Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды......
1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. ....
1921 жылы Батыс Қазақстан обылысы Жәнібек ауданының Ақоба ауылында дүниеге келген. 1970 жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ композиторы. 1939-1941 жылдары Мәскеу консерваториясының қазақ студиясында дәріс алған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1953 жылы Алматы консерваториясын Е.Г. Брусиловскийдің композициялары бойын-ша тәмамдаған. 1943-1953 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері. 19653 – 1960 жылдарда Алматы консерватиясында ұстаздық қызмет атқарған. 1961–1969 жылдар аралығында Алматы консерваториясы жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі. Қапан Мусин халық аспаптары оркестріне поэмалар, симфониялық оркестрге арналған үш симфония және атақты «Жайлауда» атты симфониялық поэмасын, «Халық бақыты үшін», «Мереке» поэмаларын жазды. Ол - тұңғыш симфониялық ірі шығарма жазған ұлттық композитор.....
Өнерде өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көрініп, ол қолтаңбасы ұлттың рухани әлеміне құнарлы арна болып қосылған тұлғалар қай елде де, қай заманда да некен-саяқ. Тәттімбет ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантымен, өнерпаздығымен танылған суреткер – күйші-композитор. Ол күй құдіретін, домбыра сырын ерекше сезіне біліп, жанымен сүйсінген, күй жанрының табиғи болмысын шынайы ұққан өнер адамы екендігін байқатады. Өйткені Тәттімбеттің күйлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, халықтың классикалық музыка қорына жатады. Қазанғапұлы Тәттімбет-қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші. Ол ән мен күйдің жылжыған жорғасы мен жүйріктері Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сияқты күйшілерімен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты ел басыларымен қадірлес - сыйлас болған. Қазанғапұлы Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданына қарасты Дастар тауының етегінде туған. Бұл жер қазіргі Абай атындағы совхоздың №4 Мыржық бөлімшесіне қарасты Қызылжал деп аталатын қыстау. Қызылжал қыстауын Мөшеке деп те атайды. Мөшеке Тәттімбеттің үлкен әкесі. Тәттімбет небары 45 жас ғұмыр кешіп, 1860 жылы дүние салды. Қазанғапұлы Тәттімбеттің шыққан тегі Орта жүз, Арғын, оның ішінде Мейрамнан тарайды. Шежіре бойынша Мейрамнан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Шұбартпалы, Қаракесек (Болатқожа) деген аталар өрбіген. Осылардың ішінде Тәттімбет Қаракесегі болып келеді. Тәттімбеттің мінезі байсалды, жеңіл-желпі сөзге көтеріле қоймайтын салмақты кісі болса керек. Мұндай адам бойындағы адамгершілік қасиетті оның көптеген күйлерінен де аңғаруға болады. Себебі, жаны сергек, пейілі адал, халық мүддесі десеішкен асын жерге қоятын, аса әділеткер, адамгершілігі мол болғанын көз көрген қарт-қариялар да әңгімелеп айтып отырады екен. ....
Тілендіұлы Нұрғиса (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т.б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. ....
Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады. Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы , шабыт тұғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклі қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Жалпы, Қазанғап эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы «Ноғайлы босқыны» деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып «Жұртта қалған», «Окоп» деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп «Қызыл керуен» деп бебеулейді.....
Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «БИлер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді. Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады. Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Казақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен. Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. ....
Ұлыбритания¬¬-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде корольдің билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі- екі палаталы парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата). Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаз болып шыққанмен де, Ұлыбританияның экономикалық және саяси позициясы едәуір әлсіреді. Адам шығыны Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингке жетті. Ол АҚШ-ка ұзақ уақыт бойы экономикалық және саяси тәуелді болып қалды. Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны жөнінен жетекші капиталисттік елдерден көп кейін қалды. Бұл жылдардағы жағдайды Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министрі У.Черчиль «Триумф және қасірет» деп атады. 50 жылдардың соңында ГФР, ал 60 жылдардың соңында Жапония өнеркәсіп өнімін өндіру дәрежесі жөнінен Ұлыбританияны басып озып, оны капиталисттік дүниеде 4-орынға ығыстырды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін империалзмнің, оның ішінде Британ империясының отарлық жүйесі күйрей бастады. Ұлт- азаттық қозғалысының мықтап өрлеуіне байланысты Британ империалистері Үндістанға тәуелсіздік беруге (1947) мәжбүр болды, бірақ елді діни наным бойынша екіге бөлінді. Бирма мен Цейлон (Шри Ланка) егемендік алды (1948). Езілген халықтардың күресі Ұлыбританияны отар елдерінің бәріне дерлік тәуелсіздік беруге мәжбүр етті. Отарлық империяның ыдырауы ағылшын империализмін күрт әлсіретті, бірақ Ұлыбритания көптеген бұрынғы иеліктерінде едәуір экономикалық және саяси позицияны сақтап қалды. Ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күресу мақсатымен Ұлыбритания агрессиялық блоктарын ұйымдастыра бастады. Таяу Шығыс пен Африкадағы отарлық позицияны нығайту үшін Ұлыбритания 1956 жылы Франция және Израильмен бірге Египетке қарсы қарулы шабуылы жасады. Совет Одағының, басқа да социалисттік елдердің Египетті қолдауы және дүние жүзіндегі прогресшіл жұртшылықтың қарсылық білдіруі нәтижесінде Ұлыбритания мен оның одақтастары Египетке қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. ....
Ұлыбританияның салық жүйесінің негізі 19 ғасырда қалыптасты. 1965,1973,1987-1988 жылдары жүргізілген салық реформалары елдің салық жүйесінің құрылымына көптеген өзгерістер әкелді.Елдің салық салу саласында жүргізілген шаралардың ішіндегі ең маңыздылырының бірі-1988 жылдың наурызында қаржы министрі Н.Лоусонның 1988-1989 жылдарға арнап парламент қарауына ұсынған бюджет болды.Қаржы министірінің бағалауы бойынша ,бұл жоба салықтың радикалды реформаларын көрсетті.Н.Лоусон әлемдегі ең қарапайым салық жүйесін ұсынуға ұмтылыс жасады.Салық реформалары жеке табыс салығының төменгі ставкасын 20 % дейін төмендету, ерлі зайыптылырдың табысын бөлек есептеу,прогрессивтік салық ставкаларын алып тастау тәрізді маңызды шараларды қамтыды.Салық жүйесінің оңайлануы оның әділ болатынына кепілдік бермейді.Ағылшын экономистерінің бағалауы бойынша,әрбір британдық үшін салық ставкасы орташа есеппен 14-тен 16-ға өсті,ал осыған дейін табысының қанша мөлшерін салыққа төлесе,ол сол күйі өзгеріссіз қалды.Салық жылы ағымдағы жылдың 6-сәуірінде басталып,келесі жылдың 5-сәуірінде аяқталады.Қазіргі кезде салықтар Ұлыбританияның мемлекеттік кірістерінің 90 % жуығын қамтамасыз етеді.Елдің фискалдық саясаты екі негізгі ережеге негізделген: • «алтын ережесі» экономикалық циклда Үкіметке инвестициялық мақсатта ғана заимдардың жүзеге асыруына рұқсат береді және оны ағымдағы қаржыландыруды пайдалануға тиым салады; • «ұзақ инвестиция ережесі» бойынша экономикалық цикл кезінде таза ұлттық қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы тұрақты деңгейде болу керек. Бұл ережеге сәйкес,салық төлеуші төлемдерді экономиканы ағымдағы қаржыландыруды жүзеге асыру үшін төлейді,сондықтан ол Үөкіметтен мемлекеттік заимдар операциясын қатаң бақылауда ұстауын қамтамасыз етуін талап ете алады. 1998-1999 жылы қаржы жылдарына мемлекеттік бюджетті қабылдаған кезде,Үкімет жаңа фискалдық тұрақтылық кодексін де қабылдады.Бұл кодекске сәйкес, фискалдық саясат пен мемлекеттік қарызды басқару бес қағидаға жауап беруі қажет ....
Қазақстанда ысқылы қылқобыз аспаптарда орындау дәстүрі өнері ұлттық бастау алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында аспаптық музыканың даму кезеңі - майталман қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығымен тікелей байланысты. Ықылас жеті атасынан қобызшылар әулиеті атанған Дүкен қобызшының отбасында 1843 жылы дүниеге келді. Оның туып өскен жері казіргі Жаңарқа мен Сарсу ауданына қарасты жерлер. Ықыластың аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы – мистикалық үніне қатты сенген. Олар өз ұрпағының аман - саулығын, өсіп - өрбуін сол құдіретті күшпен байланыстырып, жамандық пен зұлымдылық аталудан сақтап қалушы да қара қобыз деп санаған. Ықыластың күйшілік феноменінің өмірге келгенін негізгі шарттарын дәйектегенімізде, оның түрлі бұлақтан нәр алатындығын анықталды. Ықыластың атақты күйші болуына әкесі Дүкен көп ықпал еткен. Оның тартқан қобызының үні баласының құлағына жас кезінен есте қалған. Демек, Ықыластың арғы тегінде күйші - қобызшы, домбырашы, өнерпаздар көп болған. Жезқазған облысының жерінде Қызылтаудың батыс шалғайына Дүкенұлы Ықыластың ата-қонысы орналасқан екен. Осы Қызылтау сілемінен шыққан күйшілер шоғырының ұлттық мәдениетімізге қосқан үлесі айрықша болып табылады. Бұл өңірдің қүйшілік дәстүрі өзінің бастау тегін тым көнеден бастаған. Бұл дәстүрдегі күйлер, тыңдаушыларға ерекше әсер береді. Күйші ретінде ғажайып дәстүрді Ықылас қобыз тілімен өте әсерлі дамытқан. Осы жерде тұлға ретінде ол рухани тарихымыздың төрінен көрінеді. Ықылас екі жасынан - ақ ескі қобыздарды сүйретіп, ойыншық қылып ойнаған екен. Үш-төрт жасында от басында қариялар әңгімесінің үстінде атасы, не әкесі қобыз тартса көн шанаққа кішкене алақанын басып, тың тыңдап, зыңылдап шыққан үнге қап жүрген. Ол ел аузындағы «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян-сұлу», «Қамбар батыр», «Мұңылық - Зарлық» жырларына ұйып өскен деген деректер бар. «Сарысуда ұлан жаз бойы жатып алып жырлайтын жыршы Шөже жиі - жиі келген. Шөженің сай сүйікті сырқыратқан шерлі үніне боздаған қобыз үні қосылғанда, бес - алты жастағы Ықылас оны жылап отырып тыңдаған екен. Кейін есейе келе сол әсердің күші болды ма екен, бір күйін «Қамбар» деп, екінші күйін «Мұңылық - Зарлық» деп тартқан болатын. «Қамбарда» - эпикалық кесек ой бар, «Мұңылық - Зарлық»-тәтті мұңға тұнған лирика» - деп жазады И. Жақанов. ....