Аруларға тілек. Арулар 8 наурыз мерекесі құтты болсын
Құрметті арулар! 8 наурыз мерекесіне орай керемет біздің аруларға арнап құттықтау, тілектерді ұсынады. 8 наурыз құтты болсын!
Санамақ түрлері
Санамақ түрлері:
- Саусақ санамақ.
- Сан санамақ.
- Ұлттық санамақ.
- Күн санамақ.
- Тағы да басқа.
Жаманға сөз қатпағанның өзi жауап
Жалпы адамды «жақсы», «жаман» деп бөлуге болмайды. Жаман деген түсінік – парықсыз, сөздің мәнін түсінбейтін, сөз сөйлей білмейтін. т. б. ұнамсыз қасиеттері көп адам туралы айтылған болу керек. Жоғарыдағы мақал сондай адамммен сөйлесіп, пікірлесіп, түсінісу қиын болғандықтан шыққан.
Шеге тағаны сақтайды, Таға тұлпарды сақтайды. Тұлпар ерiн сақтайды, Ер елiн сақтайды.
Ердің елін сақтауының арқасында біздер бүгінгі күнге жетіп отырмыз. Тарихымызға көз жүгіртіп көріңізші. Қазақ халқының ұлан байтақ жерін
жаудан қорғауда ер азамат пен тұлпардың рөлі ерекше болды. Халық даналығы осы бір ауыз сөзбен халқымыздың тарихынан да, тіршілігінен де хабар беретіндей.
Ақылды қасыңнан қорықпа, Жарымес досыңнан қорық.
Достың да, қастың да жарымес емес, ақылды болғаны жақсы екен-ау.
Досың болса да, ақылы жетпегендіктен жамандық жасауы мүмкін екен.
Бiр тауды төңкеретiн де бар, Бiр дәндi зiл көретiн де бар.
Адамдардың адамгершілік қасиеттері еңбекке қатысынан білінеді. Біреулер бар кішкентай шаруа тапсырсаңыз, соны таудай етіп, қабығы түсіп
жүріп орындайды. Сондай кескін-келбетін көргенде сол кісіге аз шаруаны тапсырғаныңызға өкінесіз. Ал кейбіреулер аз тапсырмаңызды молынан орындайды. Жоғарыдағы халық даналығы сондай адамдарға айтылған сөз болса керек.
Араға ерсең балдан татарсың, Қоңызға ерсең қиға батарсың
Мына тіршілікте аралардың өмір сүру тәртібі өте ерекше көрінеді. Олардың ортасында жалқау аралар болса, олар оны қатты жазалап, тіптім
өлтіріп тастайды екен. Аралар тынбай гүлден нәр тасып, еңбек етеді. «Араға ерсең» дегенде адамның араға ермейтіні – түсінікті. Ара сияқты еңбекқор адаммен бірге жүрсең, бірге еңбек етсең деген мағынада айтылып тұр. Қоңыз да еңбекқор ғой дерсіз. Бірақ қоңыз әрекеті өз қарабасының игілігі үшін. Ол бал арасы сияқты адамдарға тамақ әзірлемейді.
Ақылды қайғырған жерде, Ақымақ той қылады
Қайғы әр түрлі болады, ел қайғысы да болады, ер қайғысы да болады. Яғни, қайғы жалпы да, жеке де болады. Қайғы мен қуаныш бір-біріне антоним сөдер, антоним ұғымдар. Бір біріне жанаспайтыны да сондықтан.
Ата асқар тау, Ана бауырындағы бұлақ, Бала жағасындағы құрақ
«Ата асқар тау,
Ана бауырындағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ»
Біздің халық көбінде ер азаматты асқар тауға балайды. Ол – ер азаматқа деген сенім, құрмет. Осы мақалда да сол ойды меңзеп тұрғаны анық. Ананы суға, бұлаққа теңеуде де үлкен мән бар. Сусыз тіршілік бола ма? Құраққа теңеген бала асқар таудың етегінде болса, бұлақтан нәр алса, ол тамаша болып өспей ме? Ақылды, берекелі ата-ананың балалары да өз әкешешесіндей ақылды, көргенді, адамгершілігі, кісілігі мол болады.