Орыс хан

Ақ Орданың ханы болған. П. Савельев, А. Ю. Якубовский, П. П. Иванов Натанзияның «Му ин-ад-дин» атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан – Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды. Басқа мәліметтер («Бахр әл-Асқар», «Таурих-и гузилдайы Нусреатнама») бойынша, Жошы ханның.......
Рефераттар
Толық

Ораз Мұхаммед хан Онданұлы (1573-1610)

Ораз Мұхаммед - Жошы әулетінен шыққан қазақ сұлтаны, Қасым хандығының ханы. Ондан сұлтанның баласы, Тәуекел ханның немере інісі, Орыс ханның жетінші ұрпағы. Ораз Мұхаммед орыс жылнамаларында «қазақ ордасының ханзадасы» деп аталған. Ораз Мұхаммед 1586 жылы өз қарашасы Қадырғали Жалаиримен бірге Сібір хандығының астанасына келеді. Сібір ханы Сейдахметпен (Сейдек, Сейдақ) Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде........
Рефераттар
Толық

Нұралы хан (1704–1790)

Нұралы (1704–1790) — Кіші жүз ханы (1748–1786). Әбілхайыр ханның үлкен ұлы. 1948 жыл әкесінің қайтыс болуына байланысты орнына таққа отырды және хандық дәрежесі Ресей тарапынан бекітілді. Оның хан сайлау рәсіміне Ұлы және Орта жүздердің өкілдері де қатысты.

Бастапқыда шешесі Бопай ханымның ақылымен әрекет жасап, әкесінің саясатын жалғастыруға тырысты. Ол Ресей әкімшілігінің Жайық бойын отарлауына барынша қарсылық көрсетті. Орыс патшайымы.......
Рефераттар
Толық

Мәуленов Сырбай (1922 - 1993)

Мәуленов Сырбай (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973).
1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы.......
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Премьер-министр Аи-92 маркалы бензиннің бағасын өсірмеуді талап етті

Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Премьер-Министр Серік Ахметов алдағы бір жарым айда Аи-92 маркалы бензиннің бағасын өсірмей ұстап тұруды тапсырды.

Ресейден қажетті көлемде ашық түсті жағармай түрлерін тасымалдау мәселесіне тоқталған ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин "Аи-92 маркалы бензин тиісті көлемді өндірілмегендіктен, мұнайдың осы өнім түрі сырттан жеткізілетінін баяндады.

"Бүгінде республикадағы мұнай-газ базаларында Аи-92 маркалы бензиннің қоры 244 мың тонна, Аи-80 бензині 86 мың тонна, сондай-ақ дизель отын көлемі 300 мың тоннаға жуық. Егер біз бағаны өсірмесек, бұл жағармай көлемі 45 күнге жетіп қалады", - деді министр.

Осыған байланысты Ұзақбай Қарабалин АИ-92 бензиніне бағаны ұстап тұрғанымен, оның қоры таусылғаннан кейін осы маркалы жағармайдың тапшылығы туындайтындығын жеткізді.

Өз кезегіндеҮкімет басшысы министрлік Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірлесе 1,5 айдың ішінде қор таусылғанша АИ-92 бензиніне бағаны өсірмеу үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Бұл тұрғыда Серік Ахметов жағармай құю стансаларында баға негізсіз көтерілген жағдайда олар тиісті жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Жаңалықтар
Толық

Ұста

Ұсташебер, ісмер адам. Түрлі материалдардан тұрмысқа, күнделікті өмірге қажетті заттар, бұйымдар жасаған. Ұстаның негізгі құралдары: көрік, төс, ерітетін ожау, балғалар, көсеу, бұрғы, қашау, егеу, шеге, сым, қалыптар. Ұста қалыпта құю, соғу, шегендеу, қара бағдар қондыру, зер жүргізу, сіркелеу сияқты тәсілдерді қолданған. Қазақстан аумағындағы ұсталық өнер қола дәуірінен бастап кеңінен дамыған. Жасайтын материалына не бұйымына қарай дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталар мүйізші, ерші, тоқушы (шыбық тоқушы), ағаш оюшы, сазгер, майдагер, мыскер, балғашы, таспашы, бәдізші, темірші, т.б. болып........
Шығармалар
Толық