Піл
Бір көргенді білгін
Мен алып пілмін
аспаймын саспаймын
Жамандыққа баспаймын
Бір көргенді білгін
Мен алып пілмін
аспаймын саспаймын
Жамандыққа баспаймын
Мен - мықты арыстан.
Аңдардың патшасы.
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы
Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын
Ормандардағы аңдардың
Жайратып салар күштімін.
Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.
Мен кірпімін, кірпімін
Көрінбей тұр кірпігім
Балаларға ұнайды
Жүретінім түртіліп.
Балпаң - балпаң, басамын
Алтын қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.
Түлкі айтты. Түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлаң - бұлаң, құйрығым
Текке өтпейді бір күнім.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Тарауы: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру.
Білімділігі: Жабайы аңдарды бір-біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға жаттықтыру. олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Туған жер сөзін естігенде, көбісі көз алдына бірден биік тауларды, жер астынан бүршік атып шығатын бәйшешекті, тамылжыта сайраған бұлбұл құстары бар кереметтей сүретті елестеді. Негізінен, осы бір екі ғана сөздің түп тұңғиығында қаншама құнды мағына мен ой жатыр, сол себепті болар әрқайсысы туған жердің қадірін әр түрлі түсінеді. Өз басым "Туған жерді” ешнәрсемен теңесе алмайтын, ұлы әрі киелі сөздердің бірі деп білемін. Көз алдыма өлеңін айтып, ұршықпен жіп иіріп отырған әжемді, шашымды шекелеп өріп отырған анамды, таңертеңнен кешке....
Туған жерім –Қазақстан! Осы сөздің өзінде соншама күш, соншама ұлылық. Барша қазақ жері менің туған жерім, Отаным.Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан-ақ, оның тарихы сол кіндік қаны тамған жерге жазылады. Туған жеріміз біздің өткеніміз, біздің болашағымыз. Қай жерде тіршілік ет, қандай ғажап жердің мөлдір суын татсаңда, туған жердің суындай кәусәр, оның шаңындай қымбат жер табылмайды. Тағдырың мен байланған тарихың сенің өзегің,тұтас өзің. Ғаламның жеті ғажабын ғаламаттап жатсаңда, соңғы деміңді туып-өскен өлкеде шығарып, сол жердің....