» » » Шығарма: Менің туған өлкем

Шығарма: Менің туған өлкем

Шығарма: Менің туған өлкем казакша Шығарма: Менің туған өлкем на казахском языке
Дильназ Малдыбаева

Шіркін, әр адам үшін туған жер - дүние есігін ашып, ананың ақ сүтінің балдай дәмін сезіп, алғаш рет тәй-тәй қадам басқан, кіндік қаның тамған тұғырлы өлке. Ол жер – сенің алтын ұяң, уақыты келгенде сен де қанаты қатайған балапандай ұшып, оны қалдырасың да, жаңа өмірге бет бұрасың. Бірақ, сол жерде өткізген бала күндерін жылы естелік болып жүрегіңе мәңгілікке қалады. Сол себепті, сенің өз туған өлкеңмен байланысың ешқашан үзілмес, керісінше алыстаған сайын жан-жүрегін елжіреп, сағынышпен күйінгендей боласың.

Менің туған жерім – Қостанай облысының Алтынсарин ауданы. Негізінде бұл жерге алғаш рет қоныс аударған нағашы әжем болатын. Шамамен 1995 жыл болса керек: әжем бұрын-соңды естімеген шағын ғана ауылға көшіп, өмірінің жаңа кезеңін бастады. Бір қызығы әжем Ыбырайды пір тұтқан екен, қатты құрметтеп, балаларына өлеңдерін, әңгімелерін түнде ұйықтарда оқып беретін болған. Оған қоса, бүгінгі күнде мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің оқушысымын, бұл сәйкестік пе, әлде тағдырдың жазғаны ма, білмеймін, бірақ, өз басым оның барлығы бекер емес деп білемін.

Сол жылдары анам оқуда басқа ауылда болды, Алтынсарин ауданына тек тұрмыс құрған соң оралды. Ал 2005 жылдың көктемінде Қостанай облысының, Алтынсарин ауданында дүниеге мен келдім. Балалық шағым сол жерде өтті, сондықтан естеліктер есімде үзік-үзік сақталған. Еш нәрсеге уайымдамай, еркін өмір сүрдім, бастысы – бақытты болдым. Аулада ойнап, көршілердің тәтті алмаларын жұлып, күліп жүргенімнің көрінісі есімнен шықпай, әрдайым жылулық сезіміне бөлейді. Қазіргі күнде мен қалада тұрамын, сол себепті туған өлкеме сирек барып тұрамын. Соған қарамастан, барған күнімде, туған жерімнің тап-таза ауасын жұтып, биіктігі аспанменен таласқандай болып көрінетін ағаштардың арасында серуендеп, тынығып, ләззат аламын. Шынымен де, атамекенімде менің жаным тынышталады – мазалап жүрген ойлармен қоса керек емес уайымнан ойымды босатамын, еркіндіктің дәмін сезінгендей күй кешемін. Неліктен? Өйткені, бұл жер – мендік, менің жақұтым.

Отаным кішкентай болғанымен, оған деген махаббатым өлшемсіз. Ұзын көшелердің бойымен тізбектелген шағын үйлер, үйіміздің жанында орналасқан өзен, ондағы қаздар мен аққулар, көгорай шалғын арасында ойын қуып жүрген сәттерім – бәрі де менің махаббаттымның шексіздігіне апарады. Еске алған сайын, бұл жер – мен үшін аса қымбат әрі киелі екенін қайта-қайта аңғарамын. Мен үшін туған жер тірі адамдай, жай адам емес, жүзі жылы, маған күлімдеп күн нұрын шашатын, өз көзқарасымен жанымды ыстық шайға салған қанттай ерітетін, мені сезе білетін ерекше жан. Кейде оған барып, сәлемдеме жібермегеніме еріксіз өкінемін – қалайша жаныма жақын Отаныммен жүздесуге уақыт таппай қаламын?! Сонда да, оның өнін қанша сирек көрсем де, оған деген махаббатымның жалыны ешқашан өшпек емес.

«Туған жерім-ай, сенде өткен ғұмыр қандай ғажап!» деп анда-санда сағыныш сезіміне батып, оның менің өмірімдегі рөлі қандай маңызды екенін қайта түсінемін. Осы жердегі өмірім мені көпке үйретті, бойыма асыл қасиеттерді дарытты. Сол үшін, Отан-анамның алдында басымды иіп, туған жерге тағзым етемін!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 17 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Менің туған өлкем туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Менин туган олкем на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Менің туған өлкем, шығарма Менің туған өлкем туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение про Менин туган олкем на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Менің туған өлкем, Шығарма: Менің туған өлкем шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы