"Әр әзілдің түбінде бір шындық бар" демекші, күліп тұрып-ақ арғы ойын жеткізе білетіндер бар. Күлдіремін деп күлкіге қалатындар да бар. Бір сөзбен айтқанда, "күлдіре білу - өнер, күлкіге қалу - өлім". Назарларыңызға әзілдер топтамасын ұсынамыз.
Туған жер – алтын ұям,байтақ мекен Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған. Жаным менің, Кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған!,- Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлап кеткендей туған жеріміз алтын ұямыз. Кең байтақ сахарамыз бойында қасық қаны қалғанша жан алып жан беріп арпалысып өткен бабаларымыздың батырлығымен бізге жеткен ұлы даламыз. Миллиондаған жылдардың белесінде....
Туған жер, қандай қасиетті , неткен ыстық сөз! Туған жер деп қай ақын толғамаған, қай жазушы тебіренбеді десеңші?! Әр адамның жүрек төрінен орын алатын қасиетті мекен, жырақ кетсең сағынатын мекен. Туған жер- алтыннан да қымбат қазына. Әр адамның туған жері туған анасындай қастерлі. Туған жердің әрбір тасы, әрбір сайы естелік тұнған ғажайыптар. Есейеміз, ер жетеміз туған жерді тастап арман қуып қалаға келеміз. Мүмкін шет елге де кетерміз, бірақ туған жерге деген сағыныш бәрібір жүрек түкпірінде тұрады-ау шіркін! Туған жерден жырақта жүрсең сол өңірдің өңі таныс....
Адам баласы туған жерден жырақтаған сайын, туған жердің қадірін тереңнен түсіне білмек. Туған жердің асыл да киелі топырағынан жаратылған пенденің пейілі бір уақыт туған жерге анандай жетектеп, жанынды жер - көкке сыйғызбай, өзің туып - өскен елді мекенге əлдилеп əкелмек. Балдырған бала шағынның ізі қалған қыраттардың қырқасынан асқанда сол балалық көңілдің көңілге келер ыстық лебі есіп, жанынды жайлылық пен жайбарақаттық сезімі сенімен бірге серуеңдеуге серт еткендей, аяғынды асықпай бастыра, балалықтың бал дəуреніне көз жібертпек. Бəрімізде қазақи ауылдан қазақи тəлім - тəрбие алып, қанатымыз қатқанда арман қуып алысқа жол тарта кеткенбіз. Аядай ауылдан аялы алқан жылуын сезіне, мейрімді көздерге күнəсіз балалық көңілмен куəлік еткен жандармыз. Ауылдың ардақты жандарын жаныма жақын деп танығандықтан ба? Барлығы мен үшін тым....
Туған жер- қасиетті, қастерлі ұғым. Қиын күндер өтті бастан әр қазақтың, Ашаршылық бәрін көрді азаптың. Егеменді ел атанып нұрлы елім, Тәуелсіздік алған күн ең ғажап күн.
Маржан жырдан жүрегіме сыр тұнды , Мақтан тұтам қазақ....
Туған жер адам жүрегін тебірентетін ,сағыныштан сыздатып , көзге жас келтіріп оған қалай құсша ұшып баратыныңды байқамай да қалатын,ерекше құдірет иесі .Туған жердің жусаны , өзенкөлі , табиғаты , тіпті ауылымның тізбектеп орналасқан үйлері мен мұнтаздай таза шағын көшелері,далада асыр салып ойнап жүрген балалар , көл жағасындағы жайылып жүрген қозылақтар , саба пісіп , құрт қайнатып жүрген әжекеліншектер туған жер десе көз алдыма елестейді.Бәрінен қызығы кешке қарай мал өрістен келгенде басталады . Шуылдаған бала,жамыраған мал, өте керемет қөрініс.Пайпай....
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегімен әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» - деп туған жердің қадір – қасиетін ерекше атап өтеді. Туған жер десе тебіренбейтін пенде жоқ шығар, сірә? Туған жер – әрбір жанның дүниеден бейхабар дәрменсіз періштеден ес біліп, ер жеткенге дейінгі өсіп – өнген, дүниені таныған түп қазығы. Әрбір адамға туған жерінің табиғаты, адамдары, жан – жануары, жоталары, тау – тасына дейін ыстық болып көрінеді. «Туған жердің түтіні де ыстық» деген мақал осыдан қалса болса керек. Барлық....
Әлемнің ұстазы саналатын Аристотельдің айтуынша, адам туған топырағына тартып туады. Рас, қазақтың киелі топырағы от тілді, орақ ауызды ақындарды, би-шешендерді, жаужүрек батырларды дүниеге әкелді. Топырағына тартып тумаса маң-маң дала Маңғыстауда Махамбеттер дүниеге келер ме еді? Ақ түтек бораны буырқанған Жуалы Бауыржандай батырды бізге берер ме еді? Сұлу Көкше Сәкендей асылды жарық дүниеге әкелер ме еді? Ежелден-ақ көзі қарақты, көкірегі ояу ұлыларды тудырған Семей қазаққа Абайдай дананы берді емес пе? Сондықтан да болар, біздің халық даналығында....