» » » Реферат: Экономика | Қазақстан халқының ұлттық құрамы

Реферат: Экономика | Қазақстан халқының ұлттық құрамы

Реферат: Экономика | Қазақстан халқының ұлттық құрамы казакша Реферат: Экономика | Қазақстан халқының ұлттық құрамы на казахском языке
Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткiшi мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. — 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. — 14684 мың. Кеңестiк дәуiрде, әсiресе, 1930 жылдан кейiн Қазақстан жерiне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 — 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшiру науқаны жүргiзiлдi.
1937 ж. алғашқылардың бiрi болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшiрiлдi. Олар негiзiнен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзiрбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшiрiлген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нiң 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтiң батыс облыстарынан поляктар көшiрiлiп әкелiндi. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына iрге тептi. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Едiл бойынан немiс жұртшылығы, сонан соң 1944 — 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немiстер көшiрiлдi. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшiрiлдi.
Одақтық үкiметтiң 1943 ж. күзде қабылдаған шешiмi бойынша келесi жылдың көктемi мен күзiнде Қазақстанға Солт. Кавказ бен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшiрiлдi. 1944 ж. ақпанда Қазақстан аумағына чечендер мен ингуштер жер аударылды, ал наурыз айында Қазақстанның оңт. аймағына және Қырғызияға балқарлар әкелiндi. Л.Берияның “Қырым АКСР-ның аумағынан Кеңеске қарсы элементтердi тазарту туралы” 1944 ж. 13 сәуiрдегi бұйрығымен Қырым татарларын, болгарлар мен гректердi көшiру науқаны жүргiзiлдi.
Олар Өзбекстанға және Қазақстанның оңтүстік аймақтарына қоныс тептi. 1944 ж. 13 маусымда Мемл. қорғаныс к-тiнiң қаулысымен Грузиядан көшiрiлетiн арнайы қоныс аударушыларды респ. аумағына қоныстандару туралы Қазақстан үкiметiне өкiм берiлдi. 1944 ж. қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарына месхеттiк түрiктер мен күрдтер күштеп қоныстандырылды. Бұдан кейiн Қазақстанға басқа халықтардың көп мөлшерде көшiп келуi тың және тыңайған жерлердi игеру кезеңiнде (1954 — 56 ж.) және өнеркәсiп нысандарын қарқынды салу жылдары (1959 — 65) көбейдi.
Осы жылдары Қазақстанда тұратын жергiлiктi халық саналатын қазақтардың үлесi ең төм. деңгейге жеттi (30%). Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерi тұратын мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшiп келушiлер мөлшерi бiршама азайып, жыл сайынғы мөлшерi 60 — 70 мыңдай адам болды. 80-жылдардың екiншi жартысынан, әсiресе, 1990 жылдан кейiн Қазақстанды мекендеген шет жұрттықтардан көшiп кетушiлер саны өсе бастады. Қазақстан халқының саны 2003 ж. қаңтарда 14862,5 мың адамға жеттi (қ. 4-кесте). 1990 жылға дейiн Қазақстан халқының демогр. жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен, қалада тұрушылар үлесiнiң шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының бiркелкi болмауымен сипатталды.
1990 жылдан кейiнгi кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың өз елiне қоныс аударуы көбейiп, республика халқы едәуiр азайды, қазақ және басқа түркi тектес халықтардың үлесi артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты iшкi көшi-қонның әсерiмен қала тұрғындарының саны өсе бастады. Төңкерiске дейiн Қазақстан қалаларында жалпы халықтың 9,7%-ы тұрды.
Соғысқа дейiнгi жылдарда қала халқының өсуiне Қазақстанның бай минералдық шикiзат қорларын игеру, iрi т. ж. құрылыстарын салу, т.б. факторлар әсер еттi. 1939 ж. қала халқы 3,3 есе өсiп, қалалық елдi мекендер саны 81-ге жеттi. Соғыс жылдарында жаңадан 28 қалалық елдi мекен пайда болды. 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалар халқының үлесi 1939 ж. 28,8%-дан, 1986 ж. 62,6%-ға артты. 1986 ж. Қазақстанда 83 қала (21 iрi, 11 орта, 51 кiшi), 204 кентте жалпы халықтың 58,0%-ы тұрды. 1985 жылдың басында Қазақстанда ауыл-село халқының саны 1970 жылға қарағанда 5,0%-ға артып, жалпы халықтың 42,9%-ын қамтыды.
Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км2) болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км2-не 5,4 адамнан келедi. Тұрғындар үшiн табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңiрлер — Оңт. Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қ-н қоса алғанда). Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығызд. 1 км2-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан келедi. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесi аймақтар — Солт. Қазақстан аймағы: Қостанай, Солт. Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 км2-ге 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келедi. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындарының 10,2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы 1 км2-ге 5,4 адамнан. Орт. Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындарының 9,4%-ы орналасқан. 1 км2-ге 3,3 адамнан келедi. Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар — Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңт. Қазақстан аймағындағы Қызылорда обл. Мұнда бүкiл тұрғындардың 17,7%-ы орналасқан, 1 км2-ге келетiн орташа тығыздығы, тиiсiнше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан. 1999 жылғы санақ жүргiзiлген кездегi ҚР-ның әкiмш.-аум. бiрлiгiнде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елдi мекен болады. Ресми статист. мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.
Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесi 82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау (58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең iрi қалалары — Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде iрiлерi: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Темiртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екiбастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515). Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем (қ. 3-кесте). Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы — Солт. Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%) облыстары).
Әдетте қазақтар көбiнесе ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы он жылдықта олардың қалаларға көшу қарқыны жоғары болды. 1989 ж. қалада тұратын қазақтардың үлесi 38,3% болса, 1999 ж. 45,3%-ға жеттi. Консулдық қызмет департаментi басқармасының соңғы мәлiметi бойынша (2003) әрбiр үшiншi қазақ шет елдерде тұрады, олардың жалпы саны 3,5 млн. адам. Алыс шет елдерде: Қытайда — 1258500, Моңғолияда — 83000, Ауғанстанда — 28000, Түркияда — 20000, Иранда 3450; Балтық жағалауы елдерiнде — 2500, Германияда — 700, Жапонияда — 400, Австралияда — 400. Бельгияда — 28, Сауд Аравиясында 28, Норвегияда — 20, Кубада — 2 адам тұрады. Барлығы 1397028 адам. Сонымен бiрге Францияда — 172, Швецияда — 51, Пәкстанда — 36, АҚШ-та — 23; Австрияда — 18, Швейцарияда — 4, Данияда — 4 отбасы тұрады. Жақын шет елдерде 1814300 қазақ, оның iшiнде Өзбекстанда — 966000, Ресейде — 687800, Түрiкменстанда — 87600, Қырғызияда — 42600, Украинада — 10500, Тәжiкстанда — 10000, Әзербайжанда — 4000, Грузияда — 3000, Молдовада — 2000, Арменияда — 500, Беларусьте — 300 адам тұрады. Қазақстанда ер балалардың дүниеге келуi басым болғанымен әйелдер саны 30 — 34 жастан бастап айтарлықтай көбейедi. 60 — 69 жаста 1,5 есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алғанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым.
Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейiнгi балалар 22,0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейiнгi жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6,1%. Орташа арифмет. жас — небәрi 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлiгi жастар мен балалар. Қазақстан халқының бiлiмдiлiк индексi мен сауаттылық көрсеткiшi жоғары деңгейде. 1990/91 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнында 287,4 мың студент оқыған болса, 1999/2000 оқу жылында жоғары оқу орындарының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мыңға жеттi. Соңғы он жылдықта жергiлiктi тұрғындардың бiлiм алуында серпiлiс пайда болды. Әрбiр 1000 адамның 126-сы жоғары бiлiмдi. Әсiресе, студенттер санының қазақ жастары есебiнен күрт өсуi 90-жылдардың басынан басталды.
Қазiргi кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттерiнiң үлесi 67%. Экономика салаларында еңбек ететiндер арасындағы жоғары және арнаулы орта бiлiмдiлер үлесi айтарлықтай өстi: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары бiлiмдiлер саны орта есеппен 130 адам болса, 1999 ж. 212; арнаулы орта бiлiмдiлер тиiсiнше 234 және 296 болды. Қазiргi кезде жалпы бiлiм беретiн мемл. мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде бiлiм алуда. 1997 ж. республикадағы жалпы бiлiм беретiн жеке меншiк (беймемл.) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқыды. Қазiргi кезде 3455 мектеп мемл. тiлде жұмыс iстейдi. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бiрге сабақ орыс тiлiнде жүргiзiлетiн 2522 мектеп (1462,4 мың оқушы); өзбек тiлiнде — 78 мектеп (77,2 мың оқушы); ұйғыр тiлiнде — 14 мектеп (22,3 мың оқушы); тәжiк тiлiнде — 3 мектеп (2,5 мың оқушы), украин тiлiнде — 1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралас тiлде оқытатын 2112 мектеп бар. Қазақстан үшiн табиғи өсiм тұрғындар саны өсуiнiң негiзгi көзi болып табылады әрi қазақ халқы өсiмiнiң басты факторы болып қала бередi. Мыс., қазақтардың табиғи оң өсiмi 1989 ж. Қазақстан тұрғындарының бүкiл табиғи өсiмiнiң 63,5%-ын құраған болса, бұл өсiм 1991 ж. — 72,4%, 1993 ж. — 88,2%, 1995 ж. — 88,0% болды . ....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 216 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Реферат: Әдебиет | Мусин Қапан Әубәкірұлы
Рефераттар жинағы
Реферат: Әдебиет | Мусин Қапан Әубәкірұлы
Реферат: Тарих | Қазақстандағы 1930 жылдардағы демографиялық апат
Рефераттар жинағы
Реферат: Тарих | Қазақстандағы 1930 жылдардағы демографиялық апат
Реферат: Экономика | Қазақстандағы ауыл халқының қалаға көшуі
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Қазақстандағы ауыл халқының қалаға көшуі
Реферат: Саясаттану | Қазақстан Республикасының демографиялық құрылымы
Рефераттар жинағы
Реферат: Саясаттану | Қазақстан Республикасының демографиялық құрылымы
Реферат: Мәриям Хакімжанова (1906–1995)
Рефераттар жинағы
Реферат: Мәриям Хакімжанова (1906–1995)
Реферат: Қазақ әдебиеті | Абдуллин Хамза
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Абдуллин Хамза
Реферат: Тарих | Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан
Рефераттар жинағы
Реферат: Тарих | Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан
Реферат: Қазақ әдебиеті | Хименко Андрей Максимович
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Хименко Андрей Максимович
Реферат: Қазақ әдебиеті | Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов
Реферат: Қазақ әдебиеті | Шулятиков Василий Александрович
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Шулятиков Василий Александрович
Реферат: Қазақ әдебиеті | Яроцкий Иван Михайлович
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Яроцкий Иван Михайлович
Реферат: Қазақ әдебиеті |Николай Степанович Чуриков
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті |Николай Степанович Чуриков
Реферат: Қазақ әдебиеті | Қалыбай Тасқұлов
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Қалыбай Тасқұлов
Реферат: Қазақ әдебиеті | Қапай Ысқақов
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Қапай Ысқақов
Еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады
Qazaqstan жаңалықтары
Еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады
Qazaqstan жаңалықтары
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Қазақстан халқының ұлттық құрамы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақстан халқының ұлттық құрамы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақстан халқының ұлттық құрамы, реферат Қазақстан халқының ұлттық құрамы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Қазақстан халқының ұлттық құрамы на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Экономика жоспарымен казакша реферат жоспар Қа, Реферат: Экономика | Қазақстан халқының ұлттық құрамы реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы