“ALSER COMPUTERS” компаниясы Қазақстанның компьютерлік нарығында 1995 жылдан бастап келеді. Қазіргі кезде бұл компания Қазақстанның ең мықты деген алғашқы компьютерлік компанияларының бірі. Ол нарықта пайда болғаннан бастап, өнімін сату көлемінің өсуімен және тұтынушыларының артуымен ерекшеленіп келеді. Компания жоспары – Қазақстан нарығына уникалды шешімдерді құрушы және цифрлық технология әлемінде шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын мықты компютерлік техника әлемін құру ....
Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы ¬¬¬¬– оның орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы. Нарықтық қатынастар толыққанды болу үшін міндетті түрде бәсеке болуы шарт.Сондықтан осы бәсекеде жеңіп шығу үшін ақпараттың жеткілікті болуы өте маңызды.Бүгінгі күні әрбір компания өз ісін бастамас бұрын маркетингтік зерттеулерге жүгінеді.Яғни, тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп, тауарға деген сұранысты анықтай бастайды.Соңғы он жылда Қазақстан нарықтық қатынастарға бет бұрып,экономикасы дамыған алдыңғы саптағы елу елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр.Қойылған мақсатқа жету үшін республикамыз ішкі және сыртқы рынокты білуі шарт.Бұл жерде маркетингтік зерттеу әдістерінің атқаратын ролі зор.Қазір маркетинг ақпаратты өз бизнесінде дұрыс пайдалана білген нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізіп нарықтық ортада лидерлық позицияға шығады,Қазақстан экономикасының ілгері жылжуына өз үлесін қосады. Сондықтан сөз етіп отырған тақырыбымның өзектілігі осыған саяды. ....
Өнеркәсіп ортасында өнім ең "сезімтал" элемент болып келеді. Шындығына жүгінсек, көп жағдайларда кәсіпорынның ашылуына тауар (өнім) негіз болады. Нақтылап айтсақ, өнім арқасында, өніммен бірге кәсіпорын тіршілік етеді, ал кейде жұмысын тоқтатады, бұл сататын жақсы тауардың (өнім) қолда болуы жеткіліксіз, ол қажеттікке сәйкес болуы тиіс екенін (мысалы, бағасы бойынша), оған қоса оны өз ортасында жарнамалау керектігін байқамаған жағдайларда болады. Классикалық, яғни өнеркәсіпте ескірген құлық-әрекет пен маркетинг арқылы анықталатын құлық-әрекеттің арасындағы айырмашылық дәл осында, бұл жаңа нарықтық жағдайлардан туған. Сонымен, кәсіпорын өзінің өнімдеріне сын көзқарас тудырып, оларды қысқа, орта және ұзақ мерзімдерде тиімді басқару мүмкіндігіне ие болу үшін, үзбей талдауға салып отыруы қажет. Демек, "тауар (өнім) - нарық" атты парды, жаңа өнімдерді енгізу үрдісін, өнімнің өміршең циклін және т.б. зерттеп білу қажет. "Тауар — нарық" пары. Өнім, егер ол ешкімге керек болмаса, сөздің экономикалық мәнінде түкке тұрмайды. Сондықтан ол қажеттілікке сай келуі керек. ....
Маркетинг (ағылшын сөзі - нарық) тікелей аударғанда "нарық жасау" деген мағынаны береді. Маркетинг теориясы XX ғ. АҚШ-да пайда болды. Сол кезде тауарларды сату мәселесі шиеленіскен кезең еді. Осыған байланысты теорияның негізін қалаушылар экономиканың үйлесімді дамуының бірден-бір себебі, айналым сферасының кемшілігі деп тұжырымдады. Олар осы сфераны қайта өзгерту туралы әртүрлі әдістемелер ұсыңды. Алғашқы кезеңінде маркетинг тек сату істерін – сауданы, жарнаманы, несиені қамтыды. XX Ғ. 50-жылдарында маркетинг басқару теориясымен қабысады. Осының нәтижесінде компанияны маркетинг принциптерімен басқару ғылымы пайд болды да, "нарық басқару теориясы" атағына ие болды. Бертін келе, маркетингтің обьектілерінің шегі ұлғая бастады. ....
Маркетинг ортасы дегеніміз –ол фирманың маркетинг бөлімінің клиенттермен тиімді байланыс орнатып, оған әсер ететін белсенді субъектілердің және күштнрдің жиынтығы. Маркетинг ортасы келесі түрлерге бөлінеді: макроорта, микроорта, мелиаорта. Макроорта кәсіпорынның әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды немесе қолайсыз жақтарын сынайды (кесте). Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Солардың қатарындағы аса маңыздылары мыналар: жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, бәсекелестер, клиенттер. Жабдықтаушылар дегеніміз –фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үрдісіне қажет материалдық ресурстарымен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар. Маркетинг тұрғысынан жабдықтаушылардың келесі түрлері болады: ....
Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынас жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан – жақты талдау талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттілігін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды бейнелейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестікті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол тауарды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады, бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т.б с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады.....
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну. Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау. Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen», BISAM, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $. ....
Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұ-ғылданбайды. Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді. Қазақстандық компаниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді, сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста. Мұндай тұжырым қате, жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек, жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады. Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мәнінде жоспарлау барысын қиындатады. Алайда фирма басшылығына өзгерістерді болжауға, оларға барабар қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді. ....
Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұ-ғылданбайды. Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді. Қазақстандық компаниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді, сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста. Мұндай тұжырым қате, жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек, жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады. Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мәнінде жоспарлау барысын қиындатады. Алайда фирма басшылығына өзгерістерді болжауға, оларға барабар қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді. ....
Рынокты талғамдары, талаптары, мәдениеттік ерекшеліктері бар әр түрлі сұраныс деңгейімен сипатталатын тұлғынушылар құрайды. Осы кезде компания негізгі тұтынушылар тобын анықтау барысында олардың мінез-құлқына ерекше көңіл аударуы тиіс. Осы кезде тұтынушылар мұқтаждықтарын толық біліп барьш, өнім ұсыну қажет. Мұқтаждық адамның мәдениет деңгейімен белгіленетін қажеттіліктің өзгеше түрі. Тұтынушылардың мінез құлқының калыптасуында олардың мәдениеті ерекше орын алады. Жалпы мұқтаждықгар келесі негіздеулер бойынша жіктеледі: субъектілері бойынша; жекелей және қоғамдық; абстрактілік деңгейіне қарай; абстрактілік және нақты; өндіріс процесіне катысты: экономикалық және экономикалық емес; өзектілігі бойынша: бірінші. екінші және алысталған. Тұтынушылардың мінез-құлқын оқуға негізделген сатып алушы мінез-құлқының моделі әрекет етеді. Рынок бойынша маманның басты мақсаты - әр түрлі тіркендірушілер мен жауап реакциясы пайда болғанда тұтынушы санасының "қара жәшігінде" болған өзгерістерді білу. "Қара жәшік" екі бөліктен тұрады: 1-шісі сатып алушы сипаттамасы, адамның тітіркендірушілерді қабылдауы мен жауап кайтаруына негізгі әсер етуші; 2-шісі - нәтижесі тәуелді сатып алу шешімін кабылдау үрдісі ....
Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы ¬¬¬¬– оның орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы.....
Ержанов Манарбек (1901-1966) - әнші, актер, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері, Біржан сал (және басқалары) сияқты композиторлар - әншілердің композиторлық-әншілік мектебін лайықты тұрақты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және домбырашы. Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды. Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында оның “Жарыс”, “Аманкелді туралы өлеңі”, “Қойшы әні” және тағы басқа шығармалары жақсы танымал.
Ержановтың шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін оның домбыраға арналған күйлері құрайды. Бұлар “Би күйі”, “Аққу”, “Жетісу” және т. б. Ержанов сондай-ақ, артистік өнерімен де айрықшаланады. Оның артистігі мен әншілігі “Қыз - Жібек” (Шеге), “Жалбыр”(Елемес), “Ер Тарғын” (Сахан) және т. б. опералардағы партияларды шеберлікпен орындауынан көрінеді. Ержановтың өмірін соңғы жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филормониясында белсенді концерттік қызметімен ерекшеленеді. ....
Мамандырылған темір жол контейнері – құрылымы жекелеген және соған байланысты жүктің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған контейнерлер. Мамандарылыған контейнерлер брутто массасының ең жоғары көрсеткіші бойынша былай жіктеледі: - шағын тонналық контейнер (брутто массасының ең жоғары көрсеткіші 2,5 тоннадан аз); - орташа тонналық мамандырылған контейнер (2,5 тоннадан 10 тоннаға дейін); - ірі тонналық мамандырылған темір жол контейнері (брутто массасының ең жоғары көрсеткіші 10,0 тоннадан жоғары); Құрылымынң ерекшелігі бойынша мамандырылған контейнерлер былайша жіктеледі: - параметрлері бойынша әмбебап контейнерлермен сәйкес келетін; - құрылым бойынша әмбебап контейнерлермен сәйкес келмейтін; - с.і. қатты, жұмсақ және құрастырылған. Мамандырылған контейнерлердің әмбебап контейнерлерден құрылымдық ерекшелігі - салмақ түсетін қаңқа ішінде цистерна, бункер немесе жүк жайластырылатын басқа ыдыс орналасады. ....
Дене тәрбиесінің жүйесі. Оның негізгі: дүниетанымалдығы, теориялық-әдістемелік, ұйымдастырудың нормативті бағдарламасы. Дене тәрбиесінің жүйесінің әлеуметтік педагогикалық жалпы қағидалары. Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз-әлеуметтік экономикалық заңдылық пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мәселен үйлестіріп отырған әрі басшылық ететін ұыймдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жұйесінің басты мақсаты күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделді. 1. Білім беру міндеттері-қимылдық ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері-дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту. 3. Тәрбиелік міндеттер-адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастырға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген. Қазақ елінің өз тәуелсіздік бағытындағы даму жағдайында дене тәрбиесінің жүйесін жан жақты жетілдірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жатқан қоғамның құрамды бөлігі бола отырып, дене тәрбиесінің жүйесі жалпы халықтық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін кемденіп отыр.Дене тәрбиесінің жүйесі әртүрлі әлеуметтік топтардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеретін өзара байланысты жекеленгендене тәрбиесі жүйесін құрып тұрады. Балабақша, орта мектеп жасындағы балалар, арнайы орта оқу орнындағы, әскери қызметтегі жоғары оқу орындарындағы жастар осы жүйдегі әлеуметтік ұйым болып табылады. Жоғарыда аталып өткен жүйенің негізгі түсініктеріне тоқталатын болсақ, оларға біздер осы еңбектің соңғы тарауларында кеңінен талдау жасап өкенбіз. Дегенмен, «дене тәрбиесі», «спорт», «дене шынықтыру», т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын білу, ең әуелі, оның ғылыми теориялық анықтамасын білуді талап етеді. Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері. Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заңдылық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді. Дене тәрбиесі негізі 2-бөлімнен тұрады: бірінші спорт, бұл жеке бастың белгілі бір жаттығумен тұрақты түрде шұғылданып, оны кәсіпке айналдыруы. Екіншісі-денешынықтыру. Бұл –жеке бастың өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал «Дене тәрбиесі», «Дене шынықтыру»деген түсініктен туындайтынын анық, негізгі бөлімдерінң бірі болып есептелінеді. «дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі. «Дене шынықтыру мәдениеті» жекеден жалпыға қарай ұласатын «мәдениет» түсінікке жатады. Басқа сөзбен айтқанда, дене шынықтыру халық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру адам өзінің денесін дамытып өзгерту жолындаған қызметтің нәтижесі және оны осы жолдағы процесс деп ұғынған жәнеөн деп есептейміз. ....
«Отан» ордені «Отан» ордені 1993 жылы тағайындалған. Аталған орденмен мемлекеттік және қоғамдық қызметінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, мемлекеттік құқық қорғау және әскери қызметтегі демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады.
І-ші дәрежелі «Барыс» орденінің жұлдызы «Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. «Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады. Орденнің 1-ші дәрежесі жұлдызша мен аспалы жолақтан тұрады.
І-ші дәрежелі «Барыс» ордені «Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени-қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. І-ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады.
ІІ-ші дәрежелі «Барыс» ордені «Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. ІІ- ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады. ....
Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер.Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.Банктер мемлекет пен кәсіпорындардардың,акционерлік қоғамдар мен ЖШС-дің ,мектептер мен ауруханалардың,институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшасын шоғырландырып,оларды іс жузіндегі капиталға айналдырады.Сонымен қатар банктер төлем,есептеу,несие беру,сақтандыру және тағы да басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді. Банк деген ұғым не,ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік.Банк деген ұғым италиян сөзі bank-орындық,айырбас орындығы-айырбас орны деген мағына береді.Тарихта банктың ең жай қызметі,мысалы,тұқым сатып алуға несие алған жағдай б.э.д.VIII-Vғғ Вавилонда кездескен.Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте,Грецияда,Римде зәулім ғимараттар салған. Капитализмнің алғашқы даму сатысында комерциялық банктер банкнота шығаруды капитал шығарудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды.Дегенмен несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерге шоғырланды.Бұл банкноталардың төлем айналымында кең қолдануын қамтамасыз етті.Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің банкнота шығаруының бір жерге шоғырлануынан пайда болды.Алғашқыда ол эмиссиялық банк,кейіннен орталық банк деп аталды.Мұндай атақ оның несие жүйесіндегі басқаруына сай беріледі.ХIХ-ХХғғ көптеген мемлекеттерде банкноталарды шығару бір эмиссиялықбанкте шоғырланып,ол мемлекеттің неси жүйесінің түйіні ретінде экономиканы реттеудің орталық қызметін атқарады.....
Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді. Мемлекеттік экономикалық саясат ақша-кредит, салық-бюджет, баға және антимонополиялык, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор биржасы, салық, кеден және басқа органдар секілді жаңа мемлекеттік институттарды қалыпта дамытуды талап етті. Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерін алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеш алмас едік. Ал олар анық көрініс берді. Тұтыну тауарларын өндіру барынша азайды. Қаңыраған сөрелер сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетіп тұрды. Тек бағаны өсіру есебінен пайда қуушылықтың жалпыға ортақ жарысы басталып кетті. Тауар тапшылығы, өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап болған біз бірінші кезекте бағаның ырықтандырылуын жарияладық, ол нарықка өтудің табанды қадамы болды. Сұраныс ұсынысты туғызады деген классикалық кестені іске косу керек болды. Бірақ та адамдар бұл шараны, бағалар кілт аспандап кеткендіктен, ауыр қабылдады. Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен ұсынысты ескеріп емес, саяси және идеологиялық себептер бойынша белгіленетін. Сондықтан да экономика әрдайым тапшылыкты және инфляциялық болды. Оның үстіне тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық ақша проблемасын жоспарлы экономика әдістерімен шешу мүмкін емес. Бұл жағдайдан бірден-бір шығу жолы тұмшаланған инфляцияны ашық инфляцияға айналдыру болып табылатындықтан, кесімді бағалардан еркін бағаларға біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын еді, сондықтан да онымен классикалык, әдістер бойынша күресу көмектеспеді. Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай тез жүрді, кезектер жоғалды, карточкалық жүйе алып тасталды. Адамдар өз бизнесін ұйымдастыра бастады, белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік бастамашылық көрініс берді. Бұл сұраныс пен ұсыныс экономикасының алғашқы нәтижесі болды. Бірақ та өндіріс тоқтап, байланыстар үзілген ретт біздің біртұтас рубль аймағында тұрып жатуымыздан жағдай күрделі болып қала берді. Мұндағы келеңсіз үрдістер Мәскеу жүргізіп отырған жүйесіз ақша эмиссиясымен айқындалды. Ресейден Қазақстанға ескі рубльдер вагондап жөнелтілді, мұның өзі инфляция үшін нәрлі топырақ болды. Біз таңдау алдында тұрдық — не ақша массасын қысу керек, не бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату керек. Екінші нұсқа ескі кезеңдерден әлдеқайда қалыпты болып көрінетін, бірақ та әу бастан-ақ реформалар қисынына қайшы келетін....
Кез келген елдің экономикасын басқару процесі мемлекеттің әртүрлі экономикалық сфераларға әсер етумен байланысты. Мемлекеттің әсер етуінің негізгі мақсаты: елде экономиканың тұрақты өсудің нәтижелері, қызмет көрсету және тауарларға тұрақты бағаны қамтамасыз ету, халықтың еібекке жарамдылығы, халықтың өмір сүрү деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз ету. Бұл мақсаттар өзара байланысты және оларға бір уақытта жету мүмкін емес. Экономиканы басқару тепе теңдігінің нәтижелері мемлекеттің экономикалық саясатының негізі болып табылады. Мемлекетті реттеудің негізгі құралдарының бірі- салықтық саясат болып табылады. ҚР-ның салықтық саясаты елдің территориясындағы жеке және заңды тұлғалардан, яғни төлеушілерден алынатын салықтар,жинақтар т.с.с төлемдер жинағы болып табылады. Барлық салықтар, төлемдер,жинақтар т.б төлемдер Қазақстанның бюджет жүйесіне түседі және мемлекеттің ақшалық табысын құрайды. Мемлекетте жинақталған құралдар әлеуметтік, қорғау,құқықтық қорғау және т.б. қызметтерді орындау үшін керек. СССР кезінде мемлекеттік кәсіпорындарын алынған төлемдер салықтық мінездемеге ие болған жоқ. Қазақстанда нарықтық өзгертулерді жүзеге асыру нәтижелерінде салықтық қызметтерді құруға әкеп соқты. Мұнда салықтық және төлемдер жүйесі арқылы экономикаға әсер ететін мемлекеттік қаржылық механизм болып табылады. ҚР-сының салықтық қызметін мемлекеттік органдар жүйесіне кіреді: -ҚР-ң мемлекеттік салықтық қызметі; -Орталық Республикалық органдарды мемлекеттік басқару; -ҚР-ның құрамына ұлттың немесе республиканың мемлекеттік инспекциялары; -Мемлекеттік салық инспекцияларын аудан, область, автономды құру, аумақ, қала бойынша бөлу; -Қаладағы мемлекеттік салық инспекцияларын аудандар бойынша бөлу; ....
Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс. Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы байланыстар құрайды. Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе, саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен байланысын қамтиды.
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие. Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады. ....
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тең құқықты мүше ел болып кіруі одан, яғни, Қазақстан Республикасынан басқа елдердегі халықаралық, қаржы капиталының, либерализациялық қозғалысын оқып үйренуді талап етуі. Қазіргі таңда мұның маңызы өте зор. өйткені, ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін әлемдегі шаруашылық факторларын білуіміз қажет. Сонда ғана экономикалық өсу болады. Зор макроэкономикалық мақсатқа жету үшін халықаралық қаржы мен әлемдік экономиканың глобализациялық және либерализациялық процесіне қосулу керек. Халықаралық қаржыны либерализациялау үшін елде әр түрлі реформалар жүргізу қажет. Мұндай реформалардың әр елде өз ерекшеліктері бар. Және бірнеше сатыдан тұрады. I саты: Әлемдік қаржы жүйесінің құрылуы. Соғыстан кейінгі жылдарда халықаралық қаржы капиталы қозғалысының либерализациялау мәселесі көтерілген де жоқ, Әр ел сыртқы қарызын өтеумен, құнсызданған ұлттық валютасын, бұзылған экономикасын жөндеумен әуре болып кеткен еді. Шетел валютасы арқылы жасалған кезкелген істер мұқият тексерістен өтетін. Нарықтық экономикаға макроэкономикалық тұрақтылық міндетті емес еді. Шекаралардың ашылып, шетел капиталының енуі ел экономикасының құлдырауына әкелді. Ақшалай несие және фискальді саясат экономикалық тұрақтылықты сақтайды деп есептелінді. 1952 жылдан 1962 жылдар аралығында канада ұлттық валютасын еркін қозғалысқа жіберді, ал гармания 1957 жылы капитал қозғалысының шоттарын либерализациялады. Осы кезеңдерде халықаралық экономикалық қатынастар дамуының негізінде қаржы капиталының халықаралық нарықтары құрала бастайды. Одан қаржы активтерін сату мен сатып алу жүргізіле бастады. Қаржы капиталының халықаралық нарықта әр елдің активтері бір-біріне алмаса бастады. Яғни, әлемдегі валюта, несие, қаржы нарықтары бір-бірімен алмасты. ....
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резерфтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары. Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға көшцге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және әшкә товар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады. ....
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi ....
Ең біріншіден қаржы түсінігі туралы айтатын болсақ , онда қаржы ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану үдерісіндегі экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржы өндірісті тұтыну қажеттіліктеріне сәйкес икемдеу, шаруашылық саласында үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне мүмкіндік беру үшін қажет. Қоғамдық қажеттіліктерінің артуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі ақша қорларының құрамы мен құрылымының өзгеруіне әкеледі. Қаржысыз өндірістік қорлардың кеңейтілген нысандағы жеке және қоғамдық өндіріс айналымын қамтамасыз ету, экономиканың аумақтық және салалық құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді жедел енгізуді ынталандыру және қоғамның басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес. 2003ж-2005ж арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламаны қабылдар қарсанындағы үш жылды қатарына «ауыл жылдары» деп жариялаған атақты жолдауында Елбасы құжаттың мақсаты мен маңызын айқындап берген болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Республикалық бюджет есебінен 150 млрд.теңге қарастырылып, әр жыл сайын бөлінген қаржы көлемі 9-10 млрд.теңгеге өсіп отырады деп жоспарланды. Сондай-ақ бағдарламада белгіленген барлық шаралар өз нәтижесін беріп отыр. Кодекс жүзеге асырыла бастаған өткен жылдың өзінде ғана екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығына 125 млрд. теңгенің несиесін құйды. Ал оның алдында банктерден біздінң сала үшін 1 млн.теңгенің несиесін алудың өзі үлкен мұн болатын Сондықтан аталған бағдарламаның маңызын республикалық бюджеттен бөлінген 150 млрд.теңгемен ғана есептеуге болмайды. Оның тигізген пайдасы бұдан әлдеқайда зор. Өйткені осы құжатта белгіленген шараларды жүзеге асыру арқылы саланың әлеуметтік қуаты арттырылады. Ауыл шарушылығының тиімді жүйесі құрылып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Құжаттың сондай-ақ саланы жаңа техникалармен жарақтандыруға , оның бәсекелестік қабілеттілігін арттырып, ішкі рыногымызды жаулап алған импорттық өнімдерді ығыстыруға, экспортына қарай бағдарлануына үлкен көмегі тиді. Осы үш жылдың ішінде бұл сала, мемлекеттік лизинг арқылы алынғаны, шаруашылықтардың өздерінің сатып алғандары бар, жалпы жиыны 4380 комбайнмен, 3490 трактормен, басқа да көптеген ауыл шаруашылығы техникалармен байыды. Республика облыстарында 14 МТС құрылып жұмыс істеп жатыр. Ең бастысы осы үш жылдың ішінде ауыл адамдарының тұрмыс – тіршілігі жақсара түсті. ....
Қазақстан жерінде бұл жазық Орал тауларынан Алтайға дейін (ені 200-250 км) жіңішке алапты алып жатыр. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни ылдилай береді. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі 200 м, солтүстігінде 100 м. Батыс Сібір жазығының, қазақстандық бөлігі палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой дәуірінде теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек, сондықтан тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұңқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 10-15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі. Ішкі ерек-шеліктеріне сәйкес Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігі 4 ауданға бөлінеді: 1. Есілдің жазық орманды даласы, 2. Тобыл-Обағанның жазық даласы Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланық (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы 200 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (567 м), Айрық (633 м). Тау Оралдың жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерінен мүжіліп, аласарған таулардын, қатарына жатады. Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Берсүгір ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфозданған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыар-қаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялық, денудациялық процестер әсер еткен. ....
VІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлексттер Көне жене Батыс түрік қағанаттары еді. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кен байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдьң солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. 546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған) басқаруымен тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға (жуань-жуань) карсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы көктемде түріктер аварлардын ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады. Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енисей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты. 563-567 жж. Эфталит патшалығын басып алды. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты. Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксан Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары билік үшін кырқыс басталды. Өзара қыркыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Түрік қағанатындағы өзара қырқыс 603 жылы оның екі дербес Шығыс жөне Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы — Жетісу жеріндегі Суяб қаласы (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде). Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттын негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - "он тайпа" (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен катар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы баска қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды. ....
Адамзат тарихында ірілі- уақты он бес мыңға жуық соғыстар өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен ең жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі болған Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқараста өзгеріп келеді. Қазіргі кезеңнің бір қасиеті-баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың жаңа Қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым 1941- 1945 ж.ж. Ұлы-Отан соғысының тарихынада тікелей әрі толығымен қатысты. Осынау қырғын тұрғысында жүздеген кітаптар мен мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол соғыс жайлы нағыз шындық әлі айтылған жоқ. Қазір соғыстан кейінгі он жыл ішінде ол жайлы естелік әдебиет болмағанын көз алдына елестету қиын. Бұған соғысқа қатысқандарды кінәләудің жөні жоқ, өйткені оның тарихын терең зерттеуге тек партияның XX съезінен кейін ғана мүмкіндік туды. Соғыстың сан өткелінен өткен жауынгерлер Сталиннің 1945 жылғы мамырдағы қошамет сөзін (тостын) жиі еске алады. Онда 1941-1942 жылдарда қиын-қыстау тұстарда жіберілген бір қатар қателіктерді тікелей мойындау және оларға әдейі баға беру бар, өйткені Сталин (үкімет) деген сөзді келтіргенде алдымен өзін алға тартуға әдет еткен еді. Әрине мұның бәрі жөн. Бірақ Сталин өзінің бұл сөзімен өзгелерді, олардың ішінде тарихшыларды соғыс барысына дұрыс та сыни тұрғыда баға беруге шақырған жоқ. Қайта ол ең жоғары төбе би тәрізді тарихтың осы бір кезеңіне тек өзі ғана баға беріп, алдағы уақытта бұл оқиғаға басқаша баға беру мүмкін еместігін анық аңғартқанды. Оның айтқаны өткен жайлы ашы шындықты әйгілеуге шақырғандай болғанымен, іс жүзінде бұрынғыны әрі қарай зерттеуге мүмкіндік бермей, бұл тақырыпқа соңғы нүкте қойғандай әсер қалдырғандай болатын. ....
Қазіргі кезде Қазақстан территориясында 100 астам ұлттар мен ұлыстар өкілдері тұрады. Әрбір халықтың өмір салты әдет-ғұрпы мен дәстүрі, еңбек дағдылары жөнінен ерекшеліктері болады. Мұнда жергілікті ұлт қазақтардан басқа орыс, украиндар, белорустар, немістер, өзбектер, ұйғырлар және т.б. ұлт өкілдері тұрады. Қазақтардың көпшілігі республиканың мал шаруашылығы дамыған оңтүстік пен батыс аудандарында қоныстанған. Әрбір ұлт өзінің ұлттық қасиеттерін сақтап қалу үшін өз жерінде үлесі 65 пайыздан жоғары болуы керек. 1897 жылы Қазақстандағы халықтың 80 пайыздан астамы қазақтар болса, ал 60 жылдары бұл көрсеткіш 32 пайызға кеміген. Мысалы, 1997 жылғы деректер бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлесі 51 пайыз болып отыр. Қазақтардың ең көп қоныстанған жері Қызылорда облысы, онда облыстағы халықтың 93 пайызы қазақтар болып табылады. Атырау облысында – 84, Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облысында 60 пайыздан асады, ал қазақтардың ең аз қоныстанған жері – Қостанай және Павлодар. Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi. 1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. ....
Қазақ халқының тарихы сонау көне дәірден басталады. Қазақстан жерінде X-XII ғасырларда ортағасырлық Отырар, Тараз, Сығанақ, Сұран т.б., көптеген қалалар туындап, мәдениет, ғылым және өнер орталықтары болды. Сол ғасырлардағы өзіне тән сәулеткерлік ескерткіштер – Қожа ахмет Яссауи, Бабаджи хатун, айша бибі, алалаш хан п.б. ғимаратар келесі ұрпақтар үшін-тарихи куәгерлер. Мұның өзі сол заманның экономикасы мен мәденитінің едәуір дамығандығының белгісі. Нарықтық экономикаға көшу-ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанымыздай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік – экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудан құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында әлемдік тәжірибе ескере отырып, экономикалық дербес дамудың Жолдарын қарастыру міндеттері тұр. Қазақстан Республикасының ұлан-ғайыр жері, оның еркше бой қазыналары, табиғи-экономикалық қолайлы жағдайлары бар. ....
Нарықтық экономика ұтымды жұмыс істейді, егер де мына болжамдар орындалып жатса:
1. Товарды қанша көлемде өндіру керек, қандай қызмет атқару керек. Қолда бардың қаншасын немесе қандай бөлігін жұмсау керек немесе өндіріс барысында пайдалану керек. 2. Не өндіру керек, яғни қоғамның материалдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз ететін товарлар мен атқаратын қызметін анықтау. 3. Қоғамға қажет товарлар қалай өндіріліп , қандай қызмет атқарылуы керек, яғни өндірістің тиімді түрлерін және өндірісті ұйымдастыруда қандай технологияны қолдануды анықтау. 4. Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек, яғни өндірілген өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек. 5. Өзгерістер бола қалса қатысушылардың соған бейімделе біліуіне қол жеткізу, яғни тұтынушылар тарпынан сұраным өзгере қалса экономика тез соған бейімделіп, қол-дағы алым-берім мен өндіріс технологиясы жасалу керек.
Нарықтық қатынас дегеніміз – аталған бес шарттың міндеттерін шешкен күнде нақты тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым-қатынас сатушы мен алушы арасындағы бітістік болып табылады. Нарықтық қатынас кемеліне келгенде иелік ететін екі жақ та мамандалып, өндіріс технологиясы мен өнімін өткізу, зат өндіру мен қызмет көлемін және олардың бағасын алушы мен өндірушілердің өзара келісімімен нарық белгілейді. Бұған жоғарыдан қатты қысым жасалмайды. Нарықтық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар.Егер тұтынушыға әлде бір өнім көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белглі бір дәрежеде шектеледі.Екінші жағынан өнім көбейген жағдайда өндіруші шығынын жабу үшін бағаны төмендетеді. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында теңестік туады. Нарық өндіретін жалпы әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне де әсерін тигізеді.Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми-техникалық прогресс пен озат тәжрибеге сүйене отырып , оны көптеп шығаруға тырысады.Ал егер өнім пайда бермесе сұраныс жоқ болса немесе азайса , өндіруші өнім шығаруды азайтады. Тұтынушылар мүддесін қанағаттандыруға бағытталған және өндірушілердің баға көтерушілік ниеттерін тежеу , өнімді сатуға байланысты мәселеллермен маркетинг саласы айналысады. Нарық дегеніміз шаруашылық байланыстардың белгілі көрінісі болғандықтан бөліс, сұраным мен тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп отырады. ....
Бiздiң елiмiзде “Қазақстан -2030” атты ұзақ мерзiмдi стратегиялық экономикалық даму бағдарламасы бар және де орта мерзiмдiк, он жылдық даму жоспары сәттi жүзеге асырылып ол ойдағыдай жақсы қарқынмен iлгерi дамып келедi. Әсiресе осы соңғы жылдары Қазақстанда нарықтық қатнастар жақсы дамып мемлекет тарапынан жүргiзiлiп отырған ұтымды инвестициялық саясаттың нәтижесiнде елiмiз жақсы экономикалық жетiстiктерге қол жеткiзiп, экономикалық өрлеуi мен халықтың тұрмыс деңгейi нақты көтерiле түскендiгi жалпыға мәлiм, әрi әлемдiк қоғамдастыққа да танылып отыр. Үстiмiздегi онжылдықта әлеуметтiк –экономикалық салада жалпы iшкi өнiмдi екi есе ұлғайтып кедейшiлiк пен жұмысыздық проблемасын шешу басты мақсат етiп белгiленiп отыр. Осыған орай экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрленудiң барынша жоғары қарқынына жету осы бағыттағы басты мiндеттер болып белгiленуде. Осыған орай экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудiң барынша жоғары қарқынына жету осы бағыттағы басты мiндеттер болып белгiленуде. Әрине, сөзсiз бұл Қазақстанда инвестициялардың тез өсуiне және жалпы iшкi өнiмдегi жинақтау нормасының артуына тiкелей байланысты екендiгi рас. Мен өз жұмысымда ел экономикасындағы шет елдiк инвестициялар мен компаниялар мен Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мәселелерi мен оларды ұтымды пайдалануға қатысты экономикалық және теориялық проблемаларға талдау жасауды жұмысымның басты мақсаты етiп белгiлеп отырмын. ....