Мұғалім үстелі мен орындығын балаларға темір пештің жанына жылжытқызып қойдырып алды. Сөйтті де, өзі сол жерге отырып алып сабағын беріп отырды.
Осы кезде мектептің завучы сыныптарды аралап жүр еді. Кезек осы сыныпқа келді. Завуч есікті ашып көрді де, өз көзіне өзі сенбеді. Мұғалімнің үстелі мен орындығы жоқ еді. Завуч ішке бас сұқты. Сонан соң пештің жанында отырған мұғалімді көрді.
- Мұның не? - деді завуч ренжіп. - Үстел мен орындықты орнынан неге жылжытасың?
- Онда тұрған не бар? - деді мұғалім аспай-саспай тура бір завучтың қитығына тигендей. - Кластың ішінде отырмын ғой. Кластың қай жерінде отырып сабақ берсем де дауысым, әйтеуір, балаларға естіліп тұрса болды емес пе?.....
Түскі шайын ішіп болысымен, апасы кейде бұған: "Маған "Қыз Жібекті" қойып берші", - дейтіні бар. Бұл далаға ойнап кеткісі келіп тұр еді, енді апасы айтқасын, қойып беруі керек.
Радио үлкен бөлмеде тұрады. Апасы сол бөлмеге өтіп, қасына сүйеніп отыратын жастығын алып, жырды тыңдауға дайындалып отырар еді. Бұл радионың кішкене түймесін басады. Түймені басқанда, радионың бетінде аппақ самаладай жарық сәуле жарқырайды. Егер осы түймені қайтара басса, самаладай сәуле сөніп, радионың жарты бетінде қызылды-жасылды жарық бірқалыпты жанып тұрар еді. Егер мынау жатқан күйтабақтардың арасынан эстрадалық бағыттағы күйтабақтардың бірін алып ойнатса, мына қызылды-жасылды жарықтар дауыс пен әуеннің ырғағына сай жанып-сөне бастар еді. Егер әншінің даусы тым биікке көтеріліп тұрып алса, жарықтардың ішіндегі ашық, көгілдір сәулелі жарық өзге жарықтардан ерекше бөлініп барынша шұғыла шашқан күйі тұрып қалар еді де, әншінің даусы төмен түскенде барып, көк шұғыла да іле-шала сөне қалар еді. Ал егер әншіні сүйемелдеуші музыканттың гитарасының даусы әуенді қайырмалап ойнап тұрып алған сәтте, жарықтардың арасынан ашық қызыл шұғыла сәуле ғана жарқыраған күйі бөліне жанып, сол күйі тұрып қалар еді де, әнші әнді жалғастырып кеткенде, қызыл шұғыла да іле-шала бәсеңси қалар еді. Қазір апасы "Қыз Жібекті" қойып беруді сұрап отыр. Дәстүрлі бағыттағы әндерді қойғанда, қызылды-жасылды жарықтар эстрадалық әндерді қойғандағыдай аса құбылып ойнай бермейді. Тек жыршы даусын көтеріп "әу" деп қалған сәтте ғана, манағы көгілдір сәулелі жарық бір мәрте жарқ ете түсіп, іле-шала тез сөнеді. Дәстүрлі әндерді ойнатқанда, ең бастысы, бұл жарықтарды сөндіріп қойған дұрыс. Өйткені дәстүрлі бағыттағы әндердің басты қасиеті әуеннің ойнақылығында емес, сөз, сөздің құдіреті, сөздің қасиетінде жатар еді. .....
Әнеттің әйелінің ауылда тұратын шешесі дүние салған еді. Осыған байланысты Әнет әйелі екеуі соған баруға жиналды. Әнеттің өзі бірнеше балаға әке болған, балалары есейіп кеткен үлкен кісі ғой. Балаларының әлі жас кезінде қалаға келіп тұрақтағандары болмаса, өзі де, әйелі де сол ауылда туып-өскен. Әрі екеуі сыныптас.
Әнет ауылға келді. Көпшілік жиналып, үлкен кісіге қызметін жасасып жатты. Әнет те солармен бірге ортасында жүрді. Үлкен кісінің жамбасын жерге тигізетін күні үйге Жәмет келді. Жамет кеше де келіп кеткен. Дүние салып жатқан үлкен кісінің балаларына, қыздарына, жақындарына көңіл айтып шыққан еді. Енді бүгін де келді. Және осы үйге етене жақындығы болмаса да, өзінің жұмыстағы кісі екендігіне қарамастан, осы үй жақта болды. Үлкен кісіні де бейітке қойғанда Жәмет оның балаларымен, жақындарымен бірге еріп барып қойысып келді. Жәмет, негізінен, Әнет пен әйелінің он жыл бірге оқыған сыныптасы еді. Мүмкін осы жерге айналып жүруінің де бір себебі осында болса, екінші жағынан дүние салып жатқан үлкен кісіге деген құрметі, оның балаларына деген тілеулестігі де болар. Жәмет ұзын бойлы, кең иықты келген жан. Ол да бірнеше балаға әке болып отырған кісі. Оның да балалары ересек. Жәмет осы үйде жүргенде үнемі сыныптасы Әнеттің жанында жүрді. Әңгімелессе де, сонымен әңгімелесіп тұрды. Бейіт басына барғанда да Әнеттің жанында бірге кетіп бара жатты. Бейіт басынан келе жатқанда да Әнетпен бірге әңгімелесіп келе жатты. Бейіт басынан келгеннен кейін де Әнет екеуі өзге кісілермен бірге ауланың ортасында өзара әңгімелесіп тұрған еді. Бір кезде Әнет Жәметке тесіле қарап тұрды да, оның жанына жетіп барып: .....
Тәуелсіздік - барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ – отаншыл халық. Қазақтың отаншыл жүрегі – өрлік пен намысқа, ерлік пен жауынгерлікке толы, «Құлқынның құлы болма, отанның ұлы бол», «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», - деп айтуы осыдан. Отан – табиғи, тарихи, әлеуметтік, саяси, мәдени орта, адам баласының тіршілігінің негізі. Әр халықтың өз Отанын сүюі - заңдылық. Егер біз пендешілік жасамай, өз ұлтымызды «елден ерек, көптен бөлек» деп қарамай, оны адам баласының құрамды бөлігінде қарап, басқа ұлтқа өгейлік көрсетпесек, отансүйгіштік, ұлтжандылық, жасампаздық қасиетімен жарқырай түсер едік. Қазақ халқының Отаны, туып-өскен, кіндік қаны тамған басқа қазақстандықтардың Отаны - Қазақстан. Оның үстіне Қазақстан – қазақ халқының ата мекені. Ұлттық патриотизммен Қазақстанды өз Отаны санаған басқа ұлт өкілдерінің патриотизмі бір арнаға қосылып, бүкіл қазақстандық патриотизмді құрайды. Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік біздің халыққа тегін келмеді. Талай ұрпақ зар жылап, жапа шекті, өмірлері өксікпен өтті. Тәуелсіз Қазақстан...Қандай ұлы ұғым. Жаныңды жадыратып, көңіліңді көтереді. Отансүйгіш ұрпақ сол тәуелсіздікті баянды етуге қызмет етуі керек. Ең алдымен еліміз саяси тәуелсіздік жариялады. Біз тәуелсіз елміз. Тарихқа уақыт қас-қағымдай. Өйткені ғасырларды құшақтап, аясына алған уақыт талай халықтың, талай ұлы империялардың тәуелсіздігін көрген... Солай бола тұрса да, бізге біздің өз тәуелсіздігіміз қымбат. Ол бізге қымбат – ата-бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат-сөнген мемлекетіміздің отын маздатып,жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат – елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат – ата-тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! «Тәуелсіздік» деген – жай термин сөз емес. Тәуелсіздік, шын мәнінде, ауқымды да терең құбылыс. Ол ең алдымен саяси тәуелсіздік.
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Благовещенка селосы «Благовещенка №2 орта мектебі» КММ Кітапханашы: Каменова Айгүміс Қайсақызы