Туған жерім - өлеңім!


Туған жер адам жүрегін тебірентетін ,сағыныштан сыздатып , көзге жас келтіріп оған қалай құсша ұшып баратыныңды байқамай да қалатын,ерекше құдірет иесі .Туған жердің жусаны , өзенкөлі , табиғаты , тіпті ауылымның тізбектеп орналасқан үйлері мен мұнтаздай таза шағын көшелері,далада асыр салып ойнап жүрген балалар , көл жағасындағы жайылып жүрген қозылақтар , саба пісіп , құрт қайнатып жүрген әжекеліншектер туған жер десе көз алдыма елестейді.Бәрінен қызығы кешке қарай мал өрістен келгенде басталады . Шуылдаған бала,жамыраған мал, өте керемет қөрініс.Пайпай шіркін , балалық шақтан қалған естеліктерді, оқиғаларды ұмыту мүмкін емес деп ойлайм.
Мен ұлан байтақ Қазақ елінің Макинск деген кішкентай ауылында дүниеге келдім .Мен өскенше ауыл да өсіп , ауданға айналып , дамып келе жатыр.
Туған жерден естелік болып қалған бала кезімдегі бір ерекше оқиға әлі көз алдымда .Олкезде мен не бары алты жаста едім .Әпкелеріммен еріп өзен жағасына бардым .Бала кезден жаз болса суына шомылып , жағасында аунап , қунап мәз болатын арнамыз біраз жауған нөсер жаңбырдан кейін , арнасынан асыптасып тұр екен .Бойжетіп қалған ересек қыздар мені бала санап, маған киімдерін ұстатып, өздері суға шомылуға күмп-күмп түсіп, менің қызығушылығымды оятты. Ол кезде апайларым ое жеті-он сегіз жаста еді. Судың деңгейі олардың мойнына дейін жетіп тұрды. Менің сондай шомылғым келсе де, олар мені шомылдырмай үйге ертіп келді. Үйге келсек менімен жасты Ақгүл деген ағамның қызы келіпті. Менің бар құштарым,көңілім суға ауып, бір кезде есік алдында ойнап жүрген Ақгүлге өзімше бойжеткен қыздай бұйыра сөйлеп, мен жақсы шомыламын, сен менің киімімді ұстап жағада тұрсаң болды, су менің мойныма дейін келеді деп, ертіп барып, өзімнің киімімді ұстатып қойдым. Арнасынан асып жатқан су маған суық көрінді. Аяғымды баяу басып,жағалаудағы құм арқылы көлге түсе бергенде аяғым тайып, жаңағы терең өзенге сырғанаған қалпы су астына бір-ақ кірдім. Көгілдір су астында көзім ашық , әке деген жан айқайым аузымнан ауа болып қана шығады .Даусымды ешкім естімейтінін сездім , аузымнан шыққан сөздерім тек судың сыңғырына айналады .Көзім аузымнан шыққан дөңгелекдөңгелек ауаның судың үстіне шығып жоқ болып кетіп жатқанын көрсе , құлағым судың дүркіреп ағып жатқанын естіді .Адам жан бермеске тырысады екен .Сәбиліктен өтіп есейсемде ,оң мен солымды енді танып келе жатсам да бойымдағы адамдық күшім сумен арпалысып , бар жігеркүшімді жинап , судан шығайын десем де , құдіретті судың иесі мені женді .Мен де берілмей аяққолымды қозғаймын , шамам жоқ , жанжағым қараңғы да емес жарық та емес көгілдір су тылсымы мен гүрілдеген су дауысы , тереңге тұңғиыққа еш көмек жоқ , өлім мен өмірдің ара сында кетіп бара жатқан мен.Сонымен су мені жеңді , мен еш қауқарым қалмады ,солай бар күшімнен айрылып , ауызмұрнымнан су кіріп есімнен айырылдым...
Бір есімді жисам әкем мені көтеріп келеді , бәрі жылаған , әжем мені ұшықтап , аластап үйге кіргізді , баламыз бір өлімненн қалды деп , Алмагүл деген ауылдасымызға алғысын жаудырып жатты .Мен аман қалғаныма қуанып көзімнен қуаныш жасы тоқтар екмес .Үй іші ушу .Мені кім құтқарды , қалай судан алып шыққанын біле алмай жатырмын , сұрайын десем тілім шықпайды , сөйлей алмаймын , тұрғым келеді тұра алмаймын, бойымда күш жоқ, бірақ ата-анамды, туыс-туғандарымды көріп, қуанып жатырмын. Бәрінің жылаған,күлгенін, мені қалай құтқарғандарын естіп жатырмын.
Мен Ақгүлге киімімді беріп суға түсіп бара жатқанымды ауылда жақсы шомылатын Алмагүл деген апайымыз көрген. Алдында мені ертіп барған қыздардың ішінде ол да бар еді. Балалығымды түсініп, жүгіріп келгенше, менде суға ағып үлгергем. Ол кісі шомылып жүріп, мені әрең тауып алған. Ақгүл де бала болса да, менің аққанымды, бір жамандық болғанын түсініп, үйге жүгірген. Ата-анам да келген, мені де алып шыққан. Менің аузымнан екі шелек су шыққан. Мен солай аман қалғанмын.
Әкем түскі шайдан кейін, жүрегім қатты ауырып тұр деп, бір жамандықты сезіп тұрмын деп анама айтыпты. Жүрегі ауырып, жұмысқа барып, сұранып, үйге жақындағанда анамның үйден асыға жүгіріп шыққанын көріп, өзенге жүгіргенін көріп, ол кісі де жетіпті.
Солай аман қалғанмен, мен не жүре алмаймын, не сөйлей алмаймын. Қатты шошынып қалғанмын. Ауылға баламыз аман қалды деп той жасап, Алмагүл апайға сый-сияпатын беріп, құрметтеп, мені емдетіп, жаңадан аяқ басқан балаша тәй-тәй бастырып,мен бәрін ұмытып, сөйлеп, жүгіріп, балалық өмірімнің қызықты шағына қайта оралдым. Қазір жасым он беске келсе де, осы оқиға менің жүрегімді бір дір еткізбей қоймайды. Ата-анама алғысым щексіз, мені құтқарған Алмагүл апайға рақмет. Туған жеріме деген сағынышым мәңгілік. Туған жерімнің таза ауасы, мөлдір көлі, орман даласы мен үшін әрдайым ыстық. Туған жерге арналған өлең-жырым менің жүрегімнен еркін шығады. Ол- туған жерімнің маған сіңірген таланты.

 

Зейнеп Омирдосқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
Пікір жазу

Ілмектер: туған жер, шығарма