Қазақ әдебиеті | Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік сипаты

КІРІСПЕ
Өнер мұраты – халықты бір-бірімен жақындастырып, рухани жағынан үндестіру. Оның ішінде, әдебиет – халықтың ой-санасын өсіріп, кемелдендіреді. Әдебиет халықтың рухани асыл қазынасы болғанымен, оны жасайтын халық ішінен шыққан дарын иелері.Сондықтан да жеке адамдар жасаған әдебиет туындыларын сандаған ұрпақ оқып,одан ұлағатты ой, өнеге-үлгі алады. Тәлімдік, тағлымдық тұстары мол. Поэзияның өнер мүлкі ретінде қыр сыры мол жанр. Сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда, әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуінде эстетикалық арсеналдары түрліше.
Ақын – қоғамдық тұлға. Ақынның әдебиеттен алатын орны ақынның өмір сүрген қоғамдық ортасымен, заманымен тығыз байланысты. Ақын шығармаларының құны өзі өмір сүрген замандағы қоғам мен өмір шындығын қаншалықты көрсете білді, қоғамға қаншалықты әсер ете алды, сонымен өлшенсе керек. Адам жанының тереңіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының басты ерекшелігі – ой мен сезімнің тең қабысып отыруы. Ал, нағыз лирик осы қос қасиетпен оқырман жүрегін сәулелендіріп отыруы тиіс. Бұл әрине, қалам ұстаған кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтін, тек сирек талант иесіне ғана бұйырар шығармашылық бақыт.
Бұл ретте әрине, аға буын өкілдері: Ә.Тәжібаев, Д. Әбілев, А. Тоқмағамбетов, М. Әлімбаев, Х. Ерғалиев, Ғ. Қайырбеков, С. Мәуленов, С. Сейітов, Т. Әбдірахманова, К. Салықов, Қ. Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев, т.б. азаматтық-философиялық түйін-тұжырымдарға толы өлең-жырлары, О. Сүлейменов пен М. Шахановтың азаматтық мәселелерге батыл үн қосуы, сол секілді Т. Молдағалиев, С. Жиенбаев, Қ. Жұмағалиев, Ж. Нәжімеденов, С. Иманасов, Ө. Нұрғалиев, Қ. Мырза Әлі, М. Мақатаев, К. Мырзабеков, Ж. Әбдірашев, Ш. Сариев, Т. Медетбек, Ұ. Есдәулет, И. Сапарбай, И. Ғайып, С.Тұрғынбеков, Ж. Ерман, А. Егеубай, А. Әлім, С. Адай т.б. өмірі мен өнерге адалдық танытып, қазақ өлеңін дамыту ісінде қайсар мінез бен қаламгерлік қарымдылық көрсетуі көңіл қуантады.
Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар, ізденіс пен ізгілікке жаны құштар, жүрегі жырға, көңілі нұрға толы талантты ақындардың бірі – Жүрсін Ерман.
Қазақ әдебиеті тарихының күрделі дәуірлерінде XX ғасырдың 60-90 жылдарының алатын орны ерекше. Аталмыш кезеңде қоғамдағы сәл де болса “жылымықтың” нәтижесінде қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп келуіне мүмкіндік берді. Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясы дүниедегі аса құдіретті, күрделі жаратынды – Адамның жан әлеміне үңілумен, адам болмысына назар аударумен ерекшеленді.
“Аталған жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің ұлттық көркем өнердегі терең тамыры нәзік арқаудан нәр тарта дамуға талпынған бет-бағдары болатын. Бұл жылдар аралығындағы лирика шын мәнінде тасты жарып шығып гүл атқан қызғалдақтай көзге ыстық тартқаны рас” /1.106/. Шынында да осы жылдары поэзиямыздың жаңа дәуірі басталды. С. Жиенбаев, М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, Ж. Нәжімеденов, Қ. Мырзалиев, К. Ахметова, О.Сүлейменов, Т.Молдағалиев, Т. Айбергенов т.б. өздерінің ақындық таланттары арқылы қазақ өлеңдеріне үлкен серпіліс, жаңа өрлеу кезеңін ала келді.
Өмірі мен өнерін өлең-ғұмырға сыйғызған ақынның көп жылдық шығармашылық еңбегінің әр алуан кезең еншісінен орнын ойып алып, әдебиет майданы күрескерлерінің қаламына ілігуінің өзі де заманға сай заңдылық. Осы жылдар поэзиясының ізін басып, өнердегі өзіндік мінезімен алдыңғы топтан көрінетін Ж. Ерман поэзиясы – біздің бүгінгі жұмысымыздың басты арқауы да. Бұл орайда «Ақын қуанса, шын қуанып, мұңайса, шын мұңаяды. Оның бір жырдан екінші бір жырға көшіп отыратыны лирикалық кейіпкерінің жан-дүниесіндегі толқыныстар ауыл, аймақ, керек десеңіз кейде ұлт пен ұлыс шекарасынан шығып, жалпы азаматтық толғаныстар кеңістігіне көтеріледі. Ол аспанмен тілдессе де, жермен сырласса да, бір қызығы, сені досыңмен сөйлестіргендей, тілдестіргендей ерекше бір халге бөлейді» деген Ш.Айтматовтың пікірінен біраз нәрсе аңғарылады /2,12/.
Абай әлеміне еркін еніп, оның өлең сөздегі дәстүр -өнегесін лайықты жалғастырған қазақ ақындары /Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт т.б./ көркемдік рухани мәселелерді ,адам мен оың еңбегін ,өмір тұрмысын терең толғады.Ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашып, биік белестерге көтерген – С. Мұқанов, Ә.Тәжібаев, Т. Әбдірахманова, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков, М. Әлімбай, М. Айтхожина, Ф. Оңғарсынова, А. Бақтыгереева, Н. Оразалин, О.Сүлейменов, Қ. Мырза Әлі, Қ. Бұғыбаева, М. Шаханов, Т. Медетбек, Ө. Нұрғалиев, С. Иманасов, Р. Ниязбек, Ж. Әбдірашев, К. Мырзабеков, А. Егеубаев, Ж. Жақыпбаев, Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, И. Ғайып, Т. Оразбаева, Б. Серікбаев, Г. Салықбаева, Т. Әбдікәкімов, Н. Мәукенлы, т.б. ізденіс-еңбектері, көзқарас эволюцияары, кеше-бүгін мәселесін жырлаудағы амал-тәсілдері қалың көптің көңілінен шығып, рухани нәр сыйлады. Аталған ақындар шоғырының бел ортасында өлең -өнердің өз өкілі – осы буын жасаған поэзияны жалғастырып, өзіндік даралығымен келген ақынның бірі – Жүрсін Ерман.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жүсіп Қыдыров лирикасының тақырыптық ерекшелігі

Кіріспе
Әр дәуірдің өз ақыны болады. Ал, әр дәуір өз ақынын туғызады десек, біз сөз еткелі отырған ғаламат ақын Жүсіп Қыдыров шығармалары өз заманының тұтас бір шежіресі секілді; көз алдыңа жан-жақты жүрек тебіренісімен, асқақтаған өз үнімен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де шыншыл отты сөзбен жасалған тұлғалармен сомдалған соны дүниені қарсы алдыңа жайып салады.
Иә, сонау 1960 – жылдары ұланғайыр қазақ поэзиясына еркіндей кірген бір топ дарынды ақындардың ішінде ақын Жүсіп Қыдыров та өзіне тән қолтаңбасымен, форма жағынан өзінше ізденісімен, көркемдеуші құралдардың жаңа да, тың бір түрлерін тапсам деген талпынысымен көзге түскен еді. Оның небәрі қамшының қысқа сабындай ғана ғұмырында поэзия әлеміне жасаған қарымды қадамы өте сәтті болды деп айтуға толық негіз бар. Яғни поэзия - өмірдің сән берер әрі, сөл берер нәрі. Абай сөзімен айтсақ:
! Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.»
Міне, осы өнерді өрге сүйреп, уақыт өзгерісін сергектікпен қабылдап, ақын деген ардақты атты қадір тұтқан көрнекті өкілдерінің бірі де, ақын Жүсіп Қыдыров еді.
Демек, парасатты ақынның артына қалдырған мұралары қазақ әдебиетінің үлкен бір тарихы, ол әлі жан-жақты зерттеуді керек ететін аса ірі рухани байлық. Жүсіп өзі өлгенмен, ақынның артына қалдырған отты жырлары өлген жоқ, өлуге тиісті де емес. Данышпан ақын Абайдың сөзімен айтсақ:
! Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»
Иә, бұл нағыз шындық!
Ерсіз елдің өсіп-өнуі жоқ дегендей, халқының аяулысы, поэзия заңғарындағы жарық жұлдыз, ақын Жүсіп Қыдыров сүйікті халқын қандай да қиын-қыстау заманда өзінің сан қырлы шығармаларымен сүйсіндіре білді. Бірақ, Жүсіп жырларының сырлы құпиясы өз кезінде талай тағдырлы сын мен мінді, бағалау мен даттауды бастан кешірді. Алайда, ақын ешбір тайсалмады, берілмеді, ол қазақтың бай сөз өнерін өз бойына толық сіңіре қабылдай отырып, қажырлы ізденісті еңбегінің арқасында поэзияда қалыптасып орныққан өлшем - өрнекті керекті жерінде қырлап - өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан асқан шеберлік қырын таныта алды. Осы негізде жаңа өлшем, тың тақырып, ұйқас түрлерін қолдана отырып, ұлттық поэзияның ырғақтық, формалық, көркемдік бояу, әуезділік байлығын молықтыра түсті.
Демек, біздің қарастыратынымыз, Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың иегері, ақын Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдік ерекшелігі болмақ.
Сөз жоқ, Жүсіп Қыдыров шығармашылық қырлары сан алуан дарын. Ол – драматург, ол – зерттеуші, ол – аудармашы. Десе де Жүсіп талантының басты белгісі – ақындығы болып есептелсе керек. Алайда бір өкініштісі, Жүсіп Қыдыровтың лирикасы, шығармашылығы туралы бұрын да, тіпті бүгінде де зерттеу еңбектер жазылған жоқ, ал мақалалар жазылмады деп айта алмаймыз. Оның поэзиясы туралы: М. Қаратаев, Ә. Кекілбаев, Д. Досжан, Қ. Ергөбек, Қ. Мырзалиев, Б. Алдамжаров, Ф. Сахиев, Б. Айнабеков сынды әдебиеттанушы ғалымдар мен жазушы-сыншылар өз пікірлерін білдірген еді.
Жүсіп қаламының қуаты, құдіреті – желмен жарысып жаңалық ашуында емес, топырақпен табысып, дәстүр тілін дамытуында, қазақтың қара өлеңінің кем - кетігін түгендесіп, келісім кестесінде өзінің қасиетті қолтаңбасын қалдыруында, бүтін ғұмырын қазақ өлеңінің ұлттық үні мен сырын естіртуге бағыштауында, қатардағы қарабайыр құбылыстан шырайлы шындық туғызуында, сөйтіп қазақ халқының көркемдік тұлғасын біртұтас көркемдік жүйе арқылы бейнелеуінде. Сөзінде кездесетін әдемі әуез, сыршыл ырғақ кейде жүректі тебірентіп, кейде мұңға батырып, алыс арманға құлаш ұрғызады, кейде мына әлемнен басқа әлемді ұғындыратын, тылсым дүниенің қаттылығы мен тәттілігіне тәнті етеді, көркем ойды сұлу суретпен өзіне тән айшықпен өрнектей отырып, сөз құдіреті арқылы құлаққа жылы үн, көңілге әдемі әсер қалдырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Көмекші мектептің 5. 7. 9 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту

КІРІСПЕ
Зерттеудін көкейкестілігі. Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың өзекті мәселерінің бірі - мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін үйрету және оқыту.
Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады.
Аталған проблеманың әуезділігін және осы кезеңге дейін қазақ тілінде әдістеменің жоқ болуына байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын -көмекші мектептің 5,7,9 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту деп алдым. Сондықтан, біздің жұмысымыздың зерттеудің мақсаты:
Қазақ тілінде оқитын көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша жіберетін қателер түрін анықтау.
Сондай-ақ, қазақ тілінде оқу жүргізілетін көмекші мектепке арналған «Сөз құрамы» тарауына әдістемелік құрал жазу.
Зерттеудің міндеттері:
1) Әдебиеттерге шолу.
2) Бақылау эксперименті арқылы 5,7,9 сынып оқушыларының «Сөз құрамы» бойынша жіберген қателерінің түрлерін анықтау.
3) Қателерді түзету жұмысында қолданылатын тиімді тәсілдерді жүйелеу.
Зерттеу пәні қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектептегі түзету-дамытушылық оқыту үрдісі.
Зерттеу әдістемесі:
1) Көмекші мектеп 5,7, сынып оқушыларының құжаттарымен танысу.
2) 5,7,9 сынып оқушыларына зерттеу эксперимент өткізу.
3) 5,7 сынып оқушыларының эр түрлі жазу жұмыстарын зерттеу, нәтижесін талдау.
Зерттеу базасы:
Мәлімет бойынша сапалы және сандық талдаулар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: алғаш рет көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» бойынша білімі зерттеліп мағлұмат алынып отыр.
Зерттеудін практикалық мәнділігі:
1) Зерттеу барысында мағлұматтарды, нұсқауларды ескере отырып,
көмекші мектеп оқушыларымен жұмыс барысында сапалалығын арттыруға болады.
2) Зерттеу қорытындыларын көмекші мектепке арналған оқу әдістемесін құрастыруында негізге алуға болады.
3) Зерттеу нәтижесі жасалған тұжырымымен нұсқауларды көмекші мектеп оқушыларына оку үрдісінде қолдануға болады.
Зерттеу өзектілігі- «Сөз құрамы» тақырыбына арналған орыс тілі бойынша зерттеулердің көп екенін көрсетті. Бұл зерттеулердің негізін қалаушылар: М.Л.Закожурникова, М.Р. Львов, Т. Г. Рамзаева, Г.Ф. Суворова, Г.А. Фомичева, В.Г. Шашкова.
Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптары бойынша, бұл тақырып Д.Алимжанов, Р.Әміров, А. Жунисбеков, Б.Балакаев, С.Қазыбаев, С. Рахметова еңбектерінде айтылған.
Көмекші мектепке арналған орыс тілінің әдістемесінде бұл тақырып, тек Н.М.Барская және Л.А.Нискевич еңбектерінде қарастырылған.Олар жұмысында «Сөз құрамы» бойынша білім және дағды көлемдерін кесте түрінде көрсетіп, тәжірибелік жаттығулар үрдісінде белгілі бір түсініктерді ұғынуға бағытталған жалпы әдістемелік нұсқауларды ұсынады. Бірақ, ақыл-ойы кем оқушының ерекшеліктеріне сай оқыту мерзімін көрсетпеген, жұмыстың жүйелілігі мен бірізділігін толық ашып бере алмаған, сондай-дайындық жаттығуларына онша назар аудармаған.
Бұл мәселе бойынша біздің жүргізген арнайы зерттеулердегі бағытталған талдаулар, мүмкіншілігі шектеулі оқушыларға грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы тәжірибелік қажеттілікпен көмекші мектеп-интернаттың кәсібі іс-әрекетіне бағытталған әдістемелердің аздығы арасындағы объективті қайшылықтың бар екенін айқындады, яғни 5-7 сынып оқушыларына «Сөз құрамы» тақырыбын оқыту-үйрету үрдісінде грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын қалыптастыратынын айқын баяндайтын әдістемелік құрал жоқ.
Осыған орай, зерттеу мақсатын айқындадық-көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын жемісті меңгеруіне көмектесетін, түзету-әдістемелік жұмыстың ғылыми негізделген жүйесін құрастыру.
Зерттеу мақсатынан тәмендегідей міндеттер шығады.
Бұл мәселе бойынша қазіргі заман ғылыми-әдістемелік зерттеулер күйін анықтау....
Дипломдық жұмыстар
Толық

5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту

Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байла-нысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алды-мен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, психологиялық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.
Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.
Жеке бала – бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйеқұрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның ....
Курстық жұмыстар
Толық

3 сыныпта математика сабақтарында техникалық құралдарды қолдану жолдары

Оқушыларын оқу еңбекке баулуда, олардың білімге құштарлығын, өзара жарасымды достығын, эстетикалық сезімін тәрбиелеудегі ролі орасан зор.
Бастауыш сыныптарда техникалық оқу құралдарын қолдану мәселесі мүлдем назардан тыс болды деп айта алмаймыз. Арнайы зерттелмесе де, бұл мәселенің маңыздылығына мән беріп, тілге тиек еткен ғалымдар
С. Рахметова, Б. Құлмағанбетова, Н. Оралбаева техникалық құралдардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларына мазмұндама жаздыруға болатындығын өз еңбектерінде қамтып көрсеткен.
Сонымен қатар «Бастауыш мектеп», «Начальная школа» журналдарының жекелеген тақырыптарында оқыту барысындағы техникалық оқыту құралдары мен көрнекіліктердің маңызы жайлы мақалалар кейінгі....
Курстық жұмыстар
Толық

9-сыныпта стилистиканы оқыту

Стилистика – тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Курстың мақсаты – студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру.
Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары оқу орындарында филолог маман дайындауда стилистика курсының міндеті – студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы, стилистикалық нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі туралы мағлұматтар беру; тілдік құралдарды пайдалану контекстің стильдік реңіне байланысты болатындығы....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих филология | 7-8 сыныптардағы араб тілі сабақтарында жаттығуларды ұйымдастыру жолдары

Кіріспе.


Орта мектепте оқытылып жүрген оқу пәндерін талдағанда, олардың әр тектес екені байқалады. Оқу пәндердінің бір тобы – білім негіздері деп аталатын пәндер. Бұлар – химия, физика, биология т.б. пәндерді мектепте оқытудың негізгі міндеті – оқушыларға ғылымдардың әр саласынан білім беру. Оларды оқытуда практика, іскерлік, дағдылар білімге қарағанда бағынышты қызмет атқарады. Екінші топқа эстетикалық пәндер жатады (музыка, бейнелеу өнері, әдебиет). Бұл пәндер оқушыларды көркемөнер әлемімен таныстырады. Олар ең алдымен тәрбиелік қызмет атқарады. Еңбек, денешынықтыру сияқты пәндер белгілі бір іс-әрекетке үйретеді. Олардың міндет – жеке адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және дене еңбегіне байланысты нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Орта мектепке оқытылып жүрген пәндердің ішінде «ана тілі», «орыс тілі» және «шет тілі» пәндері ерекше бір топ құрады. Бұл пәндердің міндеті – коммуникация жүйесін қалыптастырып, тілдің қатынас құралдарын меңгерту. Тіл пәндерінің жоғарыда аталған алғашқы екі топтан ерекшелігі: мұнда тіл туралы білім өздігімен маңызды емес, жаңа хабарламаның, басқа салада жаңа білім алуда қамтамасыз ететін іскерліктер мен дағдылардың маңызды зор. Үшінші топ пәндерінен тіл пәндерінің негізгі айырмашылығы сол, онда қалыптастырылатын сөз іскерліктері мен дағдылары дене еңбегіне емес, ой еңбегіне тән іскерліктер мен дағдылар.
Әсіресе, орта мектептерде шетел тілдері ішінде араб тілінің орны ерекше. Бұл тілдің «ана тілі» мен «орыс тілі» пәндеріне көптеген ұқсастықтары бола тұрса да, өзіндік біршама ерекшеліктері де бар. оның ана....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Алма гермоплазмасының криогенді коллекциясын жасау

Жемісті культураларды генетикалық жақсартудың негізгі шарттарының бірі – шаруашылыққа құнды белгілерге ие өсімдіктердің жабайы формалары мен мәдени түрлерінің генофондын сақтау болып табылады. Қазіргі кезде өсімдіктердің генетикалық материалын сақтаудың бірнеше тәсілі бар. Бәрінен бұрын, бұл далалық гендер банкі мен помологиялық коллекциялар.
Әлемдік практикада генетикалық материалды сақтаудың дәстүрлі формаларын толықтыру ретінде баяу жүретін метаболизмді қамтамасыз ететін, гермоплазма үлгілерін in vitro криоконсервациялаудың биоинженерлі әдістері кең қолданылады.
Криоконсервацияның артықшылықтары: егу аудандарын үнемдеу, вирустар мен патогенді микроорганизмдерден таза өсімдік алу, көбею коэффициентін мың есе арттыру, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктердің сорттары мен формаларының генофондын ұзақ уақыт сақтау мүмкіндігі [1].
Криосақтау – бұл өсімдік ұлпаларын, мүшелерін және клеткаларын терең мұздату және өте төмен температурада сақтау әдісі (-1960C). Бұл обьектілердің генетикалық сипаттамаларын кез келген мерзімде сақталуына мүмкіндік береді. Бұл әдіс арқылы әр түрлі материалдарды, бөліп алынған протопласттардан бастап ұрық пен тұқымдарға дейін сақтауға болады [2].
Жұмыстың мақсаты алманың селекциялық құнды сорттары мен формаларының криогенді коллекциясын жасау және алма гермоплазмасын сұйық азотта сақтау ұзақтығының әсерін анықтау болып табылады.
Міндеттері:
- пробиркалық өсімдіктердің апикальды меристемаларын бөліп алу және культивирлеудің әдістемелерін жетілдіру;
- алма меристемаларын криосақтау әдісінің оптимизациясы;
- алма гермоплазмасының коллекциясын жасау. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық