17∙5, 84:4 түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу/Кескіндеме. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Тақырып: 85-сабақ. 17∙5, 84:4 түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу/Кескіндеме

Оқу мақсаттары: 3.1.2.7.кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5, 96:6, 75:15, 84:4 ауызша көбейту және бөлуді орындау.

3.1.2.9.100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту және бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3.көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b–c) =ab–ac көрсету және қолдану.

3.2.1.5.санды өрнектерді салыстыру (3 арифметикалық амалдан тұратын).

  • Тірек сөздер:
  • қосындыны санға көбейту
  • қосындыны санға бөлу ережесі.

Ресурстар:

  • фишкалар
  • маркерлер
  • кескіндеме суреттері
  • тақта, үлестірмелі материалдар
  • жұлдызша
  • смайликтер
  • сигналды карталар
  • ротация ойынының тапсырмалары
  • жжұлдызша
  • кесте
  • сандар жазылған қима қағаздар
  • көрме материалдары
  • Сабаққа қатысты деректі материалдар
  • екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу кезінде көбейтудің мәнін жіктеу арқылы табуға болады.
  • санды бөлгішке көбейтудің нәтижесінде бөлінгіш шығады.Бірақ қалдық үнемі бөлгіштен кем болатынын есте сақтау

Сабаққа арналған ескертулер

Осы кезеңдегі тапсырмада екі таңбалы санды санға

бөлудің пәндік мазмұнын ашу, бөлудің тәжірибелік

дағдысын қалыптастыру.

Ынталандыру.

Оқушыларды түстер бойынша топқа бөліңіз.Көк, қызыл, жасыл түстерді таңдау арқылы топтарға бөліп,.кескіндеме туралы суреттер, суреткерлердің әлемге танымал туындыларымен танысуды ұсыныңыз. Кескіндеме жанрының түрлілігін, оның техникасы мен сан түрлі бояуларының болатынын баяндаған бейнеролик корсетіңіз.

Белсендіру.

"Сәйкестендіру тесті"

№1тапсырманы өрнектің мәнін тауып,есептеп,қай сурет қандай бояумен салынғанын сәйкестендіру. 11-ге көбейтуді балалар біледі. 11=10+1 қосындыны санға көбейту ережесін қолданып, бұл ұқсас амалды орындауға болады.

Сонымен қатар қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесін қайталау да бағдарламаға енеді.

Ережелердің әріптік жазбасы тақтаға іліп, оқушылар сол ережеге сүйеніп есептеуін тапсырыңыз..

Ереже:

Қосындыны санға көбейту үшін алдымен

қосындыны, содан соң көбейтіндіні табуға

болады.(а+в)∙с

Қосындыны санға көбейту үшін алдымен әр

қосылғышты санға көбейтеді және алынған

көбейтінділерді қосады. .(а+в)∙с=а∙c+в∙c

14∙11 242Акварель

22∙11 154 Акрил

42∙11 385 Гуашь

35∙11 253 Майлы бояу

23∙11 462 Темпера

Оқушылардың жұмысын тексеріп,"Отшашу"арқылы бағалаңыз.

Балалар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Мынадай мысалдарды орындау 17∙5; 84:4

Осы жағдайда қосындыны санға көбейту мен қосындыны санға бөлу ережелерін қолдану.

Жаңаны ашу.

Жаңаны ашу үшін алгоритм құру бойынша жұмыс жасатыңыз.Бұл үшін №2 тапсырманың жазылуында түрлі түсті бағдарлар берілген.

17∙5=(10+7)∙5=10∙5+7∙5=50+35=85

Топ бойынша оқушыларға қадамдардың ретімен орындауға тапсырма беруге болады:

17∙5

1. Санды разрядтық қосылғыштарға жікте.

2. Әрбір қосылғышты санға көбейт.

3. Шыққан нәтижелерді қос.

84:4

1.Санды разрядтық қосылғыштарға жікте

2. Әрбір қосылғышты санға бөл.

3. Шыққан нәтижелерді қос.

Бұл сабақта тексеру жүргізудің қажеті жоқ, себебі кері амал әлі өтілмеген.Оқушы тапсырмаларын бармақ арқылы бағалаңыз.

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Оқушылармен"Қошемет" тренингін жүргізіп, көңіл-күйін көтеріңіз. Оқушылар шеңберге жиналады,өзіңіз әртүрлі сөйлемдер айтып тұрыңыз, мысалы "Шашы ұзын қыздарға қошемет!" дегенде ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтылып, қошемет жасалады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№3 тапсырмада мысалдардың бір бөлігін түсінік бере отырып орындатыңыз..Түсінік беру үшін үлгі-алгоритмді қолдануыңызға болады:

17∙3= (10+7)∙3=10∙3+7∙3=51

4∙19=4∙(10+9)=4∙10+4∙9=76

4∙14= 4∙(10+4)=4∙10+4∙4=56

963:3= (900+60+3):3=900:3+60:3+3:3=321

300:20=(200+100):20=200:20+100:20=15

600:5=(500+100):5=500:5+100:5=120

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Формативті бағалауға арналған дәптерден өздік жұмыс.

Түсіндіре отырып есептеуге ұсыныңыз. Балаларға өзін- өзі тексеру үшін үлгі беріңіз:

28∙4=(20+8)∙4=20∙4+8∙4=80+32=112

45∙9=(40+5)∙9=40∙9+5∙9=360+45=405

69:3=(60+9):3=60:3+9:3=20+3=23

77:7=(70+7):7=70:7+7:7=10+1=11

Жетістік критерийлері ұсыныңыз:

Мен:

  • Кестеден тыс ауызша көбейту мен бөлуді орындаймын.
  • Қосындыны бір таңбалы санға көбейту мен бөлу ережесін қолданамын.

Жаңаны қолдану.

Сабаққа үш таңбалы сандарды көбейту мен бөлу жағдайлары да енгізілген. Мұндай мысалдарды балалардың өздері сабақтың басында құрастырған алгоритм негізінде түсіндіріп бере алады. Тек ол кезде санды 2-ге жіктеген, ал енді 3 қосылғышқа жіктейді.Осылай 963:3 бөлуді балалар №2 тапсырмадан көреді, ал 204∙2, 242∙2, 408:2, 484:2 және т.б.

№ 5 тапсырма тәжірибелік жұмыс.

Оқушылар боялған тіктөртбұрыштардағы сандарды қима қағазға жазып,.басқа қима қағаздарға осы сандарға көршілес сандарды жазуды тапсырыңыз.Қима қағаздарды араластырып, оларды кему ретімен орналастыруды ұсыныңыз.

№ 6 (ә)тапсырма

Меңгерген білімді бекіту үшін "Станция" ойынын ойнатуыңызға болады. Топтарға сабақтың тақырыбына сәйкес түрлі мысалдармен 4 кеспе қағазды және нәтижені жазатын кестені таратып беріңіз..

1-мысал

2-мысал

1-станса

608

510

2-станса

816

204

3-станса

302

101

4-станса

201

401

Оқушылар бір станциядан екінші станцияға мысалдарды шығарып және нәтижелерін кестеге жазу арқылы көшеді,әр топтың спикерлері топтарға барып мысалдардың шешуін түсіндіреді.Жұмыстарын тексеріп,жұлдызшаларарқылы бағалатыңыз.Топтар бір-бірлерін тексеріп,жұлдызшалар арқылы бағалайды.

Өткенмен жұмыс.

№4 тапсырма орындалу ретін анықтауға арналған.

450:5+720:90=98 480-390+240:80=93

580-810:9+210=700 12∙3+60:4=51

640-70∙8+241=321

70:5+25∙2=64

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, смайликтер арқылы бағалаңыз.

"Ротация "әдісі

Үш топқа 3 түрлі маркер беріңіз.Әр топ бастапқы өздеріне берілген түспен жазады, шапалақ ұрғанда парақтар ауысады, алдына келген параққа тапсырманы өз маркерімен жазады.Ойын соңында жұмыстарын жинап алып, маркер түсі бойынша қай топ қатесіз жазғанын, қай топ қателескеніне талдау жасап, бағалайсыз.

1-топ Көбейтуге өрнек құрастыр

1.

2.

3.

2-топ Бөлуге өрнек құрастыр

1.

2.

3.

3-топ Әріпті өрнек құрастыр

1.

2.

3.

Тапсырма соңында бармақ арқылы бағалаңыз.тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.

1. Жай сұрақ

2. Анықтау сұрақ

3. Интерпретациялық сұрақ

4. Бағалау сұрақ

5. Тәжірибелік сұрақ

6. Шығармашылық сұрақ

Рефлексия.

Сабақ соңынан оқушылардан кері байланыс алыңыз.

Плюс, минус, қызықты»

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.

«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады. Біліктіліктерін арттыру үшін тапсырмалардың қалғанын үйде орындауға беруіңізге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу