Дене шынықтыру | Университет магисттурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру

Зерттеу жұмысының тақырыбы: “Болашақ жоғарғы мектеп оқыту-шы¬лары¬ның кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистра¬-турасының білім беру жүйесінде қалыптастыру”
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы ғылым мен университеттік білімнің дамуының қарқындылық сипат алуы ХХІ ғасырдың мемлекеттік басты талаптарының бірі болып отыр. Бұл талаптар жоғарғы мектеп, әсіресе университеттегі маңызды сұрақтарды тереңірек әрі кеңінен қарастыру мүмкіншіліктерін туғызуда. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты қоғамымызда жаңа заман талабына сай білікті мамандар даярлау талабы өсіп келеді.
Бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттерінің егемендік алуы, дүниежүзіндегі дамығын мемлекеттермен дипломатиялық, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту байланыстарының көбеюі, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік көзқарастағы өзгерістер, оның салауатты қоғам орнатуы әрбір азаматтың жан-жақты дамуын талап етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | 110 м кедергімен жүгіретін жүйріктерге шыдамдылықтың роли мен мағынасы

Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;
- оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.
Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.
Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | 12 жастағы еркін күреспен айналысатын балалардың үйлестігін дамыту

Еркін күрес, гректер заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Еркін күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады.
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Кәсіпорында еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жолдары

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік -еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптасқан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Технология | Түйe сүті нeгізіндe пробиотикaлық өнімдeрді aлудың тeхнологиясы

ХІХ ғ соңындa мeдицинa микробиологтaры aуруғa бeйім жәнe дeнсaулығы жaқсы aдaмдaрдың aс-қорыту жолдaрының микробиотaсының өзгeшeліктeрін aнықтaды. Микробиотa дeгeніміз aс-қорыту жолдaрындa тіршілік eтeтін қaлыпты микрофлорa. Aдaм оргaнизмінің микробиотaсының 80% сүт қышқылды бaктeриялaр мeн бифидобaктeриялaр, қaлғaн микрофлорaның көпшілік мөлшeрін ішeк тaяқшaлaры құрaйды.
Aс-қорыту ішeк жолдaрының пaйдaлы микрофлорaсын құрaйтын микрооргaнизмдeрді пробиотиктeр дeп aйтaмыз. Пробиотиктeр грeк тілінeн aудaрғaндa «өмір үшін» дeгeнді білдірeді. Пробиотиктeр – колония түзумeн aс-қорыту оргaндaрының микрофлорaсын қaлпынa кeлтірeді, aғзaғa eмдік қaсиeт көрсeтeтін, қaжeтті мөлшeрдeгі, тіршіліккe қaбілeтті, бeлгілі микрооргaнизмдeр тобы бaр, тaғaмдaр жәнe прeпaрaттaр. (әдeбиeт1)
Қaзіргі кeздe пробиотиктeрді тұтыну кeң aуқым aлып кeлe жaтыр, өйткeні, пробиотиктeрдің бaсқa дәрілік зaттaр нeмeсe диeтaлық тaғaмдaрғa қaрaғaндa пaйдaлы жaқтaры eдәуір көп. Eң бірінші пaйдaлы қaсиeті пробиотиктeрдің құрaмы aдaм нeмeсe жaнуaрлaрдың қaлыпты микрофлорaсынaн тұрaтынымeн сипaттaлaды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - делінген.
Ал мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; математикалық тілді меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығаруға , проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды ойлауға үйрету маңызды мәселе.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Бастауыш кластарда сөйлемнің соңында келетін тыныс белгілерді үйрету

Кіріспе
Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылыми негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой- өрісін, тіл байлығын ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бастауыш сыныптарда ана тілінің заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларын еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр.
Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс, қатесіз жазуға үйрету жұмысында көзделетін негізгі мақсат – олардың қате жібермей, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Ал жазбаша жұмыстарында тыныс белгілерін дұрыс қоя білу сауаттылықты арттырады, әрі сөйлемді дұрыс құруға көмектеседі. Тіліміздегі сөздер синтаксистік қызмет атқару үшін, сан алуан байланысқа түседі. Сол байланыстарды мағыналық жағынан дәл ажыратып тұратын – тыныс белгілері. Сондықтан тыныс белгілерін «оқудың нотасы» дейтін себебіміз де сондықтан. Әрбір тыныс белгісінің өзіне тән интонациасы болатындығы белгілі. Ал, керісінше, тыныс белгісі қойылуға тиісті емес жерге де интонация мен үзіліс (іркіліс) жасалады. Тыныс белгісі мен интонацияның, үзілістің сай келетін жерлері де бар.
Жазғанды, айтқанды ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр уақытта естен шығармаған жөн. Айтайын деген ойды оқырманға дәл де нақты жеткізу үшін әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы керек.
Сөздерді дұрыс орналастырып жазғанымен, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасаң, айтайын деген ой дұрыс берілмейді. Қате түсінуге ықпал етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Математика | Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - делінген.
Ал мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; математикалық тілді меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығаруға , проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды ойлауға үйрету маңызды мәселе.
Қазақстан Республикасы білім стандартында анықталғандай математиканы оқыту төмендегідей мақсаттармен анықталады:
1. Ақиқатты танудың математикалық әдістері туралы оқушыларға
мағлұмат беру. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Басқару ұғымы, қоғамдық жүйедегі басқару салалары

асқару ұғымы, қоғамдық жүйедегі басқару салалары және олардың өзара ықпалы.
Кең мағынасында алғанда, басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф.Энгельс еңбек ұралдарын басқаруға “заттарды басқару” деген анықтама берген;
- тірі организмдердегі (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;
- қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ақпараттық жүйе | БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

КІРІСПЕ
Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.
Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.
....
Курстық жұмыстар
Толық