Бiреуге үйретсең, өзiң де үйренесiң

a. Жомарттық адамды сыйлы, абыройлы, қадірлі етеді. Малға, дүниеге ғана жомарт болмау керек, біреуге үйретуге де жомарт  болу керек. Біреуге үйретсең, өзің де үйренесің. Ізденесің, көп оқисың, т.б. Өзіңізге тәжірибе жасап көріңіз...
b. Өзінің айналаңда білімге жомарт, үйретуге жомарт адам бар ма? Бар болса сол адамның қасиеттері туралы айтып беріңіз.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Ұзақ болса да жолдың турасы жақсы

«Жолдың турасы» деген кең мағынада адамның өмір жолы туралы мағынаны білдіреді. Ешкімге қиянат жасамай, алдап кетпей, адал өмір сүрген адам жолдан таймаған, тура жолмен жүрген болып есептеледі. 

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Туған күнге тілектер жинағы

Туған күніңмен құттықтаймын! Осы керемет күні Сізге мықты денсаулық, адал достар, шексіз бақыт, өлшемсіз табыс, жынды махаббат және көптеген қуанышты күндер тілеймін! Жақсы көңіл-күй мен керемет мереке болсын!

Құттықтау, тілектер
Толық

Санамақ түрлері

Санамақ түрлері:

  1. Саусақ санамақ.
  2. Сан санамақ.
  3. Ұлттық санамақ.
  4. Күн санамақ.
  5. Тағы да басқа.
Санамақтар
Толық

Жаманға сөз қатпағанның өзi ­ жауап

Жалпы адамды «жақсы», «жаман» деп бөлуге болмайды. Жаман деген түсінік – парықсыз, сөздің мәнін түсінбейтін, сөз сөйлей білмейтін. т. б. ұнамсыз қасиеттері көп адам туралы айтылған болу керек. Жоғарыдағы мақал сондай адамммен сөйлесіп, пікірлесіп, түсінісу қиын болғандықтан шыққан.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Шеге тағаны сақтайды, Таға тұлпарды сақтайды. Тұлпар ерiн сақтайды, Ер елiн сақтайды.

Ердің елін сақтауының арқасында біздер бүгінгі күнге жетіп отырмыз. Тарихымызға көз жүгіртіп көріңізші. Қазақ халқының ұлан байтақ жерін
жаудан қорғауда ер азамат пен тұлпардың рөлі ерекше болды. Халық даналығы осы бір ауыз сөзбен халқымыздың тарихынан да, тіршілігінен де хабар беретіндей.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық