Салық кодексі | Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері

Кіріспе
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет өндiрiстiк қатынастарыды бейнелеп, соған лайық метериалдық –заттық көрiнiс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында –бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда жүрiп жатқан нақты экономикалық процестерi мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi. Бюджет –қоры қоғамдық өнiммен ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнiң тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы өндiрiстi ұлғайтып, халыққа әлеуметтiк- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiнде қажеттердi қанағаттандыру үшiн мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнiң объективтi алғы-шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесiн бiлдiредi.
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер алымдарды есептеу және рәсімдеу әдістері

Кіріспе
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттің орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттің бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизiмi -мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалыры мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттің негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнің жыл сайын қабылдайтын мемлекеттiк бюджет туралы заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері

Кіріспе
Әдебиеттің зерттеу нысаны адам яғни адамтану екенін ескерсек, әрбір адам өзінше бір дүние, ашылмаған зерттелмеген қазына емес пе? Барлық нәрсенің өлшемі болып табылатын - Адам болмысының табиғи, биологиялық, физикалық , психологиялық ерекшеліктерін әр ғылым саласы өз тұрғысынан зерттеп зерделейді.
«Адам психикасы оның құпиясы мол табиғаты, есті және ессіздік т.б. секілді психологиялық үдерістер философия, психология және әдебиеттану ғылымдарына жан талдау тәсілін тудырып, адам
мәселесін терендей зерттеуге зейін қоя бастады» (1,3) деген пікірге ден қойсақ, көркем әдебиеттің ерекшелігінің өзі сонда, ол адам жанының құпия қалтарыстарын, күйініш – сүйініштерін бір сөзбен айтқанда, адамды психологиялық барша болмысымен толық ашып беретіндігімен тікелей байланысты.
Көркем шығарма табиғатын психологиялық тұрғыдан талдау ,
жалпы прозадағы психологизм, лиризм, сондай – ақ көркемдік тәсілдің түрлері ретінде «ішкі – монолог» «ой ағыны» т.б. мәселелер де көптеп сөз болып жүр. Психологиялық талдау дәстүрі кімнен басталып қазақ әдебиетіне қайдан келді. Алғашқы үлгілері қай жазушылардың творчествасында көрініс берді.
Психологиялық талдау дәст үрлі әлем әдебиетіндегі жаңалық
ретінде негізінен XIX ғасырдың екінші жартысында ғана
дүниеге келгені мәлім. Алғаш рет австралиялық дәрігер - психолог З. Фрейд(1856 – 1939) ашқан психологиялық талдау тәсілі бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық термин болып қалыптасқанымен бертін келе адам психикасын зерттеу аумағы кеңейіп, өзге де өнер салаларында, соның ішінде әдебиетте көркемдік тәсіл ретінде қолданыла бастайды.
Ал, орыс әдебиетінің сынында «психологиялық талдау» деген терминді алғаш Н. Г. Чернышевский, Л.Н. Толстой шығармаларын талдау барысында қолданған екен. Бұл термин басқа да әдебиетші, сыншылар тарапынан қызу қолдау тауып реалистік әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементі ретінде қолданылады.
Психологиялық талдаудың алғашқы үлгісі Л. Н. Толстой туындыларында көрініс берсе, Ф. Достаевский творчествосында ол шын мәніндегі дәстүрге айналып одан кейін А. П. Чехов,
И.А. Бунин, М. Горкий, А. И. Куприн шығармаларында тамырын
тереңге жайды. Орыс әдебиетінде Л. Толстой мен Ф. Достаевский
Қазан төңкерісінен кейін Кеңес әдебиетінде М. Шолохов,
Л.Леонов, К. Федин, А. Толстой, А. Фадеев, Л.Собольев сияқты белгілі жазушылардың шығармаларында жемісті жалғасын тапты.
Біріншіден, қазіргі қазақ әдебиетінің қай жанырына көз салмайық, оның профессионалдық деңгейінің өскендігіне, өмірлік шындықты өнерлік мұрат деңгейіне көтеруге де жазушыларымыздың ізденіс үстінде екеніне көз жеткіземіз. Мәселен, ХХ ғасырдың басында дүниеге келген бір ғана роман жанрының өзі бүгінде қандай биік деңгейге, кемелдікке жетті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Төлен Әбдіков | Өліара

БІРІНШІ БӨЛІМ

I

Басын Арқаның аласа тау сілемдерінен алып, шығыстан батысқа қарай садақша иіліп, баяу аққан Жыланды өзені бетеге, жусан, бұйырған өскен боз топырақты жазық дала мен сиыр таңдай құм төбелерді, ақ сорға айналған көлдің табандары мен қазан шұңқырлары алқаптарды басып өтіп, көктемгі тасқында Ащыкөлге құяр еді. Жаз айында суы кеміп, кей тұстары жиегіне қамыс, құрақ, арагідік шоқ–шоқ шілік өскен бірде тұщы, бірде ащы үзік–үзік қара суға айналады. Жағасы биік әрі құлама болғандықтан, суаттан басқа жері тіршілікке қолайсыз. Елдің көбі жайылым қуып, шашырай қонып, ауыз суды құдықтан ішіп, малды да құдықтан суарып әдет қылған. Қыста қар — суымен күн көреді. Әсіресе егіні жоқ, бірыңғай мал бағып, құм жайлаған шаруалардың өзен суына күні түсіп көрген емес. Әйтсе де солардың өзі «биыл Жыландының суы аз екен» десе, айдалада отырып уайым қылып, «көп екен» десе, «е, бәрекелді» деп қуанып, шүкіршілік етіп отырады.

Сол Жыландының «арғы бет» деп аталатын түстік аймағында елді мекеннен тым жырақ қоныстанған жалпақ ауыл сырттан келген адамдарға өздерін: «Қосымнан тараған бір атаның балаларымыз ғой», — деп таныстыратын. Бірақ қосым қайда, біреу қайда, бұл күнде біраз ата бір–бірімен қыз алысып, қыз берісіп, нағашылы — жиенді күйге ауысқан; жиын кеңесте бірін–бірі қажамаса отыра алмайды. Еріккен шалдар таяғымен жерді шұқып қойып, әлдебіреулерге: «Шірік неме, сені бүлдірген анау шөккен түйеге міне алмайтын жаман әкең ғой, сірә», – деп; егер пысықтау біреу болса: «Өзің бізге тартып адам болып жүрген шығарсың, егер аталарыңа қараған күн болса, біржола жынды болып кетер ме ең», – деп кеңк–кеңк күліп, қажаған адамының шақшасын сұрап, насыбай атысып отырар еді. .....
Әңгімелер
Толық

Тарих | Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару органдарымен төленетін негізгі әлеуметтік төлемдер түрлері

Мүгедектігіне немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар әр азамат жәрдемақы алу туралы өтінішті зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталықтың жергілікті, аудандық (қалалық) бөлімшелеріне, тізімде көрсетілген қажетті құжаттармен бірге тұрғылықты жеріне тапсырылады. Бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқы бар адамдарға өз таңдауы бойынша бір жәрдемақы беріледі.

Мемлекеттік әлеуметтік зейнетақылар мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне енеді. Асыраушысының жоқтығына, жасының ұлғаюына мүгедектігіне байланысты жүйелі түрде мемлекет азаматтарға көмек көрсетеді. Жәрдемақы төлеу мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады......
Рефераттар
Толық

Тамыры терең алты алаш

Жоқ нәрседен пайда болмас,
Бар нәрсе ғайып болмас.
Тамыры терең алты алаш,
Келеді әлі адамзатпен қарбалас...

Бір мың да төрт жүз алпыс бес,
Керей-Жәнібек билік....
Өлеңдер
Толық

Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады?

Тойдың көркін қыздыратын да, оның сәнін келтіретін де - асаба. Егер той басқаратын адам ел көңілінен шықса, қалың жұрт оның сөзіне ұйып, той мәнді өтеді. Сондықтан, той бизнестің дәурені жүріп тұрған қазіргі кезде елге сөзін өткізе алатын жүргізушілерге деген сұраныс артып тұр. NUR.KZ порталы еліміздің ең қымбат асабаларын назарға ұсынады.
Жаңалықтар
Толық

Айсәуле Бақытбектің елді шулатқан образдары

Танымал отандық продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек те анасы секілді танымал. Ол мұндай танымалдылыққа анасының ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілердің арқасында жетті. Желіге үздіксіз суреттері мен видеоларын жүктейтін Айсәулені елдің барлығы таниды. nur.kz порталы қоғамда Айсәуле Бақытбектің дау тудырған образдарына тоқталмақ.
Жаңалықтар
Толық