Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометриялық функциялар

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.4.5 бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу;

Сабақ мақсаттары

Бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын таба біледі

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

  • радиан;
  • бірлік шеңбер, тригонометриялық дөңгелек;
  • бұру бұрышы;
  • тригонометриялық функция;
  • кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, секансі, косекансі, котангенсі;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- Қозғалмалы сәуле-Бірлік шеңбердегі нүктелер-Нүкте, радиус және бұрыш-Синус пен нүкте координаталары

-Косинус пен нүкте координаталары

-Тангенс пен нүкте координаталары

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу, физика

 АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/trigonometriya/lesson/kez-kelgen-buryshtyng-trigonometriyalyq-funkcziyalary

http://live.mephist.ru/show/unit-circle

Бастапқы білім

бұрыштың радиандық өлшемі түсінігін біледі, тригонометриялық

функциялардың анықтамаларын біледі, келтіру формулаларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

  • Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

1-2 слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

5 минут

7минут

Қозғалмалы сәуле.Бірлік шеңбердегі нүктелерНүкте, радиус және бұрыш.Синус пен нүкте координаталары.Косинус пен нүкте координаталары

Тангенс пен нүкте координаталарын bilimland -тан көрсетемін

тригонометриялық функциялардың мәндерін бірлік шеңберден анықтатамын. Бірлік шеңберді оқушыларға таратып қоямын.http://live.mephist.ru/show/unit-circle

Жұптық жұмыс

№1 Тригонометриялық шеңбердің көмегімен 1500, 2100, 5400, -450, -1350, -7200-қа тең бұрыштардың синусын, косинсын, тангенсін, котангенсін анықтаңдар

1. Білу және түсіну

Оқушыларды 3 топқа бөлемін (сину, косинус,тангенс)

Топтық тапсырма

Бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу.

1-топ

D(y)

E(y)

y=sinx

R

2-топ

D(y)

E(y)

y=cosx

R

3-топ

D(y)

E(y)

y=tgx

x

R

Барлығы бірігіп орындайтын тапсырма

D(y)

E(y)

y=сtgx

x

R

  • Топтық жұмыстар қорытындысы:
  • Синус функциясы кез келген бұрыш үшін, яғни кез келген нақты сан үшін анықталған. Синус функциясының мәндерінің аймағы -1 мен 1 аралығында болады.
  • Косинус функциясы кез келген бұрыш үшін, яғни кез келген нақты сан үшін анықталған. Косинус функциясының мәндерінің аймағы -1 мен 1 аралығында болады.
  • Тангенс функциясы нүктесінің х координатасы бірлік шеңберде нөлге тең болатын бұрыштарда анықталмайды. Тангенс функциясы кез келген нақты мәнді қабылдай алады.Бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу жолдарын оқушылар білгеннен кейін жаттығулар орындайды.

Жеке жұмыс

8-жаттығу

Қолдану.

  • Функциялардың анықталу облысы мен мәндерінің жиынын анықтаңдар:

1) y = сosx;  

2)  y = 3cosx; 

3)  y = cos 2x – 1

   4)  у = cos 3x + 2  

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/trigonometriya/lesson/kez-kelgen-buryshtyng-trigonometriyalyq-funkcziyalary

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/trigonometriya/lesson/kez-kelgen-buryshtyng-trigonometriyalyq-funkcziyalary

Сабақтың соңы

Ой толғаныс

5 минут

1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру.

2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.

3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

4. Үйге тапсырма: теорияны оқып келу және төмендегі тапсырмаларды орындау:

1 Тапсырма

  • Функциялардың анықталу облысы мен мәндерінің жиынын анықтаңдар:
  • y=1 - cosx; y= 3+sinx ;  

 

14 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сараланған тапсырмалар жұптық жұмыста және үй жұмысының тапсырмаларында көрсетілген.

Меңгерілген білімдерін тексеру үшін жұптық жұмыс жүргізіледі.

Оқу процесінің күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуына жағдай туындатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу