Тарих | Қазақстан түркі дәуірінде (VІ-ХІІ ғғ..)

Тарих | Қазақстан түркі дәуірінде (VІ-ХІІ ғғ..)

Қазақстан түркі дәуірінде (VІ-ХІІ ғғ..)
Көне түрік, Батыс түрік жөне Түргеш қағанаттары.
VІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлексттер Көне жене Батыс түрік қағанаттары еді. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кен байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдьң солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған) басқаруымен тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға (жуань-жуань) карсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы көктемде түріктер аварлардын ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.
Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енисей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты. 563-567 жж. Эфталит патшалығын басып алды. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксан Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары билік үшін кырқыс басталды. Өзара қыркыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.
Түрік қағанатындағы өзара қырқыс 603 жылы оның екі дербес Шығыс жөне Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы — Жетісу жеріндегі Суяб қаласы (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде).
Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттын негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - "он тайпа" (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен катар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы баска қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.
Қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан каласына жақын) деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған 618-630 жж. билеген кезде қағанаттың күш қуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғанстанға жасаған жана жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік батысына дейін жылжытып кеңейтеді.
'Түрік қағанаты мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды, мал шаруашылығына байланысты көшіп қонып жүрген. Егістік жерлерде түріктер отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып отыратын бөлшектері еді. Елдің халқы - түріктері де, соғдылары да - бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер қәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысқан. Нәтижесінде түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық қеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Түріктер Персия арқылы Византияға жібек және басқа заттар өткізуге рұқсат сұрап, 568 жылы Соғды көпесі Маниахтың басқаруымен елшілік жібереді. Бірақ бұл жолғы сапар сәтсіздікпен аяқталған. Одан кейін VI ғ. 70 жылдары осы елші Кавказ жері арқылы Константинопльге келіп, екі елдің арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың бірігіп, сасанидтер Иранына қарсы қимыл жасау жөнінде келіссөз жүргізеді.
Сыртқы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналасын шығарды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының қарамағындағы шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналысқа көшті. Түрік халқы қолөнерімен де шұғылданып, өмірге қажетті, әсіресе, үй тұрмысына керекті заттарды және қару-жарақтарды жасап пайдалана білді. Түрік қағанаты әлеуметтік түрғыдан алғанда бір жағынан, ақсүйек тайпалар, екінші жағынан, оларға бағынышты, тәуелді тайпалар болып екіге бөлінді. Бағынышты тайпалар алым-салық төлеп тұрған. Қағанаттың басында жоғары билеуші, әскер басшысы, барлық жердің иесі қаған болған. Елдегі барлық билік оның туыстары арқылы жүргізілді. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар - жабғы, ұлық, шад және елтебер-қаған әулетіне ғана тән атақ-тұғын. Сот қызметін бұйрық берушілер, тархандар жүргізді. Қағанаттың негізгі халқы малшы қауым мүшелері, оларды "қара буын" ("қара халық, "тобыр") деп атаған. Түріктердің ежелгі жазуы болған, оны Жетісу жеріндегі ескерткіштерден көреміз. Шығыс пен Батыста, Оңтүстікте ұшы-қиыры жоқ жері бар біртұтас орасан зор мемлекет құрған түрік батырлары "басы барды идірдік, тізесі барды бүктірдік" деген сөздерді тасқа қашап жаздырып қалдырған. "Күлтегін" жыры да осы тас жазуы арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Осы жырдағы Білге қағанның "Ілгері — күн шығысында, оң жақта — күн ортасында, кейін — күн батысында, сол жақта түн ортасында — осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды" деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет қүрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болған. Жергілікті халықтар түріктердің мәдениетіне, әдет-ғүрыптарына көшіп, тілін қабылдаған.
Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық жене саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан таптардың қалыптасуы мен ертедегі феодалдық қатынастардың өрбуі біршама тез іске асты.
Қағанат ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі- жиі ауысуы оның ыдыраушылығын күшейтті. Он алты жылға /640-657/ созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетісуға қытайдың Тан империясы әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеліп соқты. Алайда, түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізілген тынымсыз күресі түргештердін күшейіп көтері-луіне, сөйтіп 704 жылы Жетісуда олардың саяси жетекші күш болып шығуына себепші болды.
Түргеш қағанаты 704-756 жылда аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батые түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бес-балыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан, әскер ұстады.
705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бұхараға аттанады. Осындай қиын кезенде түргештер Согді /Согдиана/ еліне көмекке келеді, Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бұхараны басып алады.
Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билеуші оның баласы Сақал-Қаған болды. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бұл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі еді, бірлік болмады. Батыста түргештер согділермен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған Қытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде /Бөлісу жанында/ түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. Бұл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орталық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, согділер /согдицы/, Шаш /Ташкент/ қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабқа шабуыл ұйымдастырды.
Көптеген қиындықтардан кейін Түргеш қағанаты Сүлік қағанның /715-738 жж./ тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет кара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті өскери қолбасшы Сүлік екі майданда: батысты арабтарға қарсы, шығыста батыс түрік қағандары мирасқорларын (Шығыс Түркістанда_орныққан) қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Фергана қарлүқтарымен жөне Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды. 737 жылы Сүлік арабтарға қарсы жорық үйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сүлік қаза болғаннан кейін билік үшін "сары" және "қара" түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, оның осы жағдайын Тан /Қытай/ империясы ұтымды пайдаланды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябка әскер жіберіп, оны басып алды, Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның баласы арабтардан көмек сұрады. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлұқтар көтерілді. Нәтижесінде қытай әскерлері жеңілісқе ұшырады. Олар Жетісуды ғана емес, Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы құлады.
Сөйтіп, қөшпелі түрік тайпалары қүрған Батыс түріқ қағанатының орнына төрт күшті мемлеқет құрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта жөне төменгі ағысы мен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті, Солтүстік Шығыс жөне Орталық Қазақстанда Кимек қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орталығы болған Жетісу жерінде қарлұқтардың мемлекеті орнады.

Қарлұқ және Оғыз мемлекеттері.
VIII ғасырдың орта кезінде Қазақстан жеріндегі Түргеш қағанатын қарлұқтар талқандап жеңіп, оның орнына 756 жылы түрік тілді олардың тайпалары келіп орналасты. Қарлұқтар Батыс Алтайдан қөшіп келіп, Жетісу жерлерін өздеріне қаратып басып алды. Қарлұқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы — Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.
Жазба деректерге қарағанда, Қарлұқ туралы алғашқы деректер "Суй әулеті тарихында" 581-618 жылдары кездеседі. Онда Қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Ақтағ /Алтай/ баурайларында мекендеген бұлақ /було/ деп аталған.
Қарлұқ тайпалары ҮПІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрін де қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстық көлдің арасын, Ыстыққөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлұқ тайпаларының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар /Фараб/ қаласы маңына барып қоныстанған. Қарлұқтар Талас бойында да тұрды.
Қарлұқтардың құрамына үш ірі ру бірлестіқтері — Моула, Чжисы және Ташли кірді. Бірінші тайпаның аты Моула — бұлақ деп аталған. Басқа бір тобы Чжисышігіл деп аталды. Әмудариядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің бәрін шігілдер деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы — Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы X ғасырда Іле аңғарында, Ыстық көл мен Балқаш көлдерінің арасында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін "жабғу" деп атаған. Олардың астанасы - Қойлық қаласы.
Қарлұқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алған, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі - Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізіп отырған. Қарлұқтар көбінесе ұйғырлармен жөне қырғыздармен соғысып тұрды. Олар батыста Мәуеөенахрдың араб жаулаушыларымен жан аямай күреседі IX ғасырдың бас кезінде қарлұқтар арабтарға қарсы бағытталған әртүрлі қимыл-әрекеттерді белсене қолдайды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан /қазіргі Луговой стансасы/ қаласына жетеді. 812 жылы арабтар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы қимақ еліне қашып қетуге мәжбүр болған.
840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тарихи оқиға болады. Енесей қырғыздары Ұйғыр қағанатын жойып, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді, Бұл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, Қарлұқ жабғысы Білге құл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жаңадан қаған атын алып, өзінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жариялайды. Бірақ осы жылы Орта Азия саманилері оған қарсы шығып, Исфиджабты басып алды. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала құлап, халқы ислам дінін қабылдайды. Оғұлшақ өз ордасын Тараз-дан Қашқарға көшіреді де, саманилерге қарсы соғыс әрекеттерін одан әрі жүргізе берді. Бұған қоса Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп қоймай, олардың мемлекетіне жорықтар жасап тұрды. 904 жылы олар Мөуеренахрға басып кіреді, бірақ біраздан кейін кетуге межбүр болады.
Қарлұқтардың феодалдық мемлекет болуымен байланысты, онда еншілік тайпалық жүйесі қалыптасты. Бұл, әрине, басқарудың орталықтанған түрінің бекуіне жәрдемін тигізбеді, өйткені ірі-ірі тайпалар тұрған, енші жер-суы бар билеушілер өздерін жартылай дербес, ал шын мәнінде тәуелсіз иеліктерін көбейтуге тырысты. Осының салдарынан қарлұқ жабғылары билігінін аты болмаса, заты жоқ-тұғын.
Қарлұқ феодалдық коғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан баска қауымның ешбір құқы жоқ тобы - құлдар-тын. Халықтың негізгі белігі - қоғамның қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын. Тарихи деректер бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Түзын, Балиг, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пенчуль т.б. Қарлұқтардың астанасы және олардың көптеген қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан, ал бұл жолдың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу үшін елшілік жөне сауда-саттық байланыстар арнасы ретінде де орасан зор маңызы болды.
Дегенмен Қарлұқ қағанаты өз қолына берік саяси-экономикалық байланыс жүйесін орната алмады. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс оның береке-құтын қашырды. Міне, осындай қиын жағдайда шын мәніндегі қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келді. 940 жылы олар Баласағұнды басып алады да, Қарлұқтар мемлекеті құлайды.
Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты.
Оғыздардың ата-бабаларының қоныстанған жерлері ЬІстықкөлдің маңы. Қазіргі кезде оның жағасында "9 оғыз" деп аталатын демалыс үйі бар. Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, Қарлұқтардың шабуылынан қейін Оғыздар Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы печень бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура келеді. Соның салдарынан оғыздар осы өңірдегі бұрыннан тұратын халық-тармен одақ құрады. Оның құрамына Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындары, Сырдария аңғарындағы, Арал маңындағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондай-ақ, оған Жетісу мен Сібірдің жартылай қөшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді. Бұл одаққа енген тайпалар Қазақстанның далалы аймақтары мен өзендерінің жағасында, көлдердің маңында көшіп-қонып жүрді.
Истархи "Қитаб месалиқ әл-мемалик" кітабының дерегі бойынша, Оғыз елі хазаралар мен қимақтар арасындағы жерлерді қамтып, Қарлұқ пен Бұлғар және мұсылман елдері Джурджана, Фараб, сондай-ақ, Исфиджабпен шектесіп жатқан. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.
IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз
тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың
қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің
бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен
Исфиджаб шегіне дейін жайылған. Олар Сырдарияның орта
және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Қаспий
аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иеленетін
отырықшы облыстармен, Хорезммен, Мәуеренахрмен және
Хорасанмен шектесіп жатқан.
X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын ұлан
дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің құла түзі, оңтүстік-
шығыс Қарақұм шөлі мен Арал аймағының Қызылқұмы Оғыз
сахарасы деп аталған. Оғыздардың түрік тайпаларының
қарлұқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген
соғыстары жөнінде тарихи деректерде сақталмаған.
X ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы — Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол қимақ даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нұра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығанақ пен Онтүстік Оралға баратын керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен.Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын көл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған, Оғыз хандарын сайлау кеңестерде өткізілген, бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген түрі тәрізді. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің "сюбши" деп аталатын бас қолбасшысы маңызды рөл атқарған.
ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық қатынастар дамиды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғаны көрсетеді.
Оғыздар қоғамында жекеменшік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік тенсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен бірге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен. Оғыздардын басты шаруашылығы мал өсіру болған. Көшпенділермен қатар елде жартылай отырықшы және отырықшы шаруашылық қалыптаса бастады. Х-ХІ ғасырларда Оғыз жерінде Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ қалаларының болғандығы айтылады. Оғыз көшпенділері Мөуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты, егіншілігі дамыған аймақтармен тығыз байланыс жасап түрған.
Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсы-балгерлерге сенген. Сонымен бірге олардың арасында бірте-бірте ислам діні де ене бастайды. Оғыздар Еуразияньщ саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святославпен одактасып хазарларды талқандады. Киев русьтары өздеріне бәсекелес хазарлардың жеңілгеніне қуанса, оғыз шонжарлары Дон және Қара теңіз жағасындағы тамаша жайылымға ие болды.
X ғасырдың аяғында оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Ёділ Бұлғариясын жеңді. Оғыздар Еділ бойынан, Маңғыстаудан оғыздар Манкишлак деп атаған үстірттен өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды сауда және әскери стратегиялық жолдарды басып алғысы келді, бірақ оған қол жеткізе алмады.
XI ғасыр басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алым-салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларынын көтерілісі себеп болды. Бұл жағдай X ғасырдың екінші жартысында өкімет басына келген Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған салжұқтардың көсемдері пайдаланады. Салжұқ қөсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жент қаласын басып алады, бірақ оны ұзақ ұстап тұра алмайды. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір қүшейеді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады. Алайда, арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмөлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Аяғында келіп жабғы мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлайды.
Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы бөлшектердің бірі болды. Оғыз этнонимдері Кіші жүз бен Орта жүздегі қазақ рулары мен тайпаларының аттарында сақталған.
Қимақ және қыпшақ хандықтары.
VII ғасырда қыпшақ пен қимақ /кимек/ тайпалары Ертіс бойын жайлаған. Бір ескертіп айтатын жәйт, кимектер мен қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін айтылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер бойынша бұлар екі халық, бірақ түркі тілді туыс тайпалар болған VIII ғасырдың орта кезіндегі қимақтардың көршілері — Ертіс бойындағы қарлұқтар және Енисей бойындагы қырғыздар еді. IX ғасырдың бас кезінде қимақтардың кейбір топтары Жетісу жеріне өтіп, тоғыз оғыздарға қөрші болды. Кейінірек қимақтардың біразы оғыздармен бірғе Орал аймағына, Арал және Каспий маңындағы далаларға орналасты және 840 жылдары кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тайпадан: еймур, имек, қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан тұратын кимек федерациясы құрылды. Ал X ғ. басында-кимек мемлекетінің құрамында 12 тайпа болған. Орталығы — Хақан қаласы. Қимақтардың ең үлкен басқарушысы хақан деп аталған. Қимақтар өздерінің хақанымен бірге Орта Ертіс өңірінде тұрған. Бұлардың 16 қаласы болыпты. Олардың бастылары Хақан, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен қиетін болған, кедейлері жұпыны киінген Қимақ қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нетижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында өлеуметтік теңсіздіктің орын алғанын байқаймыз. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде тұрған, бұл меқендер бірте-бірте қалаға айнал-ған. Сөйтіп, қимақтардың жерінде феодалдық қатынастар орныға бастайды.
IX ғасырдың екінші жартысы мен XI ғасырда қимақ-
қыпшақ тайпалар одағының негізінде ертедегі феодалдық
мемлекет қалыптасты. Қаған елді қөптеген басқарушылары
арқылы билеген. Соңғылары салық жинаумен айналысқан.
Қимақтар мен қыпшақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне
түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған,
Қимақтар мен қыпшақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көқ төңірісі ата-бабаларына сиынған. Қимақтар мен қыпшақтар қүнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Өлгендерді өртеп жерлеген. Ертіс өзенін қасиет тұтып, "өзен-адамның тәңірі" деген. Тас сымбат /мүсін/ қойып, оған табыну салты кеңінен тараған.
X ғасырда ондаған тайпалардың бірінен соң бірінің
шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Сондықтан
қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария
өзенінің бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің
солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды
оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшіп баруға мәжбүр
етті. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақтар қимақ
мемлекетінің орнын басты. Қыпшақтар мекендеген жерлерді
"Дешті қыпшақ", яғни қыпшақ даласы деп те атады. XI ғасырда қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетті.
XI ғ. орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан /Еділден/ батысқа қарай жылжыды, сөйтіп Шығыс Еуропа елдерімен, орыстармен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қоғамдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы - VII ғ. екінші жартысы -VIII ғ. соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғ. аяғы — XI ғ. басы. Бұл кезде кыпшақтар Алтай және Ертістің Орал таулары жөне Еділге дейін қоныс тепті Қыпшақ тайпалық одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. XI ғасырдан XIII ғ. басына дейін қыпшақтардың дамуының үшінші кезеңі жүрді. Бұл кезде қыпшақ хандарының мөртебесі, күш-қуаты өсті. Олардын этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.
Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстіқте Тараз қаласына жетсізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара - Балқаш көлі жөне Алакөл ойпаты болды. XII ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шек¬тесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан темен қарай хан, тархан, басқақ, бек, байлар тұрды. Негізгі байлығы жылқы, кейбір бай ақсүйектері 10 мыңға дейін жылқы ұстаған. Кедейлері мал бағумен айналысқан. Сейтіп, қыпшақ хандығы ерте феодалдық мемлекет болып саналады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?