Дене шынықтыру | Университет магисттурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру

 Дене шынықтыру  | Университет магисттурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру

Мазмұны

КІРІСПЕ................................................................................................................ 7

1 ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІ.......................................................................................................... 11
1.1 Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық біліктілігінің педагогикалық–психологиялық әдебиеттерде сипатталуы........................ 11
1.2 Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық біліктілігінің теориялық моделі............................................................................................ 28

2 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНЫНЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ................................................................ 50
2.1 «Магистрант педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты арнайы курс....................................................... 50
2.2 Болашақ педагог мамандардың кәсіби біліктілігінің қалыптасуын эксперименттік тұрғыдан тексеру................................................................. 57
2.3 Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті, оның негізгі қызметін, мазмұнын және құрылымын белгілеу........................................................................................61

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................ 77
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .................................................... 79
ҚОСЫМША............................................................................................................ 83

Зерттеу жұмысының тақырыбы: “Болашақ жоғарғы мектеп оқыту-шы¬лары¬ның кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистра¬-турасының білім беру жүйесінде қалыптастыру”
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы ғылым мен университеттік білімнің дамуының қарқындылық сипат алуы ХХІ ғасырдың мемлекеттік басты талаптарының бірі болып отыр. Бұл талаптар жоғарғы мектеп, әсіресе университеттегі маңызды сұрақтарды тереңірек әрі кеңінен қарастыру мүмкіншіліктерін туғызуда. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты қоғамымызда жаңа заман талабына сай білікті мамандар даярлау талабы өсіп келеді.
Бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттерінің егемендік алуы, дүниежүзіндегі дамығын мемлекеттермен дипломатиялық, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту байланыстарының көбеюі, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік көзқарастағы өзгерістер, оның салауатты қоғам орнатуы әрбір азаматтың жан-жақты дамуын талап етеді. Сондықтан үздіксіз білім беру жүйесі басқа материалдық-рухани тараулар сияқты өз дамуын қайта құруды бастан кешіруде. Ғылыми-техникалық прогрестің және өндіріс саласының қарқынмен дамуы ересектерден интеллектуалдық еңбекті, ал өскелең жас ұрпақтан жоғары дәрежелі кәсіби қабілеттілікті талап етті. Бүгінгі таңда еңбек рыногында бәсекелестікке төзімді мамандар даярлау талабы мемлекеттік ғылым және білім министерлігінің “Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейін білім беруді дамытудың бағдарламасында”, педагогикалық білім беру мәселесіне қатысты бірнеше құжаттарда да көрсетіліп отыр.
Бұл жүйе алдындағы мемлекеттік және әлеуметтік жайт, болашақ ұрпақты өркениетті азамат етіп тәрбиелейтін мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді.
ХХІ ғасыр қоғам талабына байланысты білімдендіру ғасырына айналған болса, осы заманның өз деңгейіне сай келерлік мамандар даярлау мәселесі отандық және шетелдік педагог ғалымдарды толғандырып жүргені анық.
Соңғы жылдары білім беруді жаңартуға қатысты Европа кеңесінің ұсыныстарына сәйкес компетенция ұғымына деген көзқарастардың ауқымы кеңейе түсті. Осыған орай компетенция ұғымының мән-мағынасын айқындауға бағытталған мәселелер ғылыми-әдістемелік басылымдарда, білім саясатын анықтайтын құжаттарда және педагогика саласындағы зерттеулерде жалпы педагогикалық, дидактикалық, метадологиялық деңгейде көрініс беруде. Бұл осы ұғымның жалпы білім берудегі жүйелік-практикалық қызметімен және кіріктірілген метапәндік рөлімен де байланысты. Дәстүрлі оқыту әдістемесінде «компетенция» - жаңа ұғым емес. Мысалы, лингвистикалық компетенцияны орыс тілін оқыту әдістемесінің мамандары бұрыннан қолданып келеді. Ал тіл мен информацияда коммуникативтік компетенция туралы жиі айтылады.
Латын тілінен аударғанда компетенция дегеніміз өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Өз саласына сәйкес біліммен, біліктілікпен қаруланған, негізді ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды белгілі бір саладағы компетенттілік меңгерген деп есептеуге болады.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы білім беру жүйесі саласындағы даму бағыттарына сүйенгенімен еліміздің білім беру жүйесінің отандық дәстүр мен үрдістеріміздің ерекшелігіне сай өзіндік жолы бар. Еліміздегі білім беру бағытының дамуы үшін компетенциялық тәсілдің қажеттігі «Қазақстан Респуликасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының» негізгі қағидаларында белгіленген. Осыған орай Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясында келешекте оң нәтижеге бағытталған білім берудің негізгі бағыттарын айқындау мақсатында жан-жақты зерттеулер жүргізілуде. Мәселен, Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру стандарттары: қазіргі жағдайы, ізденістері мен даму болашағы» атты Республикалық семинар-кеңес өткізіліп, онда Қазақстан Респуликасы негізі және жалпы білімнің ұлттық стандартына көшудің стратегиялық бағыттары, негізгі іс-шаралары және кезеңдерін айқындау мәселесі қарастырылды.
Базалық компетенцияларға көшпес бұрын «компетенция» және «компетенттілік» ұғымдарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажыратып алған дұрыс.
«Компетенция» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы. Ал «компетенттілік» - адамның өзінің іс-әрекет саласына сай компетенцияларды меңгеруі. Бұл екі ұғымды қажет болған жағдайда бөліп қарастырады. Мысалы, компетенция деп оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды, ал компетенттілік деп олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін түсінеді.
Маманнның кәсіби біліктілігі оның алған білімі мен сол білім негізінде қалыптасқан дағдысына тікелей байланысты. Білік білімді іске асыру жолы болатын болса, дағды сол білім мен біліктің арқасында алған ақпаратты іске асыру әдісі. Білім – адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Сана, таным, ойлау, ақиқат, ғылым сияқты ұғымдар тығыз байланыста қарастырылады. «Знание – результат процесса познания действительности получивши потверждения в практике» деген анықтама береді О.С.Гребенюк, М.И.Рожков «Общее основы педагогики» деген еңбегінде.
Біліктілік компетенцияны қолдану тәжірибесін көздейді. Оны оқушылардың дайындығына қойылатын талаптарды анықтау, төл оқулықтар жазу және оқу үрдісін жаңаша жобалау кезінде ескеру қажет.
Міне осы талаптарға сай қоғам дамуына айрықша үлес қосатын азаматтарды даярлау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі кезде педагогиканың салмақты мәселесі магистранттарда кәсіби-педагогикалық білікті қалыптастырудың педагогикалық әдістерінің тиімді жолдарын қарастыру.
Бұл салада азды-көпті еңбек еткен ғалымдар болғанымен, нақтылы зерттеулер жоқ, сондықтан бүгінгі күні кәсіби-педагогикалық біліктің теориялық негізін прак¬тикамен сабақтастыру негізгі мәселе болып отыр.
Кәсіби-педагогикалық біліктілікті, оны қалыптастыру саласында М.С.Пашков, Ч.С.Тулеев, А.Андреев, В.Байденко, А.К.Макарова, Л.И.Мищенко, С.П.Романов, Э.Ф.Зеер, В.А.Веденников, А.В.Хутарской сияқты т.б.ресейлік ғалымдар соңғы жылдарда А.Ә.Жайтапова, Ж.Р.Баширова, А.Е.Абылқасымова сияқты отандық ғалымдар да еңбек еткен. Дегенмен, бұл мәселені шешуде теорияның жеткіліксіздігі мен тәжірибелік қажеттілік біздің зерттеудің тақырыбын құрайды. “Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру”
Зерттеудің объектісі: Болашақ жоғары мектеп оқытушыларын кәсіби-даярлау.
Зерттеудің пәні: Болашақ жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін қалыптастыру үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: Педагогикалық процесте магистранттардың кәсіби-педагогикалық біліктілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу, практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Біліктілік, кәсіби біліктілік, кәсіби-педагогикалық біліктілік түсініктерінің мәнін ашу.
2. Болашақ жоғары мектеп оқытушыларының моделін құру.
3. Кәсіби-педагогикалық біліктілікті қалыптастыру моделінің апробациясы бойынша педагогикалық тәжірибелік жұмыстар жүргізу.
4. Педагогикалық ұсыныстарды даярлау.
Зерттеудің болжамы: Егер Университет магистранттарының кәсіби-педагогикалық біліктілігінің моделін тұлғалық, әрекеттік біліктілік негізінде құрса, онда болашақ жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктіліктілігі жеткілікті деңгейде қалыптасқан болар еді, өйткені кәсіби-педагогикалық біліктілікті қалыптастыру әдістері мен мазмұны Университет магистранттарының жеке тұлғалық құрылымына сәйкес жасалынған.
Теориялық мәнділігі: Магистранттардың кәсіби біліктілігінің мәні мен мазмұнын анықтау.
Практикалық маңыздылығы: Магистранттардың кәсіби-педагогикалық біліктілігін қалыптастыруда теория мен практиканы сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтиже:
1. Кәсіби-педагогикалық біліктіліктің дамуына әсер ететін факторларды анықтау.
2. Университет магистранттарының кәсіби-педагогикалық біліктілігін қалыптастыруда теориялық материалдарды жүйелеу.
Зерттеудің теориялық тұжырымдамасының жетекші идеясы: жоғары оқу жүйесінің потенциалы мен ресурстарының түпкі нәтижеге бағдарлануы. Ол нәтиженің мәні сол, кәсіпті меңгеруде кәсіби міндеттерді теориялық және практикалық тұрғыдан шешуге дайын, осы үшін кәсіби іс-әрекеттерді ұйымдастырып, қолдана білетін, кәсіпті меңгеру барысы мен нәтижесін талдап, түзете алатын мамандардың кәсіби тұрғыдан жетілуі, өзін-өзі жетілдіруі.
Ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- кәсіби біліктілікті қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері түзіледі, оның маңыздылығы, мазмұны мен құрылымдық компоненттері анықталады;
- оқытушының жеке тұлға ретінде моделі жасалды.
- кәсіби біліктілікті тиімді түрде меңгеру мен қолдануды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық шарттар мен механикасының жиынтығы анықталады.


1 ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІ

1.1 Жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде сипатталуы

Соңғы жылдары білім беру жүйесінің құрылымы Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайға көшуіне байланысты толығымен өзгерді. Республика президенті Н.Назарбаевтың елімізді дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосуға деген қоғам алдына биік мақсат қоюына байланысты сол талаптарға сай шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын білікті мамандарды даярлау мәселелерінің қажеттілігі артуда. Осыған орай еліміздің ертеңінің тізгінін ұстар, өзіне сенімді, Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қоса алатын, жан-жақты дамыған, білімді тұлғаны дайындап, тәрбиелеу – аса жауапты қоғамдық міндет. Білім беру жүйесін дамытуда, білікті маман даярлауда жетекші рольді оқытушы атқаратыны мәлім. Қалыптасқан нарықтық қатынастарға сай республикадағы жоғарғы оқу орынын бітіруші мамандардың сапасына жаңа талаптар жүктелуде.
Қазақстан республикасының білім беру жүйесін реформалау білім берудің сапасын, оны бағалаудың мәселелерін жинақтайтын кешенді жүйе болып табылады. Мұның өзі:
- кәсіптік білімнің тиімділігін арттыруды;
- еліміздегі білім берудегі ағымдағы және болашақта қалыптасатын еңбек нарығындағы нақты қажеттіліктерді байымдауды;
- жоғары оқу орынын бітірушілердің отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекелесттікке төтеп беруіне басты назар аударуды талап етіп отыр.
Кез келген еңбек саласында, әсіресе педагог мамандарға жүктелетін жоғары кәсіби шеберліктің маңызды бір тармағы коммуникативтік біліктілік мәселесі қазіргі таңда кәсіби және қоғамдық өмірімізге мейлінше кеңірек енуде. Жоғары оқу орындары көп сатылы білім беру жүйесіне көшу жағдайында бірінші сатысы – бакалавриатта студенттер өздері таңдаған ғылым саласынан тиянақты білім алып, өздері таңдаған мамандықтың қыр-сырын меңгереді. ЖОО екінші сатысы – магистратураны бітірушілер, мамандану бағытына байланысты белгілі бір ғылым саласы бойынша “магистр” академиялық дәрежесіне ие болады, сонымен қатар жоғары мектеп оқытушысы мамандығын қоса меңгереді, яғни магистратура бітірген университет түлегі жоғары оқу орнында педагогикалық қызмет атқаруға әзір болуы көзделеді. Сондықтан, белгілі бір ғылым саласы бойынша “Магистр” академиялық дәрежесіне ие болған жас маман педагогикалық кәсіби біліктілікті меңгеруі қажет екен. Мамандар біліктілігін көтеру және қайта даярлау жүйесін дамытудың негізгі бағыттарының бірі ретінде білім үрдісін мазмұны жағынан жаңарту, атап айтқанда, маманның беделі, жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру, жаңа педагогикалық технологиялар мен оқытудың түрлі тәсілдерін күнделікті өмірге енгізу басты назарда тұр.
Білім беру жүйесін дамытуда, білікті мамандар даярлауда жетекші рөлді оқытушы атқаратындығы мәлім. Жоғары мектеп оқытушысы өз пәнін жете меңгеріп, оқыту технологияларын сауатты қолдану арқылы студенттермен білім алмасып отырады. Студенттерді болашақ маман ретінде қалыптастыруда оқытушы рухани әрі кәсіби бар адамдығымен қызмет етеді.
Жоғары оқу орындарының жаңа әлемдік классикалық деңгейге жетуі үшін студенттің сапалы білім алуымен қатар кәсіби біліктілігінің дамуы кез келген жоғары оқу орынына қойылатын басты талап болып табылады. Бүгінгі педагогикалық-психологиялық әдебиеттерден байқайтынымыз біліктілік мәселесінің бір жүйеге түсе алмай келе жатқандығы. «Білік», «біліктілік», «кәсіби біліктілік» мәнін ашатын анықтаманың бір ізділікке түспегендігін педагог ғалымдардың әртүрлі көзқарастарынан байқаймыз. Сол себепті бұл терминдерді бір бірінен ажыратып, мәнін түсіну қиынға соғары анық. «Білік», «біліктілік», «кәсіби біліктілік» терминдерінің анықтамалығын құруда ғалымдардың түрлі пікірлері мен көзқарасына ұшырастық. Әдебиеттерде бірнеше негізгі тәсілдер анықталды. Олардың ішіндегі кілттік түрі біліктілікті педагогқа қажетті қабілеттер сферасы арқылы анықтаған Н.В.Кузьминаның тұжырымдамасы десек болады. Көптеген авторлар (Н.В.Кухарев, В.И.Гинецинский, А.К.Макарова) педагогтың біліктілігі қатарына жауапкершілігі, еңбек сүйгіштігі, мақсат қоя білушілік, өзіне сенімділігі сияқты жеке қасиеттерді жатқызады.
1992 жылы ЕС «Европадағы орта білім» проектісінде алғаш рет «кілттік біліктілік» термині қолданылды. Мұнда қазіргі заманның білім берудің басты талабы білім алушылардың қазіргі жағдайға тез қалыптасуы ғана емес, жылдам өзгермелі қоғамдық құбылыстарды белсенді қабылдау.
Халықаралық еңбек қоғамы да бір кезде мамандарды қайта даярлау бағытындағы білім беру саласына қатысты «кілттік біліктілік» терминін қолданды.
Ресейде 2002 жылы кілттік біліктідіктердің жалпы білім саласындағы орны мен мәні ашылып, мемлекеттік білім стандарты да қалыптасу бағытында құрылған болатын. Сол себептен де көптеген авторлар біліктілік, білік, кәсіби біліктілік мәселесіне кеңірек тоқталып жүр. Мәселен Зеер Э., Маркова А., Салянкин Н., Шендерей П., т.б. біліктілік түрлерінің даму методикасы мен спецификасы (қоғамдық, педагогикалық, психологиялық, ақпараттық) ғылыми мақала мен диссертациялық зерттеу жұмыстарында да (Аминов Н., Антропов Л., Бусыгина А., Витковская Н., Кузьминская А., Рогожкина А., т.б.) қарастырып жүр.
Болашақ ақытушының әрекетінің мәні мен құрылымы Н.В.Кузьмина, Н.Д.Хмельдің, оның тұлғалық қалыптасуы Р.Ж.Аубакирова, В.А.Сластенин, К.С.Успанов, А.И.Щербаковтардың, педагогикадағы тәрбиелеу мен дамыту, педагогикалық қызметке тарту мен қызықтыру мәселесі Л.Ахмедзиянова, А.П.Сейтешевтің еңбектерінде қарастырылып келеді.
Бірқатар ғалымдар жоғары педагогикалық білім беруде педагогика ғылымын методологиялық тұрғыдан дамыту мәселесін (М.Н.Скаткин, Я.С.Турбовский т.б.), түсініктемелік аппарат құрастыу мәселесін (В.В.Краевский, П.И.Пидкасистый, Е.В.Бондаревская) педагогикалық пәндер мен курстардың өзара байланысын (А.В.Даринский т.б.), жоғары оқу орындарындағы концептуалдық тұрғыдан талдауды (Г.К.Ахметова, Т.С.Садыков, М.И.Сарыбеков, Н.Д.Хмель, К.К.Жампеисова) өзекті мәселе деп санайды.
Педагогикалық білім берудің гуманитарлық негіздері (В.Ю.Сенько т.б.), оқытушыны дәстүрлі емес түрде дайындау (П.Е.Решетников т.б.), оқытушыны кәсіби даярлауда жаңа оқу технологияларын енгізу (З.А.Исаева, Г.К.Селевка, В.П.Беспалько т.б.), жоғары кәсіби білім беру стандартын бір жүйеге келтіру (А.П.Валицкая, И.А.Колесникова, Г.Симухин т.б.) мәселелері соңғы жылдары ғалымдарды ерекше толғандырған мәселелер болды.
Кәсіби біліктіліктің жалпы мәселелерін, құрылымы мен мазмұны және компоненттері жайлы жайлы зерттеп, оқытудың кәсіби біліктілігінің түрлі аспектілерінталдаған Б.Т.Кенжебеков, В.А.Сластенин, Л.И.Мищенко; коммуникативтік біліктілік (Л.М.Митина), мамандардың басқарушылық біліктілігін (М.В.Прохорова), кәсіби біліктіліктің маманның жаңашыл-акмеологиялық мәтіндерінде алатын орынын (Н.В.Кузьмина, К.А.Аульханова-Славская), пән оқытушыларының арнайы біліктілігі (А.И.Щербаков, Н.Ф.Талызина, А.И.Жук, Н.Н.Кошель, С.Г.Мольчанов), психологиялық-педагогикалық біліктілік (М.И.Лукьянова), әлеуметтік біліктілік (Г.Ж.Менлибекова) т.б. зерттелді.
Коршунова Н.Н. оқытушының біліктілігін белгілі бір құндылықтар иесі болып саналатын тұлғаның қалыптасқан педагогикалық әрекетін анықтайтын кәсіби білім, білік, дағдысы деп санайды.
Студенттерді ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуге даярлау үрдісін зерттей келе Набиев Е.В. педагогикалық зерттеу әрекетін ерекше атап өтіп, оны күрделі педагогикалық құбылыс ретінде үш функционалды біліктіліктің (педагогикалық мониторинг, педагогикалық рефлексия, педагогикалық фасилитация (ағл.facilitete – себепші болу)) тұтас бірлігі ретінде қарастырады және ол біліктіліктер зерттеу дағдысын қалыптастыратын нақтылы білім мен біліктен көрінеді деп тұжырымдайды.[53]
Балтабаев М.Х. «Педагогическая культурология» деген әдістемелік еңбегінде кәсіби біліктілік мәселесін қозғайды. Ғалымның ойынша, кәсіби біліктілік – қызметкердің өз ісіне даярлығы мен қабілеттіліктерінің бірлігі. Басқа да қабілеттіліктерімен қатар кәсіби білімді игеруі мен осы білімді қолданудағы біліктілігі мен дағдысын да бірге қарастырады. Біліктілік – адамның қоршаған ішкі орта жаңашылдығына психологиялық және интеллектуалдық бейімділігі, ойлау мәдениеті, өзін өзі ұстауы, қоғамдық ортадағы қарым-қатынасы және үнемі білімін жетілдіріп отыруға икемділігін көрсететін универсалды әрі прагматикалық түсінік болып саналады.[66] ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!