Психология | Қараңғы мезгілде автомобильді басқару

Психология | Қараңғы мезгілде автомобильді басқару

2. Негізгі апат тудырушы себептері
1. Жүргізушінің көру қабілеттілігінің төмендеуінің бірнеше факторлары бар. Олар:
- географиялық орналасуы.
- айдың жарқырауы.
- бұлттың тығыздығы.
- өңірдің өзгешеліктері.
- жыл мезгілі.
- метрологиялық жағдайлар.
Көз көруінің нашарлауы, жолдың нашар жарықтандырылуы. Жүргізушінің қарсы келе жатқан автомобиль фарларымен шағылысуы, фарлардың жұмыс істемеуі немесе дұрыс көрсетпеуі, жүргісушінің жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі. Ресей мамандарының зерттеулері бойынша жолдардың дұрыс жарықтандырылуына байланысты қаладағы жол апаттарының саны 30%-ке дейін болса, ауылды жерлерде 45%-ке дейін төмендейді. Ал керісінше жарықтанған жерлер саны аз болса апат саны өседі. Гамбургете жолдарының жарықтандыруды екі сағатқа азайтқан кезде жол апаттары 5%-ке өсті. Нәтижесінде 2 жылда содан болған зиян шығындар 17,6 млн. маркаға бағаланды, ал энергияны үнемдеу тек қана 2 млн. маркаға жетті.
Бұған қарамастан болашақта тек қана автомобиль жүру қарқындылығы жоғары аймақтар, қалаларға және ауылды аймақтарға күні бойы жарықтандырумен қамтамасыз ету мақсат етілуде.

Негізгі бөлім.
1. Түнде көлік жүргізу және жүргізушіге әсері.
Жалғыз автомобильдің жүру қарқындылығы яғни жүргізуші жүру жолында басқа автомобильдің болмауы және соған орай жылдамдықты өзі таңдап, бұл тек қана машинаға байланысты болады. Яғни жолмен жолдың жарықтандырылуына байланысты. Екі жақты жолдағы жүру режимі, яғни қарсы келе жатқан автомобильдің фарларының жарық шығаруынав байланысты. Осы кезде жүргізушіге жылдамдықты азайту қажеттілігі туындайды.
Бұл басқа жолда жүретін объектілер автомобиль жылдамдығына тигізетін әсері, яғни басқа автокөліктің озуы немесе транспорттық потоктағы қозғалысы. Екі жақты жолда жүргізуші үшін ең тиімді автокөлік фарларының көп бөлігі оң жақтағы жолға қарай қаратылуы. Жүргізушіге қаратылған фарлардың шығаратын жарығы аз болғанын жүргізушілер қалайды. Фарлардың жарық шығаруы жақын жатқан жолдарға аз, ал алысқа көбірек бөлінуі қажет. Бірақ мұндай жарық шығару жүйесі әлі де жасалуда, нәтижесіз.
2. Түнгі мезгілде жүргізушінің көру қаблетінің төмендеуі.
Жүргізуші айналадағы құбылыстарды дұрыс қабылдай алмайды. Егер кздің есептеуі жоспарлау мүмкіншілігі бұзылса, жүргізуші белгілі бір затқа, адамға, автокөліктің дұрыс ара қашықтығын, енін анықтай алмайды. Сондықтан түнгі уақытта соғысу, қағып кету, жолдан шығып кету апаттары жиі болып тұрады. Көзбен көріп қабылдауға жолдағы белгілердің түсі, көлемі әсер етеді. Түнгі уақыттағы көздің түсті ажырату ерекшелігі бұзылып, түсті айыра алмайды. Өйткені күндіз жарықтағы кейбір клеткалары түнде жұмыс істемейді. Жарық сезгіш клеткалар түнде түстерді ажырата алмайды, сондықтан барлық заттар тек қана ақ және қара түс ретінде қабылданады. Тек қарықтығы арқылы ажыратылады. Қызыл түске боялған заттар қара болып көрінеді.
Заттардың көзге көрінуіне байланысты 2-ге бөлінеді:
1. Тура.
2. Теріс (силуетті)
Тура көрінгіштік бұл объект қара фонда ақ болып көрінуін айтады. Ал теріс көрінгіштік керісінше объект ақ фонда қара болып көрінеді. Түнгі уақытта белгілі бір заттың қарсы келе жатқан автокөліктің фарының жарығының фонында көрінуі теріс көрінгіштік, яғни силуетті қабылдау толық емес, заттың тек қана контуры көрініп, объектіге дейінгі ара қашықтықты дұрыс жоспарламау, қаьылдау уақыты да ұзарады. Объект пен фонның жарықтылығының қатынасы 1:1,5 болуы қажет. Бұл жағдайда кедергінің түсі нақтылау болады. Егер бұл қатынас бірдей болатын жағдайда объект фонда бөлінбей, яғни бір бүтін болып кетеді. Жолдағы кедергілерге қолданатын шара бұл жолға жарық шағылатын пленкалар орналастырып, жолдардың катафотоларын ақ түспен бөлу. Бұл белгілер бұрылыста ерекше орын алады. Жолдағы кедергілерді белгіленген белгілер дұрыс болып, дұрыс жерде орналастырылған болса, онда ол жақсы қабылданып, жолда жүру ережелері сақталады.
Ақшыл түстер түнгі уақытта жақсы көрініп, дұрыс қабылданады. Осы себептен жолдағы белгілер ақ және ақшыл бояулармен боялады, ал кейбір едлдерде жолдардың кейбір бөліктері толығымен ақ түспен боялған, мұндай жолда қаралау келген объектілер анық көрініп тұрады. Жолда жүріп бара жатқан адамдардың киімі қара түсті болса, ол тек қана 2% жарық бөледі, ал сол киімде ақшыл түстер 90% жарық ретінда көрінеді. Бірақ бұған қарамастан жаяу адам жазғы уақытта қара киімге бейім болып, машинаның астында қалып жатқаны қаншама!!!
Еуропаның көп мемлекеттерінде түнгі уақытта жүру ережелері бар. Мысалы: қолыне немесе үстіне міндетті түрде рефлектірімен тігілген маталардан әдемі киімдерді киюі, бұлар жарықты шағылыстырып, алыстан көзге түседі.
Финляндия мемлекетінде 50-60% жаяу жүрушілер киімін әдейі маталармен тігіп, тіпті мұндағы «Таллу» фирмасы арнайы жұлдызшы түрінде жасалған катафоталар шығарады, олар киімге тағылып, түнде 100 м. қашықтықтан көрінеді.
Швейцария мен Германияда табанында жарық шағылыстыратын пластмассалық пластинкалары бар аяқ киімдер шығарылады. Бұларда 100 м. қашықтықта нақты көрінетін тағы да Германияда қараңғыда қайтатын оқушыларға ақ бас киімдер беріледі.
Ал Польшада ақ киім салатын сарғылт түсті сумкалар беріледі. Осы қолданылған шаралар жүргізушінің жаяу жүріп бара жатқан адамды алыстан көріп, оны қағып кетпеуі үшін жасалады. Жолдың дұрыс жарықтандырылмаған кезде, яғни жарықты дұрыс қолданбау, бір жерлер жарықтандырылған, екінші дер қараңғы болатын болса, жүргізуші өзінің адаптациялық қасиетін жоғалтады, яғни дұрыс жолға бейімделе алмайды.
Түнде бір нүктеге ұзақ уақыт қарамау қажет, ылғи да біресе алыс, біресе жақын қарап, көзді жаттықтыру қажет. Бұл көздің ұзақ уақыт дұрыс көріп, шаршамауына көмектеседі. Егер бір нүктеге қарай беретін болса, жол дұрыс көрінбей, светте қараңғылау болып қалған сияқты болып көрінеді.
1. Қарама-қарсы келе жатқан автомобильдің жүргізушіге тигізетін әсері.
Жол апатының болуының тағы бір маңызды себебі ол қарама-қарсы келе жатқан автокөліктің фарларының жарығынан көздің көрмей қалуы. Осыған байланыста қазіргі уақытта көзге жарықты түсірмейтін әр түрлі констоукциялы көзілдіріктер жасалуды. Олардың біреуі бұл огкия, олар (хамелеон) принципінде жасалады. Горизонтальды қабырғалы решетка негізінде жасалған көзілдіріктер де бар. Мысал келтіретін болсақ жүргізуші қарама-қарсы келе жатқан машинаны көріп басын кішкене төменге түсірсе онда тек қана жарықты ғана көрмей сонымен бірге машинаны да көрмейді. Бірақ бұл көзілдіріктің кемшіліктері бар, ол жүргізуші тек қана машинаны ғана емес, сонымен бірге жолды көрмей қалады.
Жарық түсіруден немесе оны төмендетуге арналған шешім бар. Түнгі қарама-қарсы келе жатқан автокөліктермен жасалатын развезд күйделілігімен салыстырғанда басұа бейімділікпен жасалады. өйткені күндіз жүргізуші жолдың екінші жағымен келе жатқан автокөлік арқылы өзінің қалай, қайда және қандай жылдамдықпен келе жатқанын білсе, түнде қарама-қарсы келе жатқан автокөлікке қарауға болмайды, өйткені түсіретін жарығы араларының көзді соқырлатып жібереді. Түнгі уақытта автомобильдің оң жағымен жүрген жөн, және жүру мен жолдың шетіне қарап отыруға көзді бейімдеу қажет. Мұндай жағдайда жолдың жағасын күзетіп тұратын белгілердің көмегі мен керегі де айтарлықтай көп.
Түнгі уақыттағы көздің көруінің төмендеуінің 2-себебі, азық-түлікте «А» витаминінің аз болуы және бұл витаминнің дефиситі «тауық соқыр» ауыруы туындап, яғни түнде көру қабілетінің төмендеуі. «А» витаминінің адам ағзасында жеткілікті мөлшерде болса онда түнгі уақыттағы көру қабілеті жоғары болады.
2. Қараңғы мезгілде автомобильді басқарудың түрлі шаралары.
Бұл төмендегідей түрлерімен анықталады. Яғни олар:
1. Жолдың дұрыс жарықтандырылуы.
2. Жүргшізушінің фаралардың дұрыс жарықтандыруды үйрену.
Қазіргі уақытта тұманда, жаңбырда, боранда және метрологиялық жағдайларда қауіпсіз жүруге арнайы арналған жабдықтар жасалуда. Машиналар арақашықтығы белгілі дистанцияға жеткен кезде сигнализация жұмыс істейді. Италияда арнайы жол белгілері жасалған. Олар тұманда жақсы көрінеді. Бұлар Минал-Бергамо әдісі арқылы тексеріледі.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі