Пай, пай, Өмір! - Мұқағали Мақатаев

Пай, пай, Өмір!  - Мұқағали Мақатаев

 Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген - көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні!
Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ау, әй, кетеміз,.. пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз.
Кету үшін келгеміз.
Өмір деген - бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезіңде
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.
Мына күн де, мына аспан да, дала анау,
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін - тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін - өлемін деп қарамау. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 20
  1. Оқырман Абай
    Оқырман Абай 21.02.2026 15:42
    3 + 1 -
    Қазақ оянады🇰🇿
  2. Ұйқастарының бәрі әдемі👍
    2 + 0 -
    Зорғо 👍👍
  3. Оқырман Айдос
    Оқырман Айдос 15.02.2026 22:12
    0 + 0 -
    Шайыр сопылық сарында жыр жазған
  4. Іңкоо
    Іңкоо 15.02.2026 14:34
    1 + 0 -
    Өте күшті
  5. Zhankaaa 🤍
    Zhankaaa 🤍 10.02.2026 19:52
    4 + 1 -
    КЕРЕМЕТ🌼🌹🌹🥳
  6. Эскуват самат
    Эскуват самат 09.02.2026 20:53
    1 + 1 -
    Менің атым Самат
  7. Оқырман Рауан
    Оқырман Рауан 09.02.2026 11:58
    3 + 1 -
    Өлеңдері жүреке өттеді
  8. Оқырман Аяулым
    Оқырман Аяулым 08.02.2026 13:57
    5 + 0 -
    I love Mukagali Makataev 🤍
  9. Оқырман Еркеназ
    21 + 8 -
    I love you Mukagali Makataev❤️❤️❤️❤️❤️👅❤️❤️👅❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️
  10. Пай пай пай өмір жолы
    15 + 9 -
    Ахаххахах
  11. мен үшін өте жақсы
    13 + 2 -
    Себебі мағынасы терең ой береді
  12. Ақнұр🫶🏻
    Ақнұр🫶🏻 04.02.2025 20:23
    23 + 4 -
    Күші екен алда тұған күні соған жатаймын
  13. Баймұрат Ақмейір
    22 + 1 -
    Күшті өлең екен ғой маған ұнады👏🙌🏻
  14. Ниндзя
    Ниндзя 14.02.2024 18:22
    25 + 3 -
    Күшті екен өлең
  15. Оқырман Аида
    Оқырман Аида 03.02.2024 22:10
    14 + 2 -
    Мына өлең күшті екен
    1. Оқырман Жазира
      Оқырман Жазира 03.02.2024 22:11
      9 + 3 -
      Иенле косыламын
    2. Абилаким Көркем
      8 + 1 -
      Қазақтың қарапайым өлеңдері әрқашанда КЕРЕМЕТ
  16. Оқырман Каусар
    Оқырман Каусар 15.01.2024 08:57
    16 + 3 -
    Супер
  17. Раяна
    Раяна 15.11.2023 11:34
    17 + 5 -
    Пай пай өмір!
    Өтесін ау б
  18. Керемет өлең
    Керемет өлең 07.02.2022 22:35
    47 + 9 -
    Өте жақсы пай пай өмір