Әдебиет | Қажымұқан Мұңайтпасұлы Күш атасы Қажымұқан

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Өмірі

Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1883 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған. Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді:

Атандым Мұқан палуан, бала жастан.
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан

Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол «Ваня ағай» деген атақты алғашқы кәсіби Санкт-Петербордағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Кенесары Қасымұлының қозғалысы

Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық.
Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық.
Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт.
Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым.
Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу.
«Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу. Жалпы далалықтардың денсаулықтарын, олардың өнегелі өмірін оқушыларға таныстырып, ұлттық сананың қалыптасуына негіз қалау.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері

ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері кокругтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады.Олар қазақ жерінде “бөліп ал да билей бер” деген отаршылдық ұранды бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны (1802 жылы туған) Ташкент түрменсіне қаматты. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Кенесары Қасымұлы

Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі, қазақ халқының соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп, 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік - Сеңгір аңғарында шәйіт болды. XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейінгі бабаларымыздың елі мен жерінің біртұтастығын қорғап қалудағы қатты наразылығы, қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы оқиға болды.
Ғұлама ғалым Шоқан Уәлихановтың жазып қалдыруынша (шығармалар жинағы, III том, 486 бет), Абылай хан он екі әйелінен қырық қыз, отыз ұл сүйген. Ұлдарының бізге белгілері: Сағындық - Шуақбай атты Қарақалпак бегінің қызы - Сайман ханымнан: Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім; Қашғар бегі Кенже Сарттың қызы - Бабақ ханымнан: Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбі-тай, Әбділда; Қалмақ ханы Қалдан - Сереннің туысы - Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым; Сырғалдақ қожаның қарындасынан: Тоқ, Қасым, Арық; Атығай - Қарауылдың қызы Тоқта ханымнан: Сығай, Тоғай, Сүйік, Әли, Құлан, Тоғым; Орыс сұлудан (тұтқын): Шама; басқа әйелдерінен: Ғұмыр, Байыр, Жәңгір, Сыпатай. Кенесары Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен: Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай мен бірге 6 алты ағайынды болып туған. Ал Кенесарының інісі Наурызбай Қасым сұлтанның екінші әйелінен өмірге келген.
Абылай хан 1781 жылы 69 жасында қайтыс болғаннан кейін оның ең үлкен ұлы Уәли (1738-1819 ж.ж.) әкесінің орнына хан болып сайланады. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі өзінің шырқау шегіне жеткен кезде Уәли 1774 жылғы 2 маусымда Орынбордың генерал-губернаторы Рейнсдропқа былай деп хат жазады: «Сізге дұғай сәлем жолдай отырып айтатыным төменгідей: Жоғары мәртебелі Сіздің Шыныят мырза арқылы жіберген хатыңызды алдық, тек әкем Абылай хан болмады, ол қалың қолмен сырттағы жауға аттанған еді, жауымыздың тас-талқанын шығарғандығы жайлы хабар алып отырмыз. Ал, мұнда елді оның орнына мен басқарып отырмын. Сіздер де қандыбалақ қарақшыны ұстапсыздар, бұл хабарды естіп мен қуанып қалдым. Себебі ұлы мәртебелі императордың біз жауына жау, досына доспыз ғой!» (А.И.Дмитриев-Мамонов. Орал мен Сібірдегі Пугачев көтерілісі. Санкт-Петербург. 1907, 139-140 бб.). Орыс бақылаушысы Чучаловтың айтуынша, «Уәли әкесі Абылай сияқты өркөкірек, алған бағытынан қайтпайтын қайсар, әрі құбылмалы» жан болған (ХVIII-ХІХ ғ.ғ. қазақ-орыс қатынасы. Алматы, 1964, 106 б.). 1782 жылғы 25 ақпанда Ресей патшасы II Екатерина Уәли ханды Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы әмір еткен грамотаға қол қояды. Петропавл бекінісінде Уфа мен Симбирск генерал-губернаторы генерал-поручик Якобийдің қатысуымен Уәлидің хан болып таққа отыруының және ант беруінің рәсімі өткізіледі.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Сарыұлы Ақтамберді

Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)- атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар. Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады. Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады. Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады. Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен қызметі

Қазахалхының рухани өміріне үлкен үлес қосқан Жүсіпбек Аймауытұлының алар орны айрықша. Ақиқатын айту керек, көрнекі қаламгердің өмірбаяны хақында қазірдің өзінде түрлі пікірлер бар. С.Мұқанов « XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінде (1932) 1893 жылы туды , Ә.Тәжібаев: Жүсіпбек-баянауылдық, 1896 жылы туған» десе, С.Сәдуақасовтың сұрақтарына қайтарған жауабында қаламгердің өзі сиыр жылының аяғында (1890)… тусам керек» дейді.
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сыр лы дарын, романшы, драмашы, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытұлы 1889 жылы, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылту атрабында туған. Ә кесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай, Қуандар-текті, дәулет, абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. Жасге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбектер секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерлерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі класты мектепке түседі, ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Жұмабек Ахметұлы Тәшенов

Тәшенев Жұмабек Ахметұлы (20.03.1915 жылы Ақмола облысы Аршалы аудан Танагүл ауылында дүниеге келіп – 18.11.1986 жылы Шымкент қаласында дүниеден озған) – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген.
Қызметі:
• 1934 – 1939 жылдары Бейнетқор ауданы атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі
• 1939 – 1943 жылдары Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары
• 1944 – 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі
• 1947 – 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 – 1952)
• 1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы
• 1955 –19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы
• 1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы
• 1961-1975 жылдары Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ДАТҰЛЫ СЫРЫМ

Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі - Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан.
Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдішімен аты шыққан «Бала би» атанды. Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал- губернаторы Игельстромға жазған бір хатында: «Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі» деп жазады.
Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. 1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді.
Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Cырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады. Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Oрал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады.
Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады. 1785 жылдың күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлы

Әлихан Б. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата-тегі: Бөкей – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен. Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық стауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамндығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894ж. Санкт – Петербургтегі Орман институтының эканомика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XI ғ. Бсағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Бөкейханов туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда эканомикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» делінген. Ә.Бөкейхонов Ресей жандармирия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары – ақ ілігіп, «Саяси – сенімсіздердің қара тізіміне алынды». Ол институтты бітіргеннен кейін Омбыға барады. Онда Орман ш. Училищесіне математика пәнінен оқтушы болып орналасты. Социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасы құрамына енді. 1896 – 1903ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. Оның ойы бойынша, экспедиция жұмысына қатысу сол тарихи кезеңде қазақ халқы үшін ең зәру мәселеге айналған – жер қатынастарын тереңінен түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Әлихан Б. экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жңа қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқайы. Қалай болғанда да, Әлиханның көзқарасының Щербина Экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне 1-ші орыс революциясы ерекше ықпал етті. Студенттік және Омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде Маркстік бағытта тұрған Бөкейхановтың саяси көз қарасы өзгерді. Ол қазақ даласын отарлау саясатына білек сыбана кіріскен патша өкіметімен күрес жүргізу үшін әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді, сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы тұрған саяси крестерге сүйенуді алға тартты. Әлихан 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен Земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. ....
Рефераттар
Толық

Қуандық Шамахайұлы - Кішкентай адам

Ірі мекеменің қарауындағы бір шағын ғана орталықты басқаратын Кішкентай Адам үйіне барып түстенген соң жұмысына қарай жетіп алмақшы болып, автобусқа жайғасқаны сол еді, қалтасындағы телефоны безілдеп қоя берді. Хабарласып тұрған хатшысы болса керек. Орталық деген аты ғана болмаса, онда бар-жоғы екі-ақ адам бар. Бірі – өзі, екіншісі – компьютерде мәтін теретін бір жас қыз және қабырғасы бір есікпен ғана бөлінетін табыттай тар екі бөлме. Төр жағында өзі, есік аузында хатшысы жайғасқан. Соған қарамастан, аты дардай. «Ұлы дала мұраларын бүгіншілеп тану орталығы» деп аталады. Орталықтың басшысы...
Әңгімелер
Толық