96:6 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу Кескіндемеескіндеме. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Тақырып: 86-сабақ. 96:6 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу Кескіндемеескіндеме

Оқу мақсаттары: 3.1.2.7.кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау.

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b–c) =ab–acкөрсету және қолдану.

3.2.2.2*көбейту мен бөлуге берілген х:8=9; 51:х=17; 23 ∙ х=46 түріндегі қарапайым теңдеулерді шешу.

Тірек сөздер:

  • қосындыны санға көбейту
  • бөлу ережесі
  • ыңғайлы қосылғыштардың қосындысы.

Ресурстар:

  • гуашь
  • қылқалам
  • кескіндеме суреттері
  • тақта, үлестірмелі материалдар
  • жұлдызша
  • смайликтер
  • сигналды карталар
  • домино ойынының тапсырмасы
  • жұлдызша
  • кесте
  • микрофон
  • ереже
  • гүлдер

Сабаққа қатысты деректі материалдар

Екі таңбалы санды жіктеу әдісімен бөлу керек.

Көбейту кезінде бөлінгіш шығатын бір таңбалы

санды табуымыз керек. Қосындыны санға бөлу

үшін екі қосылғышты есептеп, оны санға бөлеміз.

Сонымен қатар, қосындыны санға бөлу үшін әр

қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижелерді

  • қосамыз. (а + b) : c = a : c + b : c.

Сабаққа арналған ескертулер

Осы кезеңдегі тапсырмада екі таңбалы санды санға

бөлудің пәндік мазмұнын ашу, бөлудің тәжірибелік

дағдысын қалыптастыру.

Ынталандыру.

«Түспен ажырату»әдісі

Оқушыларға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырыңыз. Қандай қасиетті қай түспен бояуды оқушының өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді.

Кескіндеме жанрларымен таныстыру.

Монументтік,сәндік, натюрморт, пейзаж,тарихи жанрлары жайлы әңгімелеп беріңіз.

Белсендіру.

№1тапсырманы орындауда сурет қай жанрдың бағытында салынғанын анықтауды тапсырыңыз. Оқушыларға өрнектің мәнін тауып,, оны міндетті түрде оқып беруін ұсыныңыз.

25∙9=225 М.Әуезов -портрет

200+52= 225 Б.Момышұлы-портрет

32∙9=288 "Тау" -пейзаж

102∙9=918 Натюрморт

9∙100+9∙2=918 Натюрморт

280+23=288 "Тау өзені"-пейзаж

Амалдар компоненттерінің атауларын қолданып оқуын қадағалаңыз.

Сонымен қатар, өткен 17∙5, 84:4 алгоритмдерді де қайталауын тапсырыңыз.

Жұмыс аяқталған соң"Отшашу"арқылы бағалаңыз.

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

"Математикалық домино"

Есептеу біліктіліктерін жетілдіру мақсатында «Математикалық домино» ойынын ойнатуға болады. Оқушыларға сол жағында жауап жазылған, ал екінші жағында басқа мысал жазылған бір-бір карточкадан таратыңыз. Оқушылар бірінші өрнекті оқиды, карточкасына сол өрнектің жауабы жазылған оқушы жауапты оқиды да келесі өрнекті оқиды және т.б. Оқушылар үшін мына төмендегі карточкаларды дайындаңыз.

16 : 2

36

9 · 5

64

5 · 6

30

5 ·

54

8 · 7

8

25 : 5

25

18 : 3

9

6 · 6

56

7 · 6

63

8 · 8

5

18 : 2

6

9 · 6

42

3 · 3

9

24 : 6

45

7 · 7

49

9 · 9

81

9 · 7

4

18 : 9

2

7 · 4

28

7 · 3

21

4 · 4

16

5 · 7

35

32 : 4

8

8 · 5

40

21 : 3

7 · 9

63

13·10

130

9 · 0

Ойынды карточкасына 16 : 2 мысалы жазылған оқушы бастайды.

Домино ойынын бармақ арқылы бағалаңыз.Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады

Оқушылардың кестеден тыс көбейту мен бөлу бойынша алған білімдерін мысалдар арқылы талдап қорытуға болады:

12 2=24

600 : 300=2

140 :20=2800

12 4=48

48 : 2=24

7 12=84

350 : 5=70

600 : 20=30

48 : 4=12

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Оқушыларға үш мысал беріледі, соның ең соңғысы – жаңа жағдай 96:6.

96:6=(60+36):6=60:6+36:6=16

Жаңаны ашу.

Барлық өткен жағдайлар көбейту мен бөлу қасиеттері, сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу жайлы алған білімдерімен негізделген.Бұл жағдайда – ыңғайлы қосылғыштарға жіктеуді ұсыныңыз.

№2 тапсырма бойынша түсіндіруге болады.

Алгоритм құрастырылады.

Бірінші бағанның есептеу тәсілін түсіндіруді тапсырыңыз.Осы білімді пайдаланып, екінші бағандағы мысалдарды қалай есептеуге болатынын көрсетуін ұсыныңыз.Екі таңбалы немесе үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу үшін, оны әрқайсысы осы санға бөлінетін "ыңғайлы" қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болатынын ескертіп,содан кейін қосындыны санға бөлу ережесін қолдануын айтыңыз.

(а + b) : c = a : c + b : c.

(40+18):2=40:2+18:2=29

(80+16):4=80:4+16:4=24

(400+180):2=400:2+180:2=290

(400+180):20=400:20+180:20=29

(800+160):4=800:4+160:4=240

(800+160):40=800:40+160:40=24

Тапсырманы оқушыларға тексертіп,жұлдызша арқылы бағалауын тапсырыңыз.Келген топ оқушылары жұлдызшалармен бағалап кетеді.Қай топтың өкілі жұлдызшаны көп жинаса сол топтың өкілі жеңімпаз атанады.Өкілдің түсіндіруі ұнамаса жұлдызша бермеуге болады.

Жаңаны меңгерту мақсатында өзіндік жұмыс алыңыз.

58:2=(40+18):2=40:2+18:2=29

96:4=(80+16):4=80:4+16:4=24

580:2=(400+180):2=400:2+180:2=290

580:20=(400+180):20=400:20+180:20=29

960:4=(800+160):4=800:4+160:4=240

960:40=(800+160):40=800:40+160.40=24

Өзіндік жұмысты оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№3тапсырманы түсіндіре отырып ауызша орындатыңыз.

«Еркін микрофон» әдісі

Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыруға арналған әдісті қолданыңыз

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, әр өрнектің орындалу тәсіліне байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

56:2= (40+16):2=28 560:2 = (400+160) :2 =280

42:3= (30+12):3 = 14 420:3= (300+120) :3 =140

78.6= (60+18) :6=13 780:6= (600+180).6=130

560:20=(400+160):20=28

420:30=(300+120):30=14

780:60=(600+180):60=13

Тапсырманы фишкамен бағалаңыз.Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріңіз. Тапсырманың соңында фишкаларды санаңыз. Кімде көп фишка болса, сол оқушыға қошемет жасатыңыз.

Баспадан шыққан дәптердегі тапсырманы өзіндік жұмыс ретінде орындатыңыз.Санды тиімді қосылғыштардың қосындысына жіктеу.Есептеу. Өзін-өзі тексеру үшін мысал беріңіз.

96:3=(60+36):3= 20+12=32

84:7=(70+14):7=10+2=12

91:7=(70+21):7=10+3=13

56:4=(40+16):4=10+4=14

54:3= (30+24):3=10+8=18

Жаңаны қолдану.

№4 тапсырмада бұрын өткен екі өрнекті салыстыру тәсілдері кездеседі.Сонымен қатар оқушылардың назарын егер соңында нөл болса, үш таңбалы санмен орындалатын жағдайда екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін қолдану оңай болатынына аударуыңыз.Бұл тапсырманы «Қалам үстел ортасында» әдісі бойынша орындату.

(Оқушылар тапсырманы орындап болған соң қаламдарын партаның ортасына қояды екі топтан екі оқушы шығып, өздеріне ұнаған қаламдарын алады. Сол қалам иесінің орындаған тапсырмасы оқылады).

(96+4):2+9∙8 >56:4+25∙3-5∙3

122 >74

960:4+18∙3-100 > 560:4-200:5

194 >100

78:6+750:5 < 930:3-500:5+25∙2

163 < 260

Топтардың жұмысын тексеріп, смайликтер арқылы бағалаңыз.

 Оқушыларды сергіту үшін «Қос шеңбердегі комплименттер»әдісін қолданыңыз.

 Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне бет қаратып тұрған оқушылар кезектесіп бір-біріне комплимент айтуы керек. Содан кейін ішкі шеңбердегілер оң жаққа бір адым жасап, алдында алмасып тұрған басқа оқушымен комплименттермен алмасады.

Өткенмен жұмыс.

Тәжірибелік жұмыс

9-тапсырмада көбейтудің үлестірімділік қасиеттері негізінде есептерді әртүрлі тәсілмен шығаруды ұсыныңыз.

Бөлінгіштерді тиімді қосылғыштарға жіктеу үшін,әр бояудың ыдысына тиісті қылқаламды таңдауын тапсырыңыз.

84:7 70,14

84:6 60,24

84:4 80,4

84:7=(70+14):7=70:7+14:7=12

84:6=(60+24):6=60:6+24:6=14

84:4=(80+4):4=80:4+4:4=21

Ережелерді көмек ретінде ұсыныңыз.

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

«Борт журналы»әдісін өткенді бекіту үшін қолдануыңызға болады.

«Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде оқу материалымен таныспас бұрын және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?

Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын толтырады. Оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындаңыз,бұл оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.

«Гүлдер»

Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріңіз.Сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруін айтыңыз. Ең үлкен гүл шоғы кімде болса сол оқушы бүгінгі сабақта жақсы жетістікке жететіндігін хабарлаңыз.

Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін оқушылар өз біліктіліктерін мақсатымен байланыстыруды ұсынады: кім сабақ барысында қолынан не келетінін ұқты:

  • кестеден тыс ауызша бөлуді орындауды;
  • қосындыны бір таңбалы санға бөлу ережесін қолдануды.

Жетістік жолағында білім деңгейінің дәрежесі анықталады және үй жұмысы қорытындыланады. Біліктіліктерін арттыру үшін тапсырмалардың қалғанын үйде орындауға беріңіз.

Сабақ соңында кері байланыс алыңыз.

Үйге тапсырмаға №7,10 тапсырмаларды беріңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу