемдiк нарықтағы шикiзат бағасының төмендеуiне ықпал етпек. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржылық жағдайды талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылык талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл турлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай – ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субьектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдынғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сиқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы таңдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржылық жоспарлау мен болжау

Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материялдық-заттай элеменнтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процес тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгілінітін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, құралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған прцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болп табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны Міндеттері Қағидаттары мен әдістері

Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материялдық-заттай элеменнтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процес тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгілінітін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, құралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған прцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржының мәні

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып , дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктердің дамуымен тығыз байланысты болады. Осы қаржы терминін енгізген адамын табу өте қиын , айту қиын. Бұл терминнің авторлығы 1577 жылы « республика туралы алты кітап » деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржының мәні , оның даму заңдылықтары , тауар – ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:

 әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық
құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып , оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
 кез келген қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржыбилеуші
таптың мүдделрін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
 өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін
тудырады. Мәселен , құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе , мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар – ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
 егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қарттарға әлеуметтік көмек көрсету

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы егде адамдардың көптеген құқықтарын бекітеді, бірақ құқықтады жариялау оның автоматты, әсіресе егде адамдардың әлеуметтік жеңілдіктеріне, ақысыз медициналық көмек алуға және дәрі-дәрмекпен ақысыз қамтамасыз етілуіне қатысты ережелерге қатысты құқықтық іске асырылуын білдірмейді.
Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған конституциялық нормаларды іске асыруға бағытталған заңнамасын 3 бөлікке бөлуге болады: жасына тәуелсіз барлық азаматтардың, оның ішінде егде адамдар үшін аса маңызды құқықтарды бекітетін нормалар; егде адамдардың құқықтарына тікелей қатысты нормалар; егде адамдардың ерекше санаттарының ережелерін реттейтін нормалар.
Бірінші топқа көптеген заңнама актілерінде: Азаматтық кодексте, Жер кодексінде, «Неке және отбасы», «Азаматтардың денсаулықтарын қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңдарда бекітілген нормалар жатады.
Екінші топтағы нормаларға «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарды жатқызуға болады.
Үшінші топқа, мысалы, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылған және жасына жеткен жағдайлар бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Ұлы Отан соңынына қатысушы мүгедектерді және оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы», «Жерасты және ашық кен жұмыстарында еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Заңдар жатады.....
Рефераттар
Толық

Психология | Қарым қатынас психологиясы

Адам қоғамнан тыс өмр сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келсімен екәншә біп адаммен қарым- қатынасқс түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарм-қатынас жасай білу де қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екндігі белгілі. Өзгелеромен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым –қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәілмет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарға меңгереді. әрине қарым-қатынас ақпарт алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кең көп қырлы ұғым. Спектакель көрсекте, лекция тыңдасақта , телефонмен хабарлассақ та, дос- жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым- қатынастың сан алуан қырлары. ....
Рефераттар
Толық