Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.4.А Дыбыс

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

 

Сабақ тақырыбы

Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.5.15 дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау;

9.2.5.16 дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;

9.2.5.17 резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру;

9.2.5.18 жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау;

9.2.5.19 табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары

Бағыттаушы сұрақтар

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбыс әртүрлі ортада қалай таралады?

Неліктен дыбыстың таралу жылдамдығы әртүрлі?

Бағалау критерийлері

Оқушылар біледі:

Білу:

- Дыбыс толқындарының пайда болу процесін біледі;

Түсіну:

- Әртүрлі ортадағы дыбыс толқындарының таралу ерекешеліктерін түсінеді;

Қолдану:

Дыбыс толқынын сипаттайтын шамаларды есептер шығаруда қолдана алады

Талдау:

- Дыбыс толқындарын суреттер немесе видеоролик арқылы түсіндіре алады

Жинақтау: Толқындарды демонстрациялап, эксперименттік тапсырмаларды қортындылай алады

Тілдік мақсаттар

 

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Дыбыс жылдамдықғы қашықтық, жаңғырық, период, дыбыс тонының биіктігі, дыбыс қаттылығы

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

… болғанша … реттеңіз

…………өлшеңіз

Қашықтықты өлшегеннен соң ...

Алынған деректерді кестеге енгізіңіз

……….графигін тұрғызыңыз

Миссия

Ұстаным

Құндылықтар

тұлғаның зияткерлік және шығармашылық ахуалын дамыту

-оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, сапалы білім беру

- жауапкершілік,ынтымақтастық,мақсаттылық

Пәнаралық байланыстар

Математика (дәрежелермен амалдар орындау)

АКТ қолдану дағдылары

Ресурстардағы берілген сайттармен жұмыстану

Бастапқы білім

Толқындық қозғалыс. Электромагниттік толқындар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

1.(W)= Тақырыбы: « Ой шақыру» стратегиясы

Мақсаты: Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу .

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға сөзжұмбақ шешуді ұсынады. Сабақтың тақырыбы ашылғаннан соң оқу мақсаттары айтылады және қазақша-орысша-ағылшынша сөздік беріледі.

Оқушы іс-әрекеті:Жеке жұмыстана отырып сөзжұмбақты шешеді. Оқушылар мұғаліммен бірге сөздерді қайталайды.Кері байланыс: Мұғалім-оқушы.

Қосымша 1

Презентация,

Сөздік.

Сабақтың ортасы

10 мин

5 минут

5 мин

12 мин

2. (G)=Тақырыбы: Дыбыс толқындары. Дыбыс жылдамдығы.

Мақсаты: Дыбыстың толқынды таралуына ортаның қажет екендігін және толқын жылдамдығының әртүрлі ортада әртүрлі екендігін түсіну;

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларды кездейсоқ таңдау арқылы топқа бөледі. Топтарға тақырыптыр бөліп береді. Жұмыс барысын түсіндіреді.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар топқа бөліну арқылы шағын мәтіндерді оқып, талқылайды. Әр топ постер дайындайды және қорғайды.

Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

Мұғалім іс-әрекеті: бағалау критерийі арқылы зерттеу жұмысының нәтижесінің дұрыстығын тексереді және қорытындылайды. Көшбасшы оқушыларды анықтайды, қолдау көрсетеді.

3. 1)Тақырыбы: Видео көрсетілім

Мақсаты: Толқындық қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға виде көрсетеді. Видео бойынша сұрақтар қояды.

Оқушы іс-әрекеті: Видео қарайды. Сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс: Мұғалім-оқушы

2)Тақырыбы: Адам дыбысты қалай естиді?

Мақсаты: Оқушылардың пікірін тыңдау. Адамның дыбысты қалай еститіндігін анықтау

Мұғалім іс-әрекеті:

  • Оқушыларға «Адам дыбысты қалай естиді?» сұрақ қояды. Оқушылардың пікірін тыңдайды.
  • Оқушыларға видео көрсетеді.

Оқушы іс-әрекеті:

  • Қойылған сұраққа өз пікірлерін жауап береді.
  • Видео көрсетілімді қарайды.

Кері байланыс: мұғалім-оқушы

Бағалау:

Бағалау критерийлері

Дискрипторлар

Талдау:

- Дыбыс толқындарын суреттер немесе видеоролик арқылы түсіндіре алады

  • Дыбысқа анықтама береді.
  • Дыбысты сипаттайтын шамаларды айтады.
  • Адам дыбысты қалай естиді?-сұраққа жауап береді.

(G)Тақырыбы: «Дыбыс» тақырыбына сандық есептер шығару.

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға есептер мазмұнымен таныстырып, есеп жазылған парақшаларды үлестіреді

Оқушы іс-әрекеті: Есептерді орындайды.

Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Кері байланыс: мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы

Мұғалім іс-әрекеті: рефлексия жүргізеді.

Қосымша 2

Камертон.

Суы бар ыдыс, қоңырау.

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/structure/1076-tolqyndar

https://twig-bilim.kz/film/what-is-sound-5702/

Қосымша 3

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия жасау.

1. Бүгінгі сабақта біз не білдік?

2. Ал осы алған білімдерің сендерге не үшін керек?

3. Біз алдымызға қойған мақсатымызға жеттік пе?

4. Келесі сабақтардан қандай мағлұмат алғыларың келеді?

V Үй тапсырмасын беру:

§31. Дыбыс; 32. Дыбыстың сипаттамалары

26-жаттығу; №3-5

§§

Қосымша 4

Физика және астрономия;

9-сыныына арналған оқулық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сабақ барысында оқушылардың денсаулық және қауіпсіздік техникасы сақталды.

Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1.

2.

Қосымша 1

Сөзжұмбақ

  • Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (Домбыра) 2. Уақыт өтуімен ілесе кеңістікте тарайтын тербелістер ( Толқын) 3. Дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме – дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысы (Тербеліс) 4. Қандай да бір кедергіден шағылып, бастапқы таралған орнына қайта оралған толқын (Жаңғырық) 5. Жер сілкіну ошағынан келген тербелістерді байқайтын құрал (Сейсмограф)

Қосымша 2

1-топ. Дыбыс және дыбысты есту үшін қажетті шарттар.

Практикалық тапсырма. Дыбыс туындауының себептері.

2-топ. Сығылу және ортаны сирету процестері тұрғысынан бойлық дыбыс толқындар табиғатын сипаттау.

Практикалық тапсырма. Дыбыстың сұйықта таралуы.

3-топ. Дыбыстың әр түрлі ортада таралуы. Практикалық тапсырма. Дыбыстың қатты денеде таралуы.

Бағалау критерийлері:

Дискрипторлар

Білу:

- Дыбыс толқындарының пайда болу процесін біледі;

Түсіну:

- Әртүрлі ортадағы дыбыс толқындарының таралу ерекешеліктерін түсінеді;

Жинақтау: Толқындарды демонстрациялап, эксперименттік тапсырмаларды қортындылай алады

  • Тақырыпты толық ашу;
  • Бойлық толқын анықтамасын білу
  • Дыбыстың таралу себептерін білу.
  • Тәжірибені дұрыс жасау
  • Жұмыстың орындалу ретін жазу (5 қадамнан кем емес)
  • Қорытынды жасау
  • Күнделікті өмірден мысалдар келтіру (2 кем емес)

Қосымша 3

Есептер шығару

  • Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар. (0,67м)
  • Ер адамның ең төменгі даусы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3м-ге, ал әйел адамның ең жоғарғы даусы үшін 25 см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар. (79Гц; 1360Гц)
  • Рояльдің жиілік диапазоны 90Гц пен 9000 Гц аралығында. Ауадағы дыбыс толқындары ұзындықтарының диапазондарын анықтаңдар.(3,8м; 3,8см)
  • Егер су ішінде тарайтын дыбыстың толқын ұзындығы 8,6м, ал периоды 0,006с болса, онда оның жылдамдығы неге тең?(1433м/с)
  • Найзағай жарқылынан 6 с өткен соң оның дыбысы естілді. Ауадағы дыбыс жылдамдығы 340 м/с болса, найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта болған?(2060м)

Бағалау критерийі:

Дискриптор

Қолдану:

Дыбыс толқынын сипаттайтын шамаларды есептер шығаруда қолдана алады

  • Есептің берілгенін дұрыс жазады. (ХБЖ айналдыру)
  • Қажетті формуланы дұрыс қолданады.
  • Есепетеу жолын дұрыс жүргізеді.
  • Жауабын дұрыс жазады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу