Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады?

Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады? казакша Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады? на казахском языке

Тойдың көркін қыздыратын да, оның сәнін келтіретін де - асаба. Егер той басқаратын адам ел көңілінен шықса, қалың жұрт оның сөзіне ұйып, той мәнді өтеді. Сондықтан, той бизнестің дәурені жүріп тұрған қазіргі кезде елге сөзін өткізе алатын жүргізушілерге деген сұраныс артып тұр. NUR.KZ порталы еліміздің ең қымбат асабаларын назарға ұсынады.

Танымал әзілкештер мен жүргізушілерге деген сұраныс бүгінгі таңда шын мәнінде өте жоғары. Қанша қымбат болғанымен оларға алдын ала бір немесе жарты жыл бұрын тапсырыс беріп қояды. Еліміздегі той бизнес саласындағы агенттіктердің бірі биыл олардың құны тіптен артып кеткенін де айтуда.

Тұрсынбек Қабатов
Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады?

Танымал әзілкеш тойды басқарып беру үшін кемінде 1 млн 500 мың (5000 доллар) сұрайды. Агенттіктердің айтуынша, оның бағасы 7 000 долларға дейін ауытқуы мүмкін. Тұрсынбек Қабатов еліміздегі ең жоғары сұранысқа ие асабалардың қатарынан. Сондықтан оған алдын ала жарты жыл бұрын тапсырыс беріп қойған абзал.

Нұржан Төлендиев
Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады?

Ал Нұржан Төлендиев Қабатовқа қарағанда арзанырақ бағаға келісуі мүмкін дейді агенттік өкілі. Оның айтуынша, Нұржанның құны 1 млн-нан (4 000 доллар) басталады.

Жанатбек Бәйтеков
Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады?

Жанатбек Бәйтеков те еліміздегі ең танымал әзілкештердің бірі. Оны тойыңызға шақыру үшін 1 млн теңгеңіз (3 000 доллар) қалтаңызда болсын.

Қайрат Әділгерей
Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады?

Тұрсынбек Қабатов театрының актерлері де аса сұранысқа ие. Мәселен, Қайрат Әділгерей 1 000 долларға көлеміндегі гонорарға келіседі дейді агенттік өкілі.

Аманғали Сыпабеков
Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады?

Жан-жануарлардың тілін "түсінетін" Аманғали да асаба ретінде жиі көрініп жүр. Оның той басқарып беруі 2 000 доллар тұрады.

Қанат Әлжаппаров
Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады?

Кезінде Қанат Әлжаппаров той басқарып бергені үшін 1 млн теңгеден де көп ақы сұрайды деген ақпарат тараған еді. Алайда, ақпарат берген агенттіктің айтуынша, 600 - 700 мың теңге (2 000) шамасындағы гонорарға ол келісімін береді.

Нұрлан Еспанов
Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады?

Әншілікпен қоса асабалықты да қатар алып жүрген Нұрлан Еспанов 2 000 доллар берсеңіз, тойңыздың көркін қыздырары анық.

Естеріңізге салсақ, отандық БАҚ-та Нұржан Төлендиев 600 000 теңгенің тойы менсінбегені турады мақала шығып, елді шулатқан болатын. Кейіннен асаба бұл ақпараттың жалған екенін айтып, ақталған еді.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, доллар, асаба, деген, басқарып, жүргізушілерге, Сондықтан, Тұрсынбек, Қабатов, артып, қымбат, Нұржан, Төлендиев, көркін, айтуынша, сұраныс, беріп, Қайрат, жарты, Тойдың, алдын, Нұрлан Еспанов, Қанат Әлжаппаров, Аманғали Сыпабеков, Қайрат Әділгерей, Жанатбек Бәйтеков, Нұржан Төлендиев, Тұрсынбек Қабатов, доллар, асаба, деген, басқарып, жүргізушілерге, Сондықтан, Тұрсынбек, Қабатов, артып, қымбат, Нұржан, Төлендиев, көркін, айтуынша, сұраныс, беріп, Қайрат, жарты, Тойдың, алдын, Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады?, Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады?