17∙5; 96:6; 84:4 түріндегі көбейту және бөлу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№ 90 сабақ. Тақырыбы: 17∙5; 96:6; 84:4 түріндегі көбейту және бөлу

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

Сабаққа қажетті ресурстар: өрнектері жазылған кеспеқағаздар; ламинатталған парақтар, маркерлер

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу. «Қосу», «Азайту», «Көбейту», «Бөлу».

Кіріспе тапсырма.

«Алақай, көбелек аулаймыз!»

(Ұ.Ж) Сабақты «Алақай, көбелек аулаймыз!» ойыны арқылы бастаңыз. Торға мәні тек

7- ге тең болатын көбелектер ғана түседі. Ал қалған өрнектерді разрядтық қосылғыштарға жіктейді ұсыныңыз. Бұл ойын арқылы сандардың разрядтық құрамдарын қайталайды.

Әрі қарай оқушыларға 16∙5; 96:6; түріндегі көбейту және бөлуді есептеудің әр қадамын ұсыныңыз.

-16 санын разрядтық қосылғыштарға жікте: 10+6;

-көбейтіндіні жаз: (10+6)∙5;

-әр қосылғышты 5-ке көбейт;

-көбейтінділердің мәнін қос:(80-ке тең)

-қандай қорытынды шығаруға болады? (Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты санға көбейтіп, шыққан көбейтіндінің мәндерін қосамыз)

-96 санын ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жаз: (60+36);

-әр қосылғышты 6-ға бөл;

- бөлінділердің мәндерін қос: (16-ға тең).

-қандай қорытынды шығаруға болады?(Қосындыны санға бөлу үшін әр қосылғышты санға бөліп, шыққан бөліндінің мәнін қосамыз)

Түсіндіре отырып, шығар

(Ж.Ж) Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға өрнек жазылған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар алдымен жеке шығарады. Содан соң жұптасып

бір – бірінің тапсырмасын тексереді. Кейбір оқушылардан шығару жолын түсіндіріп беруін сұраңыз. Берілген есептеу тәсілдеріне сүйене отырып, оқушылар ереже құрады сұрағыз.

1.Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты санға көбейтіп, шыққан көбейтіндінің мәндерін қосамыз.

2. Қосындыны санға бөлу үшін әр қосылғышты санға бөліп, шыққан бөліндінің мәнін қосамыз.

Жауабы:

36,120,84,102,135,18,14,14,29,19

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Есептер

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. Содан соң топтасып, ортақ шешімге келеді. Ламинатталған параққа жазады. Топтар бір –бірімен жұмыстарын ауыстырады. Дайын жауап арқылы салыстыра отырып, тексереді.

Жауабы:3,3,15,182

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Сұрағын қой

(Т.Ж) Сабақты оқушылармен топық жұмыс жасау арқылы жалғастырыңыз. Берілген тапсырманы оқиды, есептің сұрағын ойлап табады. Есепті шығарады. Әрбір топтан бір оқушы шығып, қорғайды. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді. Қателескен жері болса түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз.

Жауабы:38орындық

Сұрақ: Әр қатарға қанша орындық қойылған?

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

(Ж.Ж) Оқушыларға тапсырманы жеке шығарады ұсыныңыз. Жұптасып, дәптерлерін ауыстырады. Бірін –бірі тексеріп, бағалайды. Бірнеше оқушыдан өз жауабын түсіндіріп өтуін сұраңыз.

Жауабы:

80 : 8 = (64 + 16) : 8 = 64 : 8 + 16 : 8 = 8 + 2 = 10

80 : 8 = (56 + 24) : 8 = 56 : 8 + 24 : 8 = 7 + 3 = 10

80 : 8 = (48 + 32) : 8 = 48 : 8 + 32 : 8 = 6 + 4 = 10

80 : 8 = (40 + 40) : 8 = 40 : 8 + 40 : 8 = 5 + 5 = 10

«Бағдаршам» арқылы бағалау жүргізіңіз

Сәйкестендір

(Ж.Ж) Оқушыларға тапсырманы жеке орындайды сұраңыз.Оқушылар мысалды жауабымен бағыт сызығы арқылы сәйкестендіреді. Дайын жауап бойынша өзін –өзі тексеруді ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

80·2:40 4

84:7·3 36

32·2+90:6 79

26:2+58:2 42

(78-69)·9:3 27

20·2:8 5

5·2·43 430

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз

Теңдеуді шеш

(Ж.Ж) Оқушыларға тапсырманы жұбымен орындауды ұсыныңыз.Теңдеуді шешеді. Келесі жұппен дәптерлерін ауыстырады.Дайын жауабы арқылы тексеріп, бағалайды. Бұл тапсырма өткен сабақта меңгерген дағдыларды бекітуге арналған.

Жауабы: x=13, x= 14, x= 34

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Сабақ соңында «Менің көңіл-күйім баспалдағы» әдісі арқылы рефлексия алыңыз.

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.

Баспалдақтар:

«Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Маған көмек керек!»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу